Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Менің Тұңғыш Президентім"
  • 22.01.2017
  • 117 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21229

Тақырыбы: «Менің Тұңғыш Президентім».

Мақсаты:
А) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
Ә) Елімізге еңсе тіктетіп мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып, Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен қонақтар 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні. Мерекелеріңіз құтты болсын. Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын.
Бүгін 6 «А» сынып «Тұңғыш Президент» күніне арнап «Менің Тұңғыш Президентім» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер. Тәрбие сағатты Қазақстан Республикасының әнұранымен бастасақ.
Жүргізушілер: Егемберді Балнұр.
Турсунова Диана.
Диана: Бар әлемге шын танылдық міне,
Біз «Елін сүйген Елбасы» деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан
Нұрсұлтан
Нұрсұлтан
мен
Қазақстан тұр егіз.
Балнұр: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп,
Елбасыны құрметтейтін ерекше,
Армысыздар ақ пейілді көпшілік!
Диана: Армысыздар қадірменді қонақтар,
Құрметті ұстаздар мен оқушылар. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер.
Балнұр: Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып,
Сол кісідей болса болсын әр алып
Адамдықтың аласұрмас үлгісі.
Диана: Бір өзінен жатқаны шын таралып,
Бір өзі Отан үшін жаралып,
Бүгін Тұңғыш Президент күнінен
Әсем әнді шырқата біз салалық.
Ән орындалады. «Егемен Қазақстан».
Мөлдір: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең (Қарасай) ауданына қарасты Шамалған ауылында туған. Атасының есімі – Назарбай, әкесінің есімі – Әбіш, анасының есімі – Әлжан. Нұрсұлтан деп әжесі Мырзабала қойыпты. Ол Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болған.
Ақбота: Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.
1991 жыл 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық жерде 1-желтоқсанды мерекелік күн деп тағайындалды.
Ақсауле: Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті басқарғанда не бәрі 44 жаста болды. осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.
1991 жылы 1желтоқсанда республика жұртшылығы Тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Даниял: 1991 жылдың 16 желтоқсанда аңсаған күнге қол жетіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.
1-жүргізуші:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімінің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
2-жүргізуші:
Теңдікті айтып тұр аты теңге,
Құт береке болды еліме келген
Өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар,
Айтыңдаршы енді елім кем неден.
1-жүргізуші:
Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Осы мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1-желтоқсанда біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
2-жүргізуші:
Н. Ә. Назарбаев кім? Ол – еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Е.Азамат:
Бағдарлап елдің ертеңін
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін терн төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Гүлбану:
Нарқына арқа жерінің,
Көрегендікпен қарады.
Жүрегі етті елінің,
Астана сынды қаланы.
Бегжан: 1997 жылы қазанның жиырмасында Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Ән. «Үш қоңыр».
Қалипа: 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды.
Мирас: Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бәйтерек – Астананың басты белгісі. Тәуелсіздік сарайы – мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.
Ұлбибі:
Парламент үйі –Үкімет үйі. Бейбітшілік пен келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізетін ғимарат.
1-жүргізуші:
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, нұрлы заман бағытына – дей отырып ендігі кезекте қыздардың
орындауында биді тамашалаңыздар.

Бақберген:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан,
Бекемдеп саясатын іш пен тастан.
Елбасы алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік қиындықтан.
2-жүргізуші:
Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында викториналық сұрақтар қойсақ:
1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
2. Н.Ә.Назарбаев қай жерде туылған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н.Назарбаевтың туған күні? (6 шілде.1940ж)
4. Н. Назарбаев мектепте қандай оқыды? (үздік)
5. Қандай мамандықты таңдады? (металлургия)
6. Н.Назарбаевтың бойында қандай қабілет бар? (адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Қашан президент болып сайланды? (1 желтоқсан. 1991ж)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола)
9. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні деп белгіленді? (Өйткені бұл күні президент сайлауы күні)
1-жүргізуші: Келесі кезекті «Елім менің» әніне берсек.
Ақбала: Отан деген әр адамның жүрегі,
Оған елде, жер де, су да кіреді.
Отанымды барлық елге пашеткен,
Президентім мақтанышым- тірегім.
Нигина: Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп.
Елім, жерім деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады-ау кісілік.
2-жүргізуші: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, билік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

1-жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
2-жүргізуші:
Кезекті Сарсенов Бегжан мен Курбанов Мейрамбектің орындауында «Адай» күйін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
2-жүргізуші:
Бұл далада жылап келіп уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман – дей келе кезекті әнге берсек. «Нұраға».
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары, Әлемдегі барлық елдер
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
2-жүргізуші: Сіз әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші,кәрімізге.
Сіз-басшы, Халық-қосшы бола бергей
Жарасып келе жатыр сәніміз де, - дей келе Н.Назарбаевтың сөзіне
жазылған «Елім менің» әнімен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Ән орындалады.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні баршамызға құтты болсын. Осымен бүгінгі 6 «А» сыныптарының «Менің Тұңғыш Президентім» атты іс-шарасы аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Тәрбие.орг сайтынан "Менің Тұңғыш Президентім" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Юсупбекова Ансат Сулаймонова

ОҚО. Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: жони
Көрсетілім: 117 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar