Менің елім - Мәңгілік Ел!

  • Жүктеулер: 91
  • Көрсетілім: 2022
  • Тәрбие сағаты
  • 20/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19764


Күні: 21.10.2016ж.
Түрі: Тәрбие сағаты
Сынып: 3 «В»
Мұғалім: Агжигитова.Б.А

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
«Менің елім – Мәңгілік Ел!»
Мақсаты: Қазақстан тарихына шолу жасай келе, тәуелсіздікке жетудегі
қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарына шолу
жасай келе, жас ұрпақты Отаншылдыққа, адамгершілікке,
елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Сахна мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, киіз үй бөлшегі, шарлар, Тәуелсіздікке
байланысты баннер.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ежелден еркіндік аңсаған әр қазақтың ең асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сол даланы қорғап қалды. Көптен күткен, тарихы терең айтулы мерекемізге де қол жеткіздік.
Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар мен оқушылар!
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» деген ұлттық ұранмен басталатын «Менің елім – Мәңгілік Ел!» деп аталатын мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Менің елім - Мәңгілік Ел! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Агжигитова Ботагөз Арыстановна

ОҚО Шардара ауданы Сүткент ауылы Т.Тәжібаев о/м бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar