Отбасы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 206
  • Тәрбие сағаты
  • 12/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22795


Суйешова Нургул Иманқызы.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы.
Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға
арналған мектеп-интернат-кешенінің тәрбиешісі.
Мақсаты:
Түзету білімділік: Бала бойындағы отбасылық ұғымды отбасындағы сыйластыққа,адамгершілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу.
Түзету дамытушылық:Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап ,сөздік қорын молайту.
Түзету тәрбиелілік:Ата-ана алдындағы парызын өтеу еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Сөздіктер:отбасы, мемлекет, ата-әже, әке-ана, апа-аға, іні-қарын- дас,үлкен-кіші.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі:
Қайырлы күн!
Армысыз, мейірімді Жер- Ана.
Бәріміз дос болайық !
Бәріміз тату болайық !
-Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет қандай болуы мүмкін?
II. Әркім өз отбасы туралы әңгімелеу.
Сұрақ- жауап : Сенің отбасыңдағы орның қандай?
Отбасыңның қандай мүшелері бар?
Аға-апаларың барма?


III.Әңгімеарқылытүйін.
-Енді мына әңгімеге құлақ салайық.
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан
-Балам,мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
-Ол құстың даусы,-деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды.Бала әуелгі жауабын қайталапты.
Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда,баласы:
-Ол - құс, құс ! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
-Балам кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің «Анау не мынау не» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін»-деп күрсінді .Сендер не ойлап айтар едіңдер?
Әңгімені қорытындылау.
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
-Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір- шапағат көзі- әке және ана. « Әке – асқар тау» «Ана сая бағың»- дейді халқымыз.
Ана туралы өлең оқыту.
Мұрат:Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?
Елік: Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!
Өлең жолдарынан түсініктерін сұрау.
«Саусақ қимылы» жаттығуын жасаймыз.
Бас бармағым атам
Балаң үйрек атаң
Ортан жілік әкем
Шылдыр шүмек анам
Кішкентай бөбек мен
Міне,менің барлық отбасым.
Балалар,отбасында татулық,сыйластық,қуаныштар көп болсын!
Қорытынды: Барлық өнеге отбасынан басталады,балаларымыздың бойына ізеттілік адалдық,сіңдіру.Өз отбасымыздың бір мүшесіне сыйлық
жасаймыз және тілек жазамыз. Тәрбие.орг сайтынан Отбасы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Суйешова Нургул Иманқызы

БҚО Орал қаласы Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кеше тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar