Наурыз – Ұлыстың ұлы күні

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 793
  • Тәрбие сағаты
  • 15/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18650


Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні».
Мақсаты:
1. Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
3.Елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, слайд.
Түрі: Тәрбие сағаты.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезені :
ІІ. Кіріспе.
Мұғалім: Құрметті оқушылар бүгін «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
- Ал, енді оқушылар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
ІІ. Әңгімелесу.
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.
ІІІ. Тақпақтар.
1- оқушы: Армысың қайырымды, Күн – Ана!
Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!
Басымызға амандық,
Елімізге береке дарыта көр!
Тәу – тәу!
2-оқушы:
Жыл басы келді, жаңғырта келді,
Тәу – тәу!
Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,
Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!
Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр!
Тәу – тәу!
3-оқушы: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
4- оқушы: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Мұғалім: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.
5- оқушы: Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.
6- оқушы: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.
7- оқушы: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» - деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Мұғалім: Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл.
8 - оқушы: Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
9- оқушы: Қар су болып жөңелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
10 - оқушы: Сүті көп те, көмірі аз,
Болады ғой Наурыз!
Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
11 - оқушы: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
12 - оқушы: Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.
13 - оқушы: Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
14-оқушы: Наурыз күнгі тағам – “Наурыз көже”
Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”
Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”
Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”
Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”
15-оқушы:
Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Әруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сактап, төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты,
Іздесе де таппасын. Әумин!
ІV. Жұмбақ.
- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(Дастархан)
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.
V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру . (Слайд арқылы көрсету).
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген.
VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс».
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар.
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар. Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)
Қорытындылау:
Мұғалім: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.
Осынымен «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Наурыз – Ұлыстың ұлы күні Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Екпінді ауылы № 22 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar