Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« Қош келдің Әз Наурыз » МӘДЕНИ – КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИЙІ
  • 08.06.2016
  • 404 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19181

МӘДЕНИ – КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИЙІ
« Қош келдің Әз Наурыз »
(тәрбие сағаты)


Сабақ мақсаты: Наурыз мейрамын оқушылардың ойында жаңғырту;

Қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу;

Ұлттық құндылықтарды сақтау;

Сабақтың көрнектілігі: Шарлар, нақыл сөздер,слайдтар

Өткізілу әдісі: Ашық тәрбие сағаты

Өтетін орны: Акт залы

Өтетін күні: 19 наурыз 2016 жыл

Өту барысы: (келесі бетте)

Мотивациялық қозғаушы

Зал іші Наурыз мерекесіне лайықтап безендірілген.Фонда Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады.

1Жүргізуші:Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!


Наурыз мерекесіне келген қонақтар амандасады.Осы кезде 2 әже шығып,
-Амансыздарма?!
-Төрлетіңіздер!
-Наурыз мерекесі құтты болсын!
-Ұлыс оң болсын! – деп шашу шашады.
Бүгінгі Наурыз тойын тамашалауға келген қалың қауым!Сіздерге Төле би,Қазыбек би және Әйтеке бидің ауылына қош келдіңіздер дейміз!

2-Жүргізуші:Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.

1-Жүргізуші:
Наурыз көже– ұлттық тағам. Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген.
Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, айран, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген . Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді.


2Жүргізуші:
Жарапазан
1-оқушы: : Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.

2-оқушы: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Бірге:
Наурыз құтты болсын!
Жыл басы – Ұлыс тойы жасасын!!

1Жүргізуші:Ендігі сөз кезегін Емдеу ісі бөлімінің деканы Жапақова Алма Қазболатовнаға беріледі


2Жүргізуші: “Наурызым – бабамның сөзі,наурызым –анамның сөзі,Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі” демекші, тойды бастамас бұрын 3 биімізді ортаға шақырып,бата сұрасақ:

Төле би рөлінде:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,

Қазыбек би рөлінде:
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Әйтеке би рөлінде:
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!

1Жүргізуші:
Ән :СД15 Құмарова Гульмира мен Нұрымова Асылзада “Әз Наурыз”


2жүргізуші:Құрметті қонақтар мен оқытушылар,студенттер!Бүгінгі біз тобымызды 3 ауылға бөліп, осы ауылдардың салт-дәстүрлерін,өнерлерін тамашалайтын боламыз. Ендеше осы ауылдарымызбен таныстырып өтелік
1 ауыл Төле би ауылы
2 ауыл Қазыбек би ауылы
3 ауылы Әйтеке би ауылы

1жүргізуші:
Кешіміздің бағдарламасы 3 бөлімнен тұрады.
1 бөлім «Ұлттық тағам»
2 бөлім «Қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсету»
3 бөлім «Өнерлі өрге жүзер» (өнерін ортаға салады)

2жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боздалам
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам
Қайта оралған намысымдай наурызым
Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым

Ал,енді көп күттірмей алғашқы бөлімімізді бастайық. Бұл бөлімде әр ауыл өздерінің дайындаған ұлттық тағамдарын қонақтарға таныстырады.Тағамның тарихын,құрамын және маңызын атап кетеді.

1жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!
Осы кезге дейін ұмытыла бастаған, бірақ тәрбиелік мәнін жоймаған қазақтыың салт –дәстүрлері өте көп.Әрбір ауылымыз сол салт-дәстүрлерді жаңғыртып, шағын ғана көрініс арқылы көрермен қауымға жеткізуге тиіс.

2жүргізуші:
«Өнерлі өрге жүзер» атты соңғы бөлімізге де кезек келіп жетті. Ауылдарымыз өз өнерлерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық.(3ауыл би,ән,күй және т.б өнер көрсетуі керек)

1жүргізуші :
Әр ауыл өз өнерлерімен,салт-дәстүрімен,қонақжайлылықтарымен ерекшеленеді. Ал, ендеше, осы кеште барлық жағынан белсенділігімен,ерекшеліктерімен көзге түскен ауылды атап кету үшін қонақтарымызға сөз кезегін берейік.


2жүргізуші :
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Арда өсіп,адал емген ақ уызын,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрлі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған наурызыма!

1жүргізуші :

Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Тәрбие.орг сайтынан « Қош келдің Әз Наурыз » МӘДЕНИ – КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИЙІ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусагалиева Дания Кадыровна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 404 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar