Наурыз – көктем, жыл басы!

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 652
  • Тәрбие сағаты
  • 06/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18494


Наурыз – көктем, жыл басы

Нурхатова Гулниса Сабырғазықызы,
1 санатты тәрбиеші,
Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернаты, Орал қаласы, БҚО

Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, ой-өрістерін кеңейту, танымдық қабілеттерін арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Наурыз туралы суреттер, мақал-мәтелдер, ұлттық тағамдар.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе сөз.
Тәрбие сағаттың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сұрақ-жауап алу.
- Жылдың қай мезгілі келді?
- Көктем айларын атаңыздар?
- Наурыз айында қандай мейрамдарды тойлаймыз? (Сөздерін толықтыру).
Тәрбиеші:
- Балалар, көктем айының ерекше мейрамы – Наурыз мерекесі. Қазақ халқы Жаңа жылды 22-наурызда қарсы алған. Наурыз – жылдың басы. Наурыз күн мен түннің теңелетін мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңаратын шақ.
Наурыз мейрамының ең басты дәмі – наурыз көже. Наурыз күні адамдар қыдырып жүріп, ауыл-ауылдан наурыз көже ішеді. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір – біріне қонаққа барып тілек білдірген:
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Тәрбиеші:
Ұлы тойда әдемі,
Әннен шашу шашайық.
Ал, балалар, кәнекей,
Наурыз жырға басайық.
(Балалардың орындауында ән «Наурыз жыры»).
- Балалар, Наурыз туралы кім өлең, тақпақтар біледі?
1- оқушы: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа кеңеледі,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз.
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.

2- оқушы: Жаңа күн - ол жыл басы,
22-ші Наурызда.
Наурыз айда төл басы,
Бүршік атар бау біздің.

3- оқушы: Наурыз – тойы ұлыстың
Нағыз күні – ұлы істің.

4- оқушы: Жаңарып бар тіршілік,
Түрленгендей дала, қыр.
Дүниесі жыршы ғып,
Келді өлкеме жаңа жыл.
Тәрбиеші: Балалар, көктемде қандай гүлдер гүлдейді? Суретке қарап гүлдерді атап шығыңдар? Бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын.
Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойналады. Қыздар мен жігіттер әндер, жұмбақтар айтып жарысады.
- Балалар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
- Сақина тастамақ, ақ серек,көк серек, қыз қуу, арқан тарту, тоғызқұмалақ т.б.
- Өте жақсы.
- Кәне, бәріміз дөңгеленіп отыра қалайық.
«Сақина тастамақ» ойынын ойнату.
- Жақсы, балалар, біраз серігіп алдық.
Тәрбиеші: Балалар, қандай ұлттық дәстүрлерді білесіңдер?
«Бесікке салу» «Тұсау кесу», «Атқа міңгізу»,т.б (Сурет бойынша толықтыру)

Оқушы:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
(Наурыз көжеден келген қонақтарға дәм татқызу).
Тәрбиеші:
- Балалар, көктем қай айдан басталады?
- Сонымен қандай мереке келді?
- Наурыз мейрамында үлкендер не істейді?
- Табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Наурыз мейрамының қасиетті тағамын атаңыздар?
Мәңгілік мәнді, Наурызым,
Ән қылып, сені айтамын
- деп тәрбие сағаттың соңын «Қош келдің, Жаңа жыл!» әнімен аяқтау.

Қорытындылау. Тәрбие.орг сайтынан Наурыз – көктем, жыл басы! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурхатова Гулниса Сабыргазиевна

БҚО, Орал қаласы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar