«Наурыз – ұлыстың ұлы күні »

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 360
  • Тәрбие сағаты
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21567


15,03 .2015ж

Тақырыбы: «Наурыз – ұлыстың ұлы күні »

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, , киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезені

- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

ІІ. Әңгімелесу
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
- Ал, енді біздің оқушыларымыздың наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынамыз

ІІІ. Тақпақтар

Алина
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.

Жарқын
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
.
Перизат:
Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.

Айдын:
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.

Ислам:
Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
Нұрахмет
Асыланбек Мұхамед
Алина :
Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
Жаркын:
Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» - деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Мұғалім
Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. Осынау көктем мезгілінің тағыбір тамаша мерекесінің бірі 8 наурыз ақ жаулықты аналар мен ару қыздарымыздың мерекесі . өткен мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мынаөлең «Ақ мамам »
Әнін қабыл алыңыздар

Көктем келді еркелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.

Алина :
Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
Жаркын:
Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» - деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз
Перизат
Қар су болып жөңелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.
Айдын
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
Ислам
Сүті көп те, көмірі аз,
Болады ғой Наурыз!
Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
Алина
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
Жарқын
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.
Перизат
Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.

ІV. Жұмбақ

- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(дастархан)
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Дастарханға қойылатын бірнеше тағамдар туралы айтып кетелік

Үмітжан мұғалім
Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ.Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Рыстыгүл
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Ұстаздар әнін қабыл алыңыздар
Ұстаздарымызды наурыз мерекесімен құттықтап Ұстазым әнін жолдаймыз .

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Әлия апайымызға сөз береміз

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» алтын сақа алу , асық , тартыспақ, қол күрестіру ойындары бар
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)

VII. Қорытындылау

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Зағипа апай наурыз мерекесіне бата сұраймыз
Рахмет!
Тәрбиеші:
Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.

- Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс Мешін ! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!
Наурыз көктем
- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар!

VIII. Ән, би, өлең.

Біздің оқушымыз Еркінова Диляраның өнерің ұсынамыз.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
1. Бай өлкеммен мақтанам,
Жырға қосып шаттанам.
Жерімнің бар байлығын,
Тәуелсіз ел сақтаған.
2. Абай атамыздың өлеңдері:
1. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та , бар қалаң.
2. Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға,
3. Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа.
Алдын-жалын, артын-мұз,
Барар едің қай жаққа?
0 «Ж» даярлық тобының оқушылардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар!
Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар! Тәрбие.орг сайтынан «Наурыз – ұлыстың ұлы күні » Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Динара Ташимова

Пікірлер: 0

avatar