От- адамның досы және қасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 526
  • Тәрбие сағаты
  • 30/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20279


Тақырыбы: От- адамның досы және қасы
Мақсаты:
1. Оқушыларға оттың пайдасы және зияны туралы түсінік беру; отқауіптілігі туралы ұғымын меңгерту, өмір қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру.
2. Көрнекі ойлау және салыстыру, жинақтау іскерлігін дамыту;
3. Өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын қорғауға тәрбиелеу. Кездейсоқ өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдауын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, қағаз, қаламдар
Барысы:
Психологиялық дайындық
Сұрақ:
- Балалар, «от» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Жарық
Қолайлы жағдай туғызады
Тамақ
Жылу
Балалар, алғашқы адамдар қауамдастығы екі ағашты бір – біріне қатты соғу арқылы от жағуды үйренген. От – адамның алғашқы көмекшісі. Егер қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамай, отқа еркіндік беретін болсақ, оттан адам өміріне көп қауіпті жағдай туындайды.
Оттан болатын апат. Бұған жауынды күні найзағай ұшқынынан болатын өрт жатады – плакатқа салған сурет көрсету.
Жазда күннің қатты ыстық болуынан құрғаған шөп тұтанып өрт шығады. Бұл да табиғи жағдайдан болатын апат.
2 – түрі: Адамның техникалық қауіпсіздікті сақтамауынан болатын өрт плакатқа салынған сурет бойынша әңгіме. Енді адамдар техникалық қауіпсіздікті сақтамаса қандай өрт түрлері болатындығын атап көрсетіңдер.
1. Қазір адамдар қолайлы өмір сүру ұшін көптеген техникалық жабдықтар бар. Ток шәйнек, газ, пег, шаңсорғыш, теледидар, магнитофон. Осы техникалық құралдары дұрыс қолданбаса өрт шығады. Бір ток желіге бірнеше электр жабдықтарын қосуға болмайды. Себебі электр тоғы тартылған сым қызып кетеді де, өрт шығады.
2. Үйден шығарда өте мұқият болу керек. Электр жүйесінде қосылып тұрған шәйнекті немесе үтікті өшіруді ұмытып кетсек, онда электр жабдығы қызып балқиды да өрт шығады.
3. Үй иелерінің ұмытшақтығынан өшірілмеген газ плитасы өте қауіпті. Плитадағы сүт тасып, жанып жанып тұрған газды өшіріде, осыдан үйдің ішіне газ толып кетеді. Енді осы кезде сіріңке жағып немесе жарық қосқышты қоссақ, газ атылуы мүмкін.
4. Бір өкініштісі осындай өрт түрлері мереке күндері де кездесіп жатады. Мысалы: жаңа жыл мейрамында әр түрлі пиротехникалық құралдарды, яғни бенгал шырағын, тарсылдақты, фейерверкті дұрыс қолданбаса өрт шығады. Пиротехникалық құралдардың ұшқыны тез тұтанатын затқа тиюден сақ болу керек.
5. Өрттің шығу себептері отқа немқұрайлы қараудан шығады. Өшірілмеген темекі немесе сіріңке бүткіл бір үйді өртеп жіберуі мүмкін. Үйде, шатырда, балконда сіріңкеге өте сақ болу керек.
Енді өрттің шығуы туралы шағын көрініс көрсетіп, осы көріністі
талдайық.
Көрініс көрсету.
Үйде екі бала ойыншықтармен ойнап отырады. Үлкені сіріңке шиінен есеп көрсетемін дейді. Төрт шиді пайдаланып, қалақ бейнесін бейнелейді, оған қағаз қиқымдарын қиып, қоқыс етіп салады. Енді екі шиді қозғау арқылы қоқысты сыртқа шығару керек деп ойын түрін айтады.
Ал інісі есеп ойында шешеді, сосын қағаз жағады. Осы кезде от блып киінген балалар өрт бейнесін бейнелейді. Екі бала өртті қатты материалмен жауып өшіруге тырысады. Бірақ өрт өршелене түседі. Екі бала енді екі орамалды сулап алып, сол арқылы тыныс алады. Телефон арқылы өрт сөндірушілерге одан кейін ата – анасына хабарлайды.
Бастарына сулы қатты матаны орап алып, ауыз, мұрындарын сулы орамалмен жауып түтін болған бөлмеден еңбектеп шығып кетеді. Өрт сөндірушілер келіп өртті сөндіреді.
Көрініс қорытындысын талқылау.
«Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?» деген сұрақ қойып оқушылардан жауап алу.
1. Сабырлық сқтау керек.
2. Жылдам қимылдап, тез шешім қабылдау керек.
3. Негізгі және қосалқы есіктерден тез бөлмеден шығу керек.
4. Улы иістерден қорғану үшін дымқыл орамалмен немесе шүберекпен тыныс алу керек.
5. Телефонмен өрт сөндірушілер тобына хабарлап, аты – жөнін, мекен – жайын толық айту керек.
6. Жалындап жатқан бөлмеден адам өткенде басына сулы шүберек жауып өту керек.
7. Түтін болған бөлмеден тұншықпау үшін еңбектеп немесе еңкейіп шығу керек.
8. Өрт болып жатқан жерден желдің бағытына қарай шығу керек.
9. Өрттен шығарда лифтіні қолдануға,терезеден секіруге болмайды.
Мәліметтерге сүйенсек, алысқа бармай – ақ осы Талдықорғанн қаласында 2006 жылдың желтоқсан айына дейін 113 өрт тіркеліпті. Одан 1 миллион 754 мың теңге көлемінде зиян келді.
Өрттің шығу себептері жылыту электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуда.
Тек балалардың кінәсінен 8 өрт шықты. Сондықтан балаларға отпен ойнауға болмайды.
Топпен жұмыс жасай отырып, сұрақтың тиісті жауабын анықтау.
Сіз үйде теледидар көріп отырсыз. Біраз уақыттан кейін электр желіден түтін шықты.
Ажыратқыш тоқты суарып алып алып тастайын десеңіз ажыратқыш істен шыға бастады. Сіз не істер едіңіз? Берілген жауапты ретімен атап көрсету.
1. Керекті құралдарды алып желіні жөндейсіз
2. Ата – анаңызға хабарлайсыз
3. Тоқ желісін қиып тастайсыз
4. Үйге келіп тұрған токты өшіріп тастаймыз
5. Шәйнекке су толтырып түтіндеп тұрған жерге шашамыз
6. Тұншықпау үшін терезені ашамыз
Оқушы тиісті жауапты анықтайды. Тиісті емес жауапты дәлелдеп айтып береді.
Балалар, сонымен бүгін сабақта не өттік? Оттың пайдалы және зиянды жақтарын топқа бөліп айтып беріңдер.
Оттың пайдалы жақтары: Оттың зиянды жақтары:

Жылу береді Өрт болады
Тамақ пісіреміз Адам күйеде, өледі
Жарық береді Зиян шегеді
Қолайлы жағдай туғызады. Үй өртенеді
Ауа ластанады
Оқушылардың шығармашылығын арттыру арқылы сабақты бекіту.
От туралы дайындаған өлеңдерін оқыту. От туралы мақал – мәтел айту.
Плакатқа салынған сурет бойынша ребусты шешу, мақалды оқу.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан От- адамның досы және қасы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бикбулатова Гуляем Тургуновна

Қанай мектеп- балабақша кешені бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar