"Оқу құралдары" ашық сабақ 3 сынып қазақ тілі

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 145
  • Тәрбие сағаты
  • 22/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23359


Сабаққа өзіндік талдау
Корнеевка орта мектебінің мұғалімі Хасенова Риза Оралқызының қазақ тілі сабағы.
Сабақтың тақырыбы: «Оқу құралдары». Сабақ 3 сыныпта өтілді. Бұл сыныпқа 3 – сыныптан сабақ беремін. Сыныптағы оқушылар өздерін еркін ұстап, ойларын ашық айта алады. 3 сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын бір – біріне сұраққа сұрақ қоя отырып, білмеген сұрақты өзі толықтыруынан пәнге жауапкершілігін, ізденгенін көреміз.
Бұл – дәстүрлі сабақ, жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың мақсаты:
1. сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
2. Сұраққа дұрыс жауап беріп, берілген сөздерді дұрыс үлгі бойынша буынға бөліп үйрену, екі тілде айта білу, дұрыс аударуға үйрену
3.Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу,
Сабақта пайдаланған әдістерім: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,ресурстар қолдану , белингвальды компонент қолдану
баяндау, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау: сөз құрамына, сөзсандылық талдау.
Жаңа сабақты түсіндіруді сызбаға салып, интербелсенді тақтадан көрсеттім. Оқушыларға ой қозғайтын сұрақтар қоя отырып нан тағамдары туралы ұғындырдым. Жаңа сабақты меңгерту барысында оқушылар тірек сөздер арқылы мәтінмен жұмыс жасады. Жаңа сөздерді қолдана отырып, сатылай кешенді талдау және сөзсандылық талдаулар жасады. Логикалық сұрақтар арқылы жаңа сабақты қорыту барысында жеңілден күрделі тапсырма арқылы жаңа білімді игерттім. Семантикалық карта арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушыларды сабаққа қамтыдым. Аз уақыттан дұрыс жауабы көрсетіліп оқушылар өздерін – өздері тексереді.
Оқушылар бағаланды, үй тапсырмасы берілді. Нан туралы тыйым сөздер жаттап келу. Оқушылар сабақты толық игерді деп ойлаймын, сабақта жоспардан ауытқу болмады. Тәрбие.орг сайтынан "Оқу құралдары" ашық сабақ 3 сынып қазақ тілі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хасенова Риза Ораловна

СКО Есильский район с.Корнеевка КГУ "Корнеевская средняя школа" учитель казахского языка начальных классов

Пікірлер: 0

avatar