Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Менің тәуелсіз Қазақстаным
  • 18.10.2016
  • 189 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19716

Тақырыбы: Менің Қазақстаным- менің болашағым
Мақсаты: 1) Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен
таныстыру.
2) Оқушыларды ана тілін сүюге, халқымыздың әдет- ғұрпын, салт-
дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
3) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды
өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Карта, нақыл сөздер.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: а) Кіріспе әңгіме
- Балалар, біз күнделікті өмірде бір- бірімізбен сөйлесеміз, пікір
алысамыз, әңгімелесеміз. Егер бізге мынандай сұрақ қойса?
- Сен қандай ұлтсың? Онда біз не деп жауап берер едік?
- Қазақпын.
- Ал қазақ екендігіңізді қалай дәлелдейсіздер?
- Қазақ болып туғам, әкем- шешем, ата- бабам қазақ.
- Шынында да біз өзіміздің қазақ екенімізді дәлелдейтін:
1. Қазақ тілі
2. Діні
3. Салт- дәстүрі
4. Тарихы
5. Туған жері
ә) Негізгі бөлім
Біздің планетамызда 6 миллиардтан астам адам тұрады. Олар әр түрлі мемлекеттің
Азаматтары. Мемлекет- адамдарды біріктіретін үлкен отбасы. Дүниеге келген
бірінші күннен бастап- сен мемлекеттің қамқорлығындасың. Сен Қазақстан
Республикасының жас азаматысың! Сен Ата заңда жазылған құқықтар мен
бостандықтарды пайдалана аласың.
Конституция – біздің мемлекетіміздің негізгі Заңы. Бұл – Қазақстан
азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері. Негізгі заңға құрмет ретінде – біз
Конституция сөзін бас әріппен жазамыз. Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш
Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30
тамызда қабылданды.
-Оқушылар ата Заң туралы жаттаған өлеңдерді еске алайық:

1 оқушы: Келе жатыр келім күн
Халық сүйіп қалаған
Ата Заңын елімнің
Құрметтейді бар адам Тәрбие.орг сайтынан Менің тәуелсіз Қазақстаным Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумабаева Кенжегуль Мухамеджановна

Ақмола облысы, степногорск қаласы, №9 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 189 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar