"Наурыз - жыл басы!"

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 665
  • Тәрбие сағаты
  • 15/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18638


«Наурыз – жыл басы»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.

Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.

Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық.
Досқа құшақ ашайық.
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық. Тәрбие.орг сайтынан "Наурыз - жыл басы!" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Смагулова Гульдас Алимхановна

ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің " №23 орта мектебі "КММ Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar