Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Қорқыт және Ұлы Дала сазы», Бала біздің болашағымыз.Бала тәрбиесіндегі ата- ана ролі.
  • 16.04.2016
  • 474 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18663

Бала біздің болашағымыз.Бала тәрбиесіндегі ата- ана ролі.
Бала өмірге келгеннен бастап,ата- ана баланы қалай тәрбиелеймін деген міндетті сезіне бастайды.Кім баласын жаман болсын дейді.Дей жүрсекте баламыздың тәрбиесін босаңсытып алғанымызды білмей қаламыз да,оны мұғалімнен не нағашы жағына,я ата әжесіне де жаба салуға бейім тұрамыз.Тәрбие тал бесіктен дегендей бала көзін ашар ашпастан сауданы бастап кетеміз.Келіннің төркіні бесік әкеледі.т.б.б.Қазақтың дәстүрінде бесікті сатпайтыны,балалы болған үй өздері шілдехана жасап,баланы бесіке салу рәсімін жасаушы еді.Қазақтың тойы бітпесін десек, саудаға салмай қазақи жолмен балаға берер өнеге,тәрбиеміз басым болса екен.Осы салт дәстүрлерімізді ұрпаққа терең мәні бар етіп баланың санасына сіңіретін,есте қалатындай етіп атқаратын бір жоба керек сияқты.Бұл жерде баланы астамшылдық аста төк ысырапшылдық даңғазадан сақтандыру.Әр нәрсенің парқын қасиетін ұғып біліп өссе деймін. Бала балалығын жасамай тұра ма?Шыр- пыр болып сөзін сөйлегеннің жөні осы екен деп,бет бақтырмай қорғайды.Зерттеп кінасын мойындатып кешірім сұрау,ағат басса түсіндіру,сабырға шақыру жоқ бірден құқық қорғау орнына жүгінеді.Баланы жасына сай еңбекке тартып баулып өсірсе жаман болмас еді. «Әзір асқа тік қасық» болмай қандай жетістікке де өз еңбегімен жету керектігін ұғындырған абзал.Қазақта баланы «7-8 жасқа дейін патшадай күт, 13-14 жасқа дейін құлыңдай жұмса,одан асқан соң құрбыңдай сырлас» деген.Әкенің тәрбиесі мықты болып бала именіп тұрса қор болмайды.Үлкенді сыйлау,кішіні құрметтеу,өмірде қоғамда не болып жатқанын,жақсы- жаманды от басында айтып түсіндіріп,зейініне жол ашып отыру да балаға біраз көмек.Қазіргі заманда барлығын интернет сайттарынан біліп отырамын дегенмен де, ара тұра 3-4 сағат газет журнал түрлі әдеби кітаптар оқыса жақсы болар еді.Дінді сыйлау құрметтеу де бала үшін парыз деп ұқса деймін.Жөні осы екен деп дінімізді мазақ қылып модаға айналдырмау керек.Салт- дәстүрге тәрбие тыйымдарға қарсы шықпаған дұрыс.Балалардың ерте есейіп,тез бейімделгіштігін ескеріп,бірнеше қауіп қатерлерден тыю қажет. Түрлі діни ағымдардан ,бей әдеп кино көру,ойынханаларға құмарлық,маскүнемдік,нашақорлық әдеттерден сақтандырып отырса деймін.Қазақ халқының ұстанып келе жатқан діні Ислам діні болса,сол діннен өз қалауымен қазақ ұлтына бейімді жағын қарастырып салт дәстүрімізбен байланыстырып қараған жөн. Мамандық таңдау да да ата- ана өз дегенін істетеді көп жағдайда.Бала өзінің сүйген мамандығына өз күшімен жетуге талпынса,келешекте одан жақсы маман шығар еді. «Бала тәрбиесінде қателесу- Отанымызға сатқындық» - деген екен шығыс ойшылы Фердауси.Қазіргі қоғамда елімізде болып жатқан жағдайларға қарап қорқасың.Қатігездік, имансыздық,безбүйректік кеңінен етек жайды.Бұл ойландыратын жағдай. Әрбір ата-ана өз парыздарын білсе.Балаларын бақылап,жат әдеттерге бармау жолдарын іздестіру принциптерін жолға қою. Жастарды түрлі танымдық салауаттылық үйірмелеріне тарту алдыңғы жолға қойылса.Тезге салса жөнделмейтін жан жоқ. Мемлекетіміздің іргесі мықты болу үшін,ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау басты парыз.Олай болса «Отан от басынан басталады» ,Ұлағатты ұл,Инабатты қыздарымыз әрқашан да өмір мұраты бола бермек.
Н.Кирашова.
№107 орта мектебі мұғалімі.
Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы

Тәрбие жұмысы 4 сынып
Тақырыбы: «Қорқыт және Ұлы Дала сазы»
Мақсаты : а)Қорқыттың қазақ халқы үшін теңдесі жоқ ұлы ойшыл қобызшы екенін айту.
ә)Күйлерін тыңдату :Күйдің шығу тарихын түсіндіру. Оқушының таным қабілетін жетілдіру . б)Адамгершілікке тәрбиелеу,Ұқыптылыққа үйрету. Көрнекілігі,керекті жабдықтар:Қорқыт ата басылымы.Кітаптар көрмесі.Қорқыт ата нақыл сөздері.Қобыз ,үнтаспа. Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың назарын аудару. Бүгінгі орындалатын жұмыстар жайлы хабарлау. ІІ.Кіріспе. 1. – Біздер балалар Қорқыт жайлы естіп біліп жүрміз бе? -Әрине Қорқыт ата ,бүкіл түркі тілдес , бүкіл түркі тілдес халықтардың рухани ұлы тұлғасы.Яғни мұсылман халықтарының тұлғасы. Қорқыт атаның туып өскен жері, Отаны кіндік қаны тамған жері қасиетті Сыр елі. Қорқыт ата қара қобызды түркі жұртының әруақты аспанына айналдырған ұлы күйші,түркі музыка өнерінің негізін қалаушы.Сол себепті Күй атасы –Қорқыт дейміз.Қорқыт біздің заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырларда өмір сүрген. Сыр елінде яғни Қызылорда қаласында,содан кейін Қорқыт ата кесенесінде жыл сайын күзде қазан айында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық өнер фестивалі өтеді. Бұл өнер фестивалінің мақсаты түркі халықтарының саяси әлеуметтік,мәдени дамуының қайнар көзі болуға жетелеу.Қасиетті мұраларымыздың бүгінін ертеңгі күннің игілігіне айналдыруды көздейді.Қорқыт жазбалары осы заманға дейін ауыздан ауызға таралып ұлы мұра болып біздің заманымызға дейін жетті.Айта берсек Қорқыт ата аңызы,оның өмірі,қобызы,күйлері,өлімнен қашқаны,ақыл сөздері халыққа кеңінен таныла береді. Қорқыт (VІІІ - ІХ ғғ) - оғыз қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы,батагөй абызы,дәулескер күйшісі,келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені,нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды.Ата жағынан Қорқыт Оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса,анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді.Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара қожа деген кісі болса керек. Қорқыт Оғыз бен Қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес,абыз,халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы,оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,-В.В.Бартольд. Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздері орнықтырады. «Қара есектің басына жүген таққанмен,тұлпар болмас,күңге сары алтындай шапан жапқанмен бәйбіше болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,атадан өнеге алмаған » , «Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды», «Өтірік сөз өрге баспайды» (профессор Ә.Қоңыратбаевтың аудармасынан) Қорқыт туралы бірден бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы » былай басталады: «Баят руында Қорқыт дейтін білікті,сәуегей адам болыпты.Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған.Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен.Қандай ғана қиын іс болмасын,Қорқыттың кеңесін алмай,ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған.Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.»
2.Қорқыт атамен тілдесу.Көрініс .Сұхбат.
3.Қорқыт тағылымы.
1.Қорқыт сарыны Шәкәрім.
Кешегі өткен ер Қорқыт, Кейінгі жанға болды ұмыт. Сарынын соның салайық , Ескі әуез демей құлақ тұт. Аңғармай кетпе арынмен, Қобызбен Қорқыт сарнаған. Мұңлы ән мен өмір суреттеп. Сол әнін соған арнаған. Ашулы зарлы сарынмен. 2.Қорқыт түбі түрік қалмақ. Өмір мен өлім жайын әнге дәл салмақ. Ол ән салып сөзсіз сарынмен, Шер тарқатыпты зарлап. Басында жырмен бастаған. Аяғын әнмен шырқатып, Бір ауыз сөзді қоспаған. 4.Қорқыт ата жайлы оқушылардың ой толғауы. 5.Қорқыт ата күйлері. Ұшардың ұлуы. Тарғыл тана. Қорқыт. Елім ай- халқым- ай. Әуппай. Башпай. Желмая. Аққу . Кілем жайған. Арыстан баб. Ұстаз. Қоңыр. \Күйлерін таспадан тыңдату\
6.Қорқыттанушылар.
1.Әлкей Марғұлан. Зерттеуші ғалым
2.Мардан Бәйділдаев.Ғалым тарихшы.
3.Қырық қыз хикаясын айтып өту.
7. «Қорқыт- Қобыз» бейне баянын көрсету.
8 «.Қорқыт» ән бейнебаянын көрсету.
9.Қорытындылау.
«Сөйлем құра жалғастыр» ойыны.
1. Қорқыт ,дана,ұлы ойшыл күйші болған.....
2.Оның Елім ай,Аққу деген күйлері бар....
3.Елім ай күйінде елі мен жерінің жағдайын айтады....
4.Күйлерін біздер сүйсіне тыңдаймыз...
5.Біз қорқыт елінің ұландарымыз...


Н.Кирашова.
№107 орта мектебі мұғалімі.
Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы Тәрбие.орг сайтынан «Қорқыт және Ұлы Дала сазы», Бала біздің болашағымыз.Бала тәрбиесіндегі ата- ана ролі. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кирашова Несібелі

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Дүр Оңғар ауылы,№107 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 474 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar