Нұр себеле ,Ұлыстың ұлы күні

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 366
  • Тәрбие сағаты
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22483


Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз
Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік
ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын! Тәрбие.орг сайтынан Нұр себеле ,Ұлыстың ұлы күні Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ашенова Айгуль , Жолдасова Шарипа

ОҚО Мақтарал ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №91жом Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar