Отбасы берекесі

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 307
  • Тәрбие сағаты
  • 07/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22529


Отбасы берекесі
Мақсаты:Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту, отбасының негізгі өмірдің ұйытқысы екенін, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.Отбасы тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсете отырып, алдағы өмірге даярлау. Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, лозунгтер, слайдтар, видеороликтер
Жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. «Киіз үй» психологиялық ынтымақтастығы (шаңырақты бейнелеу)
3. Ата-аналар топтарын құру ( отбасындағы бала санына қарай)
4. Ой қозғау: «Отбасы берекесі деген не?»
5. 7-8 сынып оқушыларының әдеби монтажы
6. Тәжірибе «Ең, ең, ең............»
7. «......................» тақырыбында видеоролик тамашалау
8. Сергіту сәті: « ..............»
9. «Бақытты жанұя» (постер қорғау)
10. Таны мені. (фотосурет бөлшектерінен балаларын тану)
11. 7-8 сынып оқушыларының даярлаған фотошоу көру
12. Қорытынды:
-ананың аялы алақаны;
-бақыт салатының рецептісі;
-ата-аналарға арналған ережелер, жадынама тарату.
Барысы:
- Құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Отбасы берекесі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Отбасының екі жүрегі ата мен әже, сол кісілердің ақылын тыңдап өсуіміз керек, және екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті. Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. /7-8 сынып оқушылары ата-аналарына бас иеді/
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
2-Жүргізуші: Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.

1-жүргізуші: Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы баптап бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін отбасы жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші- ата-ана. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-анасы. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
2.Сіздерді ортаға «Киіз үй» психологиялық ынтымақтастығын құруға шақырамын. (шаңырақты бейнелеу)
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің отбасымыздың да қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
3. Ата-аналар топтарын құру ( отбасындағы бала санына қарай)

Мұғалім 1-4, сонымен қатар 5-тен көп жазылған қағаз таратады. Ата-аналар өзіне тиген стикер бойынша топ құрады.
-Рахмет! Енді орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын. Ата-аналар топтасып отырады.
1-жүргізуші: Бүгінгі отбасымыз туралы әңгімемізді мынадай бір аңыздан бастағым келеді. Ертеде 100 адамнан тұратын бір жанұя өмір сүріпті. Олар үнемі бейбітшілік, махаббат, келісушілікпен көзге түсіпті. Бұл хабар елді басқарушының құлағына шалынады. Ол жанұя басшысын өзіне шақырып, «Бір жанұяда бір-біріңмен ұрыспай, ренжіспей қалай өмір сүресіңдер?»-деп сұрапты. Сонда ол қағазды алып, жаза бастайды. Жауапты ел басқарушы оқыған кезде таңданыпты, себебі қағазда «түсінушілік» деген сөз 100 рет жазылған екен. Жаңағы аңызда айтылғандай, түсінушілік бар кезде татулық болады. Ал жанұяны басқарудың басты кілті бір адамның қолында- ол әке. Әкеге бағыну сөзсіз, яғни толығымен әкемен келісу керек.
4.Ой қозғау «Отбасы берекесі дегеніміз не?» ата-аналар постер жасайды.
Гүлдің бейнесін келтіріп, гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын жазады. Мысалы: түсінушілік, шыдамдылық, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, т.б.
5.7-8 сынып оқушіларының әдеби монтажы.
Ажар:Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра-ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп,
Адалдық- менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
Сымбат:
Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Ана мейірі күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!
Үміт:
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Алмас:
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.

2-Жүргізуші :Жақсы балалар, ал қандай отбасы туралы даналық сөздер білесіңдер?
Лаура: Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады
Үміт: Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі.
Мейрамбек:Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Айдын:Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек.
Нефет: Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Ажар:Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы.
Үміт: Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.

1-жүргізуші: Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.
2-жүргізуші:7-8 сынып оқушылары орындауында ән «Анаға салем»
6.Тәжірибе: «Ең, ең, ең.......»
1. /ата-аналар кестені толырады/
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті ______________________________________________
Ата-аналар карточканы толтырғанша балалар сендер мына сұрақтарға жауап беріп көріңдерші.
2. Отбасында ең үлкен,ең ардақты барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?
3. Дұрыс балалар ол біздің әжеміз.(әже суретін көрсету.)
4. Кітапты көп оқитын,қызықты тарихи оқиғаларды көп білетін,немерелерін еркелетіп,үнемі қасынан тастамай жүретін ақсақалды кісіні кім дейміз?
5. -Әрине, ол ата ғой. (Ата суретін көрсету.)
6. Өзі салмақты байсалды,бос уакытын балалармен өткізгенді жақсы көретін
7. Отбасын қорғаушы,асыраушы кім?(Әке. әке суретін көрсету.)
8. Ал,балалар біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам кім?
9. Бала,бала,бала деп,
10. Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Бұл кім,балалар?
Дұрыс балалар.Түнде біз оянып кетсек жұбататын,бесігімізді тербетіп,әлдилеп ән айтатын,біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам-ол әрине ана.( Ана суретін көрсету.)
1) Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

7. «......................» тақырыбында видеоролик тамашалау
8.Сергіту сәті: «......................»
«Бақытты жанұя» (постер қорғау)
Құрметті ата-ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың, яғни баршамыздың балаларымыздың қолында, ол бақыт отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да балаларыңыз бақытқа кенелсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер! Сіздің ойыңыздағы «Бақытты жанұя» ұғымын алдарыңыздағы қағаз бетіне түсіруіңіз сұралады.
Би: 7-8 сынып оқушыларының орындауында би .......................
9. «Бақытты жанұя» постер қорғау.
10.Таны мені. (фотосурет бөлшектерінен балаларын тану)
Ән: 7-8 сынып оқушыларының орындауында ән «Жан әкем»
11.7-8 сынып оқушыларының даярлаған фотошоу көру
12. Қорытынды:
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі тренингте біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін алдарыңыздағы мейірімділікке толы ана алақанының суретіне бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізді, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде жазып, тақтаға ілулеріңіз сұралады.
Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
«Бақыт» салатының рецептісі
Құрамы: Махаббат (мүмкіндігінше көбірек)
Тосын сый (тек жақсылары мен жаңалары)
Күлкі (тек жолдастық, достық түрі ғана)
Бақыт (шексіз)
Мейірімділік (тіршіліктің барлығына)
Жауапкершілік (әр іске жеткілікті мөлшерде)
Күтім (шексіз)
Дайындалу әдісі: Бар тіршілікке жетерлік мейірімділікке бір уыс махаббат қосыңыз. Осы екі қоспаны мұқият араластырып, бір қасық күлкі, екі қасық күтім мен жауапкершілік салыңыз. Салаттың бетін әдемі тосын сыймен безендіріңіз. Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан-
Өл – өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер – білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата – анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы – жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата – ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы ата – аналар , сіздерге байланысты. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие.орг сайтынан Отбасы берекесі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дуйсембаева Айгуль Изаятовна

ШҚО Үржар ауданы Қызылбұлақ ауылы, "Қызылбұлақ орта мектебі"КММ Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar