Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Менің Қазақстаным».
  • 11.02.2016
  • 477 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16080

Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным».
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.Оқушылардың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2.Дамытушылық.Сөз қорын, ақыл-ойын молайту.
3.Тәрбиелік.Адамгершілікке, отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, слайд, шарлар, жалау, әнұран музыкасы, суреттер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру.
Оқушылар назарын сабаққа аударту, орындарынан тұрғызып әнұран айтқызу.
ІІ.Негізгі бөлім.
Мұғалім: Тыңда, дүние ғаламат,бар адамзат!
Бүгін біздің сыныпта думанды күн!
Барлығыңызға дауыстап ұран айтып,
Тойлаймыз бүгінгі алғашқы білім күнін

Мұғалім: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі әнші, өзі ақын халықта
Кім айта алар болмаған деп әнұран.
Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын!
Оқушылар хормен музыканың сүйемелдеуімен әнұранды шырқайды.Әнұран айтылғанда Қазақстан Республикасының туы,елбасы суреті,Ата заң,Астана қаласы,ондағы ескерткіштер,қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі.
Мұғалім: Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт-санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата-бабаларымыз қалай аңсады десеңізші!
Ия, біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату –тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз.
Рас, сұлу табиғат, бай өлке бізде. Оны ақын жырлары да растай түскендей.

Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ?
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап
Мұғалім: Ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болсын деп армандаймыз!

Тәуелсіз елдің жырын жырлап ғарыштан
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан
Келешегі кең өрісті кемелді
Жайна мәңгі Қазақстан гүлстан!
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан –байтақ Республикам бұл менің!
Мұғалім: Ендеше кезекті Отан, туған жер, туған тіл туралы оқушыларымыздың өлеңдеріне берейік.


Перизат:
Кең жазира құтты мекен – гүлістан.
Арай таңым, бақыт берген шығыстан.
Қасиетті анам - өзің, туған жер.
Бабалардан келген мұрам-Нұрсұлтан.

Қуаныш:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын

Әбу Сәрсенбаев өз өлеңінде
Мен қатерге қарсы бардым сен үшін,
Көкірегімнен қан төгілді сен үшін
Саған жетер қасиет бар ма жаһанда,
Сен –ұлысың, адам-сенің жемісің.
Рас, шынында да біз ХХІ ғасыр ұрпақтары өз еліміздің жемісіміз. Отанымыз бізді өсірді, жеткізді және алдымызға таудай талаптар қойды. Біз Отанымыз үшін қандай жақсылықтар жасаймыз? Оның сенімін қалай ақтаймыз?
Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Ал енді балалар Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Нұрсұлтан:
" Отан үшін отқа түс –күймейсің."
" Елің үшін аянба-ерлігіңе сын
Жұртың үшін аянба –жігіттігіңе сын. " Б.Момышұлы


Жұлдыз:
" Туған жердің намысы, бөтен қолда кетпесін."
Қ.Рысқұлбеков
" Алтын анам Отаным, сеннен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ -деп ер-қайратыңа мін-дағы, өрге бас."
М.Әуезов
" Туған ел дүниеде сен болмасаң,
Өзімді отқа атар едім әлдеқашан."
Қ.Аманжолов.

Тұрсынай:
" Күн көреді әкесіз де, анасыз да,
Өмір сүрер әйелсіз де, баласыз да,
Ал, Отансыз нағыз сорлы –панасыз."
М.Мақатаев

Енді келесі суреттер бойынша бойынша сұрақтарға жауап беру.


1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
1986 жылы 16 желтоқсан
2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991жылы 16желтоқсан
3.Ұлттық валютамыз қашан енгізілді?
1993жылы
4.Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы?
Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов
5.Қазақстан Республикамыздың туының авторы?
Ш.Ниязбеков
6. Қазақстан Республикамыздың гимннің авторы?
Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов
Әні: Ш.Қалдаяқов
7. Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды?
1997м
8.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?
Тоқтар Әубакіров
9.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр?
9-шы орында
10. Қазақстан Республикасы қай елдермен көршілес?
Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай
11. Қазақтың үш биін ата?
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
12. Ақ күрішті аймақ? Қызылорда
13. Мұнайлы өлкелерді ата? Маңғыстау, Атырау
14. Қазақстан Республикасында неше облыс, неше қала бар?
14облыс, 85қала
15.Бәйтерек ескерткішінің биіктігі неше метр?
97м

Қорытынды: Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Менің Қазақстаным». Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: гулмира тенлибай

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 477 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar