Менің Отаным-Қазақстан

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 318
  • Тәрбие сағаты
  • 13/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20988


Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат беру, Отан- Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: Туған елі, Отаны туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, өлеңдер оқу , сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның мемлекеттік рәміздері, интерактивті тақта, Елбасы суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
Біз әдепті баламыз,
Біз ереше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздерме» деп амандасып аламыз.
Фатима: Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Әнұраным бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
- Олай болса, балалар ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындаймыз.
(ҚР әнұраны орындалады)
- Балалар біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
- ҚР-сы
- Отан дегеніміз не?
- Отан туралы кім өлең біледі?
Алишер: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
- Отан дегеніміз балалар – адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде адамдардың Отаны ҚР-сы.
- Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиынщылықтарды бастан кешірді.
- Сендер «Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіздер?
- Балалар өзіміздің еліміз, жеріміз, теңдігіміз бар.
- Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
- ҚР – ның президенті Н.Ә. Назарбаев
- Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада?
- Астана қаласында
- Астана қандай қала?
Ақжарқын: Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
- Балалар Астанаға барғыларың келе ме?
- Ия
- Ондаша Астанаға саяхатқа барамыз.
- Саяхатқа бару үшін қандай көлік қажет?
- Поездпен
Логопедтік жаттығу:
Қатар-қатар тұрайық,
Қане-қане сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын,
Паровозы сол пойыздың
Ал паровоз баста алға
Бәрімізді басқар да
«Пш, пш, пш» деп біз кеттік.
Ақорда, Бәйтерек, Хатшатыры т.б. слайдтан көрсету, түсіндіру.
- Міне, балалар Астанаға саяхатымыз тәмамдалды. Енді өзіміздің туған жерімізге қайтадан ораламыз.
- Сендер саяхаттан керемет әсер алдыңдар. Көңілді болғанда не истейміз?
- Ән айтамыз.
«Туған өлкем» әні
- Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы?
- Әнұран, елтаңба, ту.
(Елтаңба, туды көрсете отырып сипаттап айту.)
Ерасыл: Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.
Нұржан: Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Қорытынды: Балалар өздері жасаған гүлдерін тілек айта отырып, тақтаға жапсырады.
- Еліміз көркейе берсін!
- Туымыз көкте желбіресін!
- Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын!
- Тәрбие.орг сайтынан Менің Отаным-Қазақстан Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сариева Эльмира Шафигуллақызы

БҚО, Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar