Наурыз - жыл басы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 572
  • Тәрбие сағаты
  • 19/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18734


Шырдабаева Лаззат Есентурлиевна
Қ.Жазықов атындағы орта мектеп
Кемерши ауылы
Байғанин ауданы
Ақтөбе облысы
Тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Мақсаты: Қазақ халқының төл мерекесі Наурыз мерекесін насихаттау, салтанатты көш-керуенді насихаттай отырып, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын, аңыз , ертегі кейіпкерлерінің бейнесін таныту.
Көрнекіліктер: Ағаш үй бейнесі, ұрандар
Барысы:
Халқымыз «Әз болмай - мәз болмайды» деп бекер айтпаған. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттады. Жаңа күн төңірекке нұр – шапағатын төгеді. Жер бетіне жақсылық ұялаған күнді қарсы аламыз. Бұл - Наурыз, жаңа жыл.
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын Наурыз мерекесі.
- Ақ бұлақтарды ақтартып, шың - құздарды шаттанлдырып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, тербелтіп наз қайңыдарды, төгілтіп жаз жайында әнде, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді жеттің бе, Әз Наурыз!
- Қымбатты халайық! Сіздерді ынтымақ - бірлігін асырған, сәні мен салтанаты жарасқан «Балдәурен» ауылының көш-керуенін тамашалауға шақырамыз!
(Әсем музыка жіберіліп, қазақ киімін киген екі қыз бала «Балдәурен» деген жазуы бар плакатты алып шығады, екі әже шашу шашады)
- Ұлыс күні қазақтың сайын даласын, Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ - дәулет сыйлайды екен. Олай болса баршаңызға Қызыр бабаның ақ батасы дарысын.
(Қызыр баба шығып, халқына ақ батасын жолдайды)
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Балдәуреннің керуенін қарсы алайық.
Аңыз бен ертегіден келіп жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
(Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала кейпіндегі кейіпкерлер шығады)
- Әйй, бәйбіше, бол енді тез, Наурыз мерекесінен қалып қоймайық.
(Сахнаға Шық бермес Шығайбай мен бәйбішесі, қызы Бізбике шығады)
- Ақ сауыты жарқылдап, алмас қылыш қолына ап, Байшұбар атқа қамшы сап, қазақта талай ерлер өткен. Соның бірі Алпамыс батыр.
Оқтаудай бойы бұралып,
Тартып қойған сымдай боп,
Сүрме тартып көзіне,
Орнатып гауһар тісіне,
Алтын шашбауы жарқырып, еріне серік болған Гүлбаршын сұлу мен Алпамыс батырды қарсы алайық.
- Халқымыздың тарихында Баян сұлу, Қыз Жібектей қалың ел құлай құрметтеген ару әйелдер аз болмаған. Махаббатың символына айналған қос ғашық Қыз Жібек пен Төлегенді білмейтін қазақ кем де кем шығар. Олай болса қыпша белі бұралған, қос бұрымы оралған, айдай ажарына барша әлем таласқан, барша әлемге махаббатты паш еткен Қыз Жібек пен Төлегенді қарсы алайық.
( «Гәкку» әні орындалып тұрады)
- Тарихта дауға салса алмастай өткір, қара қылды қақ жарған, қашанда халықтың бірлігі мен ынтымағын жарастырған небір шешен даналарымыз өткен. Халқының қабірлі биі - Жиренше шешен мен Қарашаш сұлуды қарсы алайық.
- Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса ірі тұлғаларының бірі, 21 ғасырдағы қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің өкілі, халықтың ақын, әншілерінің ұстазы
Біржан сал Қожағұлұлы және өнерде өзінің үн бояуымен ерекшеленетін айтыскер ақын қыз Сара Тастанбекқызы.
- Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, - деп қалың қазақтың қамын ойлаумен күңіретіп өткен, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаев.
Кемді күн қызық дәурен бірге өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз,- деп халқына татулық пен бірлікті ұран етіп кеткен.
(сахнада дана, ғұлама Абай мен оның ақылды жары Тоғжан, данагөй аналары Зере мен Ұлжан)
- Халқымыздың елдігі мен бірлігін жарастырып, қазақ болып қалыптасып, іргемізді берік орнату жолында небір батырлар мен даналар, ақылгөй шешендер, абзал аналарымыз, қаһарман қыздарымыз бен ұлдарымыз өткен. Сол даналарымыздың ерлігі мен даналығының арқасында бүгінгідей бейбіт заманда өмір сүріп отырғанымызға шүкіршілік айтамыз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін,- дей отырып баршаңызды «Балдәурен» ауылының қонақжай дастарханына шақырамыз!
Осылайша көш - керуен барысында сонау ерте заманнан бастап барлық заман өкілдерін кезең - кезеңімен сомдай отырып, соңынан барлығы бейбіт заман қуанышын сомдап, ұрандатып, ән айтып шығады. Тәрбие.орг сайтынан Наурыз - жыл басы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шырдабаева Лаззат Есентурлиевна

Пікірлер: 0

avatar