Ән-көңілдің ажары

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 265
  • Тәрбие сағаты
  • 15/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23178


«Ән – көңілдің ажары» ән байқауы.
Мақсаты:Мектебіміздегі әнші,өнерлі оқушыларды анықтау.
Құрметті көрермендер, ұстаздар,балалар. Бүгін өзін-өзі тану апталығына арналып өткізілгелі отырған «Ән-көңілдің ажары» ән байқауына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2-жргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1-жүргізуші:
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар бар ма?
2-жүргізуші:
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.Әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын,
Таңғы жұпар ауасын.
Шаршағанда жаныма,
Өзің ғана дауасың,- деп ақындарымыз жырлағандай ортаға «Бұлқынды жүрек» әнімен Оралғазин Нұрасылды қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Сахна гүлін ортаға шақырайық,ортада Тамен Айдина «Аппақ гүлдер»әнімен, тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін,
-ортаға Семейханова Аяулымды «Армансыз күнің болмайды»әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші:
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
Ендеше осы өнер қайдан шығады.
1- жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.Әрине бар.
2-жүргізуші:
Жас дәуірдің түлегіміз,
Ән салу біздің өнеріміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз- дей келе сахнаға Нұрахметова Жансаяны шақырамыз
«Жаса, Қазақстан!» әнімен,қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:
Сахнада ән сап жүреді,
Еркежанды бәрі біледі.
Қазіргі бізге тартуы,
«Мерекең» Әсем әні де.
Жақсыбекова Еркежан «Мерекең» әнімен, қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік,
Достықты жүрейік тек ән қылып.
-дей келе,Бекетаева Дильназ,Берікқалиева Еркежан,Аскербекқызы Зейнеп «Алтын бесік» әнімен қарсы алыңыздар
1- жүргізуші:
Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.
Асанова Мөлдір «Туған ел» әнімен тамашалаңыздар!
2- жүргізуші:
Ертең-ақ мен ержетіп,
Әншілердей боламын.
Үлгі тұтып жақсыны,
Менде әнге саламын,- Назарбаева Еркежан,Тохтахунова Тахмина,Оралғазина Айым «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Енді «Ән-көңілдің ажары» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.Әділқазылар ең жақсы ән орындаған балаларды айтып, алғыс қағазбен марапаттайды.
2-жүргізуші:Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!! Тәрбие.орг сайтынан Ән-көңілдің ажары Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймаханова Назерке Тәжетқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы, №114 орта мектебі Информатика және өзін өзі тану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar