Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Нашақорлық – ғасыр дерті»
  • 28.05.2016
  • 709 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19133

Тақырыбы: Нашақорлық-ғасыр дерті

Мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: топтық жұмыс, пікірталас,рөлдік ойын. «Ойлаудың алты қалпағы»
Күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды;
2. ЖҚТБ-ға итермелейтін себептерді анықтай біледі;
3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Сабақтың көрнекілігі: плакат, слайд, глобус
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе бөлім.
а.Шаттық шеңбері. Тренинг: «Әлемге денсаулық»
Ә. Бейнебаян «Ғасыр дерті»
Негізгі бөлім.
А. Пікірталас
Ә.Сюжетті – рольдік ойын, тапсырмалар
III. Бекіту бөлімі.
а. «Ойлаудың алты қалпағы»
ІҮ.Қорытынды. Топтастыру «Пайда мен зиян»
Б. Рефлексия.
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті қонақтар «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты 7 «А» сыныпта өтілетін ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі». Сабағымыздың мақсаты: Ұлт денсаулығы табысты болашақтың негізі екенін жан-жақты талдап түсіну, салауатты өмір салтына дағдылану және зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстау. Сабағымызды әдеттегідей шаттық шеңберінен бастайық.
Кіріспебөлім:
I. Шаттық шеңбері. Тренинг: «Әлемге денсаулық».
(Оқушылар «жүректерге» тілек жазып глобусқа іледі.)
Мұғалімнің сөзі:
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген негізгі өзекті мәселелердің бірі ол салауатты өмір салты, оны насихаттау мәселесі.
«Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық» деп Елбасы айтқандай қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты - нашақорлық. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама.
«Салауатты өмір сүру дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда кең етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.

Енді назарларыңызды мына бейнебаянға назар аударуларыңызды сұраймын.
II. Пікірталас
1 топ - «Күн» тобы: «Тыйым салынған есірткіні жасөспірімдер ең алғаш бейтаныс адамдардан алады»
2 топ - «Жұлдыз» тобы: «Есірткіге тәуелділік - шындық»
3 топ – «Жүрек» тобы: «Өмірің-өз қолыңда»

ІІІ. Сюжетті – рольдік ойын
(Топтарға тапсырма беріледі. Адамды нашаны қабылдауға мәжбүрлеген жағдайды ойлап тауып, сол жағдайды көрсету. Жағдайды ойлауға 3 минут уақыт беріледі).

1 – нұсқа: «Сен досыңмен кездесуге барасың және онда саған әдемі таблеткаларды ұсынған балаларды кездестіресің».
2 - нұсқа: «Мектеп ауласында сені балалар шақырып алып, «шөпті» тартып көруді ұсынады».
3 - нұсқа: «Кешкісін үйге қайтқанда, үйдің алдынан көрші балаларды кездестіресің, олар темекі тартып тұр, саған да темекі ұсынады, бірақ темекінің иісі бөлек».
ІҮ. Бекіту бөлімі.
а. «Ойлаудың алты қалпағы»
Әр топқа екі-екіден екі түрлі түсті қалпақ беріледі. Оқушылар сол қалпақтар бойынша тиісті мәліметтер мен өз ойларын жеткізеді.
1. Ақ қалпақ. Ақпараттар мен мәліметтер алаңы.
2. Қызыл қалпақ. Эмоция, интуиция, сезім.
3. Қара қалпақ. Ақиқатты көру, сақтану мен ойлану. (қауіпті жағы)
4. Сары қалпақ. Оптимизм, өмірге талпыныс, позитивті ой. (жақсы ой)
5. Жасыл қалпақ. Жаңа идея, альтернативті ойлар.
6. Көк қалпақ. Әр топтың ойын, идеясын таразылай келе баға береді.
Қорытынды. Топтастыру «Пайда мен зиян»
Тақтада ілінген плакатқа кеспе суреттерден пайдалы заттар мен зиянды заттарды іледі.
Рефлексия.
Гүл күлтешелеріне арман-тілектерін жазып суға салады
Мұғалім сөзі:
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық.
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбат: байлық па, атақ па?» Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен, яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек.
Өсер елдің баласына лайық салмақты,сабырлы,білімді,жат қылықтан аулақ,елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік.Сондықтан,бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін,елімізде «салауатты өмір салтының» сақталуы үшін бір кісідей ат салысайық.Бірлігіміз бекем,тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.

Ақ қалпақ
Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.
Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?
Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?
Қара қалпақ
Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?
Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды
Көк қалпақ
Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?


№41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп

Сынып сағатының тақырыбы: «Нашақорлық – ғасыр дерті»

7 «А» сыныбы

Сынып жетекші: Тасыбаева А. А. Тәрбие.орг сайтынан «Нашақорлық – ғасыр дерті» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тасыбаева А. А.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 709 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar