Наурыз-думан

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 627
  • Тәрбие сағаты
  • 21/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19087


«Наурыз― думан»

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының наурыз мейрамы , ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, өз халқының салтын ұмытпай, жалғастыруға баулу.

Мұғалім:
― Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады.Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.

І. Наурызды қарсы алу (көрініс)
1-оқушы:Нұрбақыт
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды!
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге!
2-оқушы:Жадыра
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер!
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді,
Ұлыстың ұлы күніне!
3-оқушы.Махаббат
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
4-оқушы:Шолпан
Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын, Наурыз той ―
Ұлы күні ұлыстың!
Бірге:
Наурыз құтты болсын!
Жыл басы ― Ұлыс тойы жасасын!
5-оқушы:Амангул
Ұлы күнде халайық,
Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Ортамызға шақырып,
Бабамыздың Қыдырдай
Ақ батасын алайық!
6-оқушы: Ақсұңқар
Сәлем, анам ― алтын күн!
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым!
Уа, Қыдыр атамыз,
Айтылсын бізге батаңыз.
7- оқушы: Нұрбақыт
Ал, тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны.
Көйлектерің көк болсын,
Қарындарың тоқ болсын,
Қуаныш-шаттық көп болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Күлімдесін көкте күн,
Шуақ шашсын көктемің.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!

ІІ.Әдеби монтаж
10-оқушы:Анель
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз пердесін ақпанның лақтырып.
11-оқушы:Жадыра
Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та , ақы да біз.
Үй ― дастархан, думанымыз ― сахнамыз,
Ұлы мейрам ― Наурызға шақырамыз!

Ән: Дастархан

12-оқушы:Мадияр
Ашық болсын қос қабақ,
Тас атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
13-оқушы:Аман
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта тағы бар.
Ішілетін, жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
14-оқушы:Рустам
Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.
Өзгеше бүгін леп,
Желпінтер көңілді.
18-оқушы:Дилназ
Жайдарымыз бәріміз,
Дастарқанда дәміміз.
Көжесі көп, қыры көк,
Қандай жақсы наурыз!

Ән «Зеңгір көктем» (домбыра)
?
19-оқушы:Анель
Есебімен дананың
Күн мен түнді теңеген,
Наурызымыз ― жаңа күн,
Парсы сөзі көнеден.
20-оқушы:Шолпан
Жаңа күн ол ― жыл басы,
Жиырма екісі наурыздың.
Наурыз айда ― төл басы,
Бүршік атар бау біздің.
21-оқушы:Тоқсанбай
Арпа, бидай бастаған
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ― көп көже ―
Бұл тойдағы бас тағам.

Ән «Наурыз келді»

ІІІ. Ұлттық ойындар
Оқушы:
Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.

1) «Арқан тартысу»
2) «Білектесу»
Қарама – қарсы отырған екі ұл бала оң қолдарынының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Білегі жығылған палуан жеңіледі.
3) «Соқыр теке»
Ойнаушылар айнала шеңбер құрып тұрады да, ортасынан екі адамды бөліп шығарады, біреуінің көзін байлайды.Байлап болғаннан кейін көз байлаушы адам түрте салып қашады. «Соқыр теке» көзін байлаған адамды қуады. Қашушы да, қуушы да шеңберден шықпайды. Егер «Соқыр теке» ешкімді ұстай алмаса, шаршағанша қуа береді. Ал ұстаса, онда сол адам «Соқыр теке» міндетін атқарады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Ән «Наурыз»

22-оқушы:Мадияр
Наурыз жырын жырлаймыз,
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге
Ел дәстүрін сыйлаймыз!
23-оқушы:Шолпан
Жаңғырар дәстүр салтымның
Көзделсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз ― жыл басы!
24-оқушы :Махаббат
Ниеттеріңіз ақ болсын,
Наурыздың ақшақарындай.
Бастарыңа бақ қонсын ―
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз!
V. Білгенге маржан
1. Наурыз көже қалай жасалады?
2. Ұлттық тағамдарды атаңдар?
3. Ұлттық ойындарды атаңдар?
4. Сүттен жасалатын тағамдарды атаңдар?

Ән «Наурыз»

1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.

1. О, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.

2. Әуелесін армандар.
Үміті от боп жанғандар
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.

3. О, жарандар, жарандар
Тамашадан қалмаңдар.
Құс қанатты көңілмен
Жер әлемді шарлаңдар.

4. Оятып шың мен асқарды.
Ерітіп мұз Бен ақ қарды.
Нұрландырған даланы
Наурыз көктем басталды.р» Тәрбие.орг сайтынан Наурыз-думан Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жапарова Луиза Достанқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar