Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
НАЗАРБАЕВ -ҰЛТ КӨЩБАСШЫСЫ
  • 17.12.2016
  • 90 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20567

Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент»
Түрі: ойын - викторина
Барысы:
1-жүргізуші- Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт кошбасшысы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән
Қ.Р. мемлекеттің әнұрына орындалсын!
Әнұран айту
1. Психологиялық ахуал туғызу
Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.Қараңдаршы, біздің шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Мұғалім:
Бүгін біз сіздермен Тәуелсіз Қазақстан атты пойызды елордамыз Астана қаласына шығарып саламыз. Поезд Дегелен бекетінен қозғалады.
( поездың дыбысы қосу)
Қазір біз бірінші аялдама «Менің Қазақстаным» аялдамасында тұрмыз ( Үкәлай, Назгуль)
Үкілай,Назгуль: "Менің Қазақстаным» атты аялдамаға қош келдіңіздер!
Еркебулан
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Назгуль
• Біздің еліміз қалай аталады?
• Біздің еліміз қандай?
• Республикамызда қанша облыс бар?
• Біз қай облысқа қараймыз?
• Тұрып жатқан қаламыз қалай аталады?
• Біздің қаламыз әлемге несімен әйгілі?
(Поезд орнынан қозғалады звук қосу) .Міне біз бірінші аялдамадан өттік. Келесі «Сандар сыр шертеді» аялдамасына тоқтайық. ( Нурай, Нузар)
Мұғалім : Біздің еліміз Тәуелсіз Қазақстан. Алғашқы күннен бастап, президентіміз Н.Ә. Назарбаев ел тарихындағы атаулы күндерге ерекше назар аударып, оларды бүкіл қазақстан халқымен үлкен мереке ретінде өткізіп келеді. Балалар, сендер осындай атаулы күндерді білесіңдер ме?
(Мерекелер рет-ретімен айтылады.) Нузар, Нурай, Аружан
Біздің еліміздің атаулы мерекелері ( 16- желтоқсан тәуелсіздік күні,
30-тамыз күні, наурыз күні -22, 30 тамыз Ата заң күні , 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні
Мұғалім: Ендеше балалар осы рәміздер туралы бір ән орындайық
(Поезд орнынан қозғалады звук қосу)
Ән: “ Көк тудың желбірегені ” Ильяс
25 саның құрап тұрады. оқушы бүгін біз үлкен мерекеге келдік ол Қазақстан республикасы тұңғыш Президенті күні
Мұғалім: Балалар біздің келесі аялдамамыз «Менің Президентім» аялдамасы деп аталады. Сендер Нұрсұлтан аталарың туралы не білесіңдер?
1 топ Ауызша журнал. Баяшат ( суреттер көрсету)
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұр сұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Алдияр Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Зере Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Нұртілек
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Алихар
Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Ернұр.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Азамат
Нұрсұлтан ата –Елбасы,
Бар халық оның жолдасы
Жүреді әркез алаңдап,
Бар ойы-Отан ордасы.
Аружан А.
Нұрсұлтан ата –Елбасы,
Қыдыр ата-жолдасы
Елі үшін тыным көрмеген
Елбасын тәңір қолдашы.
Отаным жайнап келеді,
Тыныштық-елге керегі.
Елбасы жақсы адам деп,
Ел-жұрты оған сенеді.
ЕРСҰЛТАН
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Мади Елбасына ұқсағымыз келеді,
Ол кісінің елге көп қой көмегі
Қазақстан танылды бар әлемге,
Еуропа көп білмейтін ел еді.
Рустам
Отаным жайнап келеді,
Тыныштық-елге керегі.
Елбасы жақсы адам деп,
Ел-жұрты оған сенеді.
Елнұр
Елін сүйген дара басшы, панасы,
Нұрланып тұр қазағымның даласы
Татулықпен тыныштықтың төрінде,
Қуанады әрбір қазақ баласы.

Іңкәр
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым
Біз ел намысын қорғайтын
Ертеңді жалғастыратын
Қазақ елінің ертеңі болатын
Қазақ елінің болашағы болатын
Жас ұрпақпыз
Балалар, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы осы жерден еліміздің ордасы Астана қаласына бет алады. Осы пойыз арқылы өзіміздің ақ тілегімізді елордамызға жіберейік
Жақсыдан үйренейік, жаманнан жиренейік
Қазақстанның ең бақытты, ең ақылды азаматы болайық!
25 ізгі тілектер.
Тәуелсіздің 25 жылдығына орай 25 оқушы тілектерін айтады.
Поезд жапсырады тілектерін
Ән: «Жаса Қазақстан!» Ильяс Тәрбие.орг сайтынан НАЗАРБАЕВ -ҰЛТ КӨЩБАСШЫСЫ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токмурзина Рысалды Муратбековна

ШҚО Курчатов қаласы № 2 жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 90 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar