Менің елім тәуелсіз-Қазақстан

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 431
  • Тәрбие сағаты
  • 16/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22816


Сабақтың тақырыбы: Менің елім тәуелсіз-Қазақстан
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ел тәуелсіздігін мақтан ете білуге, елін, жерін, халқын, сүйе білуге, мақтан ете білуге үйрету.
Түзете-дамыту мақсаты: сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушы бойына потриоттық сезім қалыптастыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивтік тақтаға жазылған қанатты сөздер мен суреттер, видеоролик.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
-оқушылармен амандасу;
-сынып оқушыларын түгендеу;
Психологиялық дайындық.
-Балалар қазір біз «Алақан» тренингін ойнаймыз. Сіздердің алдарыңыздағы алақан бейнеленген ақ парақтың ортасына өз есімдеріңді жазып көршіңе бересіңдер. Ал сіздер сол оқушының жақсы қасиетін жазуларың керек.
Кіріспе бөлім:
«Видео роликтен» үзінді көрсетіледі.
-Балалар осы көрген сюжеттеріңнен не ұқтыңыздар?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
-Ендеше бүгінгі біздің өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Менің елім тәуелсіз-Қазақстан» деп аталады.
-Балалар осы тақырып сіздердің естеріңізге нені түсіреді?
Оқушы: дәл осы тақырыпта 3 сыныпта ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тәрбие сағаты өткен болатын.
-Дұрыс. Одан бері міне бес жыл өткен екен. Сол бес жыл ішінде біздер әр жыл сайын тәуелсіз елімізге арнап көрнекі тәрбие сағаттарын өткізіп отырдық. Қане еске түсірейік.
3-сыныпта. «Менің Отаным тәуелсіз-Қазақстан»
4-сыныпта. «Үмітін елдің арқалап, елінде туған рәміздер». Ел рәміздеріне 20 жыл толуына орай.
5-сыныпта. «Бар әлемге тыныштық».
6-сыныпта. «Мен елімнің патриотымын»
7-сыныпта. «Ынтымағы жарасқан ел-Қазақстан»
8-сыныпта. «Менің елім тәуелсіз-Қазақстан».
Міне балалар біз елімізге деген махаббатымызды, сүйіспеншілігімізді жыл сайын арнап отырған екенбіз. Әрине бұдан басқа да күнделікті әңгіме сағаттарында «Көреген-Елбасшы», «Ата заңым-мақтанышым», «Ана тілі, дана тілі», «Астана-бас қала» сынды тақырыптарда ой бөлісіп отырдық. Балалар бұны айтып отырған себебім міне біз өткен 4 жылға көз жіберіп еске түсірдік. Ал еліміздің сан ғасырлық тарихы бар. Сол тарихқа шолу жасасақ.
Негізгі бөлім:
-Балалар, Қазақстан дүние жүзінде жерінің көлемі жөнінен нешінші орын алады?
-9
Дұрыс. Шынымен де осынау ұшқан құстың қанаты талатындай, жүгірген аңның тұяғы тозатындай кең байтақ елімізде бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
Ән «Елім менің»
-Ал осы ел тәуелсіздік жолында күрескен хандарымызды кім айтып бере алады?
-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан
-Дұрыс. Ал халыққа тура жолды көрсетіп, әділ қазылық жасаған билерді кім айтады?
-Төле би, Әйтеке би, Қазбек би.
-Желтоқсан оқиғасында ел тәуелсіздігі үшін күрескен аға, апаларымызды кім айтады?
-Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабира.
-Дұрыс балалар. Міне бұл біздің тарихымыз. Ал енді біз тәуелсіз елміз. Осы тәуелсіз елді дүние жүзіне әйгілі етіп атын шығарып отыратын кімдер деп ойлайсыңдар?
-Спортшылар, әншілер, білімді ұрпақ.
-Әрине. Ендеше сұрақ: биыл жазғы дүние жүзілік олемпиада қай елде, қай қалада өтті?
-Бразелияның астанасы Рио до-Жанеро қаласында өтті.
-Қазақстан спортшылары Қазақстан қоржынына қанша медаль силады?
-17
-Қаншасы алтын?
-3
-Қаншасы күміс?
-5
-Қаншасы қола?
-9
Осы спортшылардың ішінде жерлес спортшымыз болды, ол кім, қандай спорт түрінен қатысты?, медаль алды ма?
-Данияр Елеусинов. Бокстан алтын медаль алды.
Міне балалар осы олемпиаданы бүкіл әлем халқы тамашалап отырған болатын. Бразелия мемлекетінің аспанында Қазақстанның туы үш рет көтеріліп, үш рет әнұранымыз шырқалды. Бұл дегеніміз тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін, соның ішінде елім деген әр қазақ үшін мәртебе болды.
Мұғалім:
-Балалар суреттен кімді көріп отырсыздар?
-Әнші Димаш Құдайбергенов
-Дұрыс. Димаш Қытай елінде өткен «Мен әншімін» байқауына қатысып екінші орынды иемденді. Яғни әлемге тағы да тәуелсіз елімізді мойындатты десек қателеспейміз. Әрине бұл бүкіл еліміз үшін зор қуаныш. Міне балалар елімізді қазіргі таңда көреген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың және те осындай спортшыларымыз бен әншілеріміздің, білімді қазақстандықтардың арқасында дүние жүзі танып білді.
Бекіту бөлімі.
-Сонымен ел тәуелсіздігі қашан қабылданды?
-Тәуелсіздікке қанша жыл?
-Тәуелсіз мемлекетті сипаттаңдар?
(Шекарасы болу керек, тілі, діні, мемлекеттік рәміздері, ата заңы, президенті, қарулы күші, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы)
Қорытынды.
Сабағымызды қортындылай келе екі топ «топтық жұмыс» жасайық.
Тапсырма: алдарыңа бірнеше суреттер беремін, сол бойынша өз пікірлерің мен сабақты қортындылайсыңдар.
(Қазақстан картасы, ту, елтаңба, ұлттардың, күннің, кептерлердің суреттері)
(Екі топтың жұмыстары тыңдалады)
Мұғалім: балалар еліміздің туы тұғырлы, елтаңбасы еңселі, әнұранымыз әрқашан әлем көгінде шарықтасын, ел тәуелсіздігі мәңгі болғай дей келе сабағымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Менің елім» әнімен аяқтайық. Тәрбие.орг сайтынан Менің елім тәуелсіз-Қазақстан Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Пангалиева Фатима Махамбетовна

БҚО, Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar