Наурыз - Думан

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 305
  • Тәрбие сағаты
  • 09/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19952


ШҚО Семей қаласы «№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Курмангалиева Лаура Болатбековна
Тақырыбы: Наурыз-Думан
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.
Жүру барысы:
(сахнаға бір топ бала жүгіріп шығады)
-Сүйінші, сүйінші, ата, әже немерелі болдыңыздар! Дүниеге тағы бір ат ұстар келді!
-Уа бәрекелді, көп жаса, балам, сүйіншің дайын қалағаныңды ала гой. Олай болса, бізде бүгін той, дүркіретіп той жасайық, тойға келіңіздер!
ӘН: « Әриәйдәй» әні
1-ші жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Бәріміздің асыға күткен наурыз тойы құтты болсын! Ұлыс оң болсынІ Ақ мол болсын!
2-ші жүргізуші: Иә, бұл күнді ата-бабамыз мыңдаған жылдар бойы тойлап келе жатқан жыл мерекесі. Ұлыстың ұлы күні атанған Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Осыншама жақсылық
Алып келдің, Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
1-ші жүргізуші:
Наурыз келсе құт келгені ағайын!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
(ортаға екі әже шашу шашады)
2-ші жүргізуші.
Қашанда құт береке орнасын деп
Көп шашуды шашайық
Шашуды тер, мол болсын несібең
Қабыл болсын, ақ тілек, ақ тілеуің!

1-ші жүргізуші.
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш,бақыт нәрін,
Ұлыстан соң күтіп тұрған Ұлы күнің!
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!
Наурыз көжені таныстыру. (ортаға әже қыздарымен шығып таныстырады, көже таратылады) Тәрбие.орг сайтынан Наурыз - Думан Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курмангалиева Лаура Болатбековна

ШҚО Семей қаласы "№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar