«Қош бол, балғын балалық»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 525
  • Тәрбие сағаты
  • 25/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18141


Тақырыбы: «Қош бол, балғын балалық»
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош бол,балғын балалық» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныпты ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
1.Даниялдай ұлымыз бар мақтанамыз,
Әніне,өлеңіне рахаттанып шаттанамыз.
Талантымен талайды табындыртар,
Даниялға ақ тілекті ақтарамыз.
2.Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Әр ісі әрқашан да мойындалар.
Әр ісіне жауапты Ерген бала
Арманың болашақта орындалар.
3.Үлкені боп келеді жанұяда,
Кезек келді ерке қыз Данагульге де
Әрқашанда күлімсіреп жүресің.
Әңгімеңмен баурап алып кетесің.
Болашақта биік-биік шыңдардан,
Көрінеді ғой деп мен өзіңе сенемін.
4.Дильдар сондай салмақты,
Сабақ оқудан бір талмапты
Әр іске де жауапкершілікпен қарайтын
Оқушымсың сенімімді ақтайтын.
5.Әр іске де жауапкершілік танытатын
Сабақтан босқа қалмауға тырысатын.
Айдана ақкөңіл бала,жүрегі кең,
Мақтан етіп өзіңді жүремін мен.
6.Есеп шығарудың шебері,
Математиканы өте жақсы көреді.
Өнеріңді өзіңнің бағалаймыз,
Сұңғақ бойлы,әдемі қыз Айлана.
7.Бос жібермей ешқашан да уақытын,
Сурет салу сенің бар үлкен талантың.
Самғай бер,қанатың талмасын,
Ахметжан келешекте жарқын болсын болашағың.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
1-жүргізуші:Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстазға арнаймыз!
(оқушылардың ұстазына тақпақтары)
Ендеше оқушылардың ұстаздарға, мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
(оқушылар тақпақтарын айтады)
Ән: Мектебім. орындайтын 4 «а» сынып қыздары.
Слайд: : «Қош бол, балғын балалық»
Мұғалім сөзі: Бұл күнге дейінгі 4 жыл уақытты ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт сол күндерімізді елестетер болсақ....... Құрметті қонақтар,оқушылар енді «Біздің балғын балалық» атты слайдты тамашалайық.
1 -жүргізуші:
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа-жыл мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.
1-жүргізуші: Ал енді көп күттірмей кезекті өнерлі де,талапты бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне берейік.
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Флешмоб» билеумен тамсандырған.
Би: «Балалық»
Енді Сатов Ергеннің орындауында күй.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ән «Ұстазым менің» барлығы бірге
1 – жүргізуші: Енді сынып оқушылары мен ата – аналар өмірінен көріністер көрсетеміз.
Көрініс: «Есеп».
Баласы: Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.
Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың. Әкелері де сол есепті шығара алмапты.
Көрініс: «Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып. Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы: Сынып бөлмесінің терезесін. Кім сындырды деген сұраққа…
Көрініс: «Емтихан»
Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
Би: «Қыздар биі»

Мұғалім сөзі:Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұландар,көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Марапаттау рәсімі. (оқушыларға диплом беру)
Мектеп директорының құттықтау сөзі
1-жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.
1-жүргізуші: Осымен «Қош бол, балғын балалық» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мереке тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін. Тәрбие.орг сайтынан «Қош бол, балғын балалық» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдрахманова Зауреш Сатвалдиевна

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar