Отбасы татулығы басты құндылық

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 483
  • Тәрбие сағаты
  • 13/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20490


Сабақ тақырыбы: Отбасы татулығы - басты құндылық
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
- отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасында жағымда қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері: гүл, шарлар, постер, маркер, қима қағаздар, т.с.
Сабақтың өтілу түрі: аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: талдау, баяндау, сұрақ – жауап, ой түйіндеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
2. Шаттық шеңбері.
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір – біріне жақсы тілектер айтып, сабақты бастайды.
3. Мәтінмен жұмыс.
Слайдтағы жазылған өлеңге талдау жасайды.
Мен – қазақ баласымын
Е. Өтетілеуов
Дарытқан бар асылын,
Мен – қазақ баласымын.
Жерінде – бабасының,
Елінде – анасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында - анасының,
Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын
Мен – қазақ баласымын!
Өлең бойынша сұрақтарға жауап алу.
- «Мен – қазақ баласымын!» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Оқушылар «Отбасы – өмір аясы » айдарында тақпақтар айтады.
Қасиет: Отбасы - үлкен берекең,
Думанды, шаттық мерекең.
Шешілсе тірлік бірлесіп,
Ынтымақты ел екен.
Балалы үй базарың,
Күресер бәрі белдесіп.
Солармен кірер ажарың
Отырсаң шүйіркелесіп.
Аяулым: Үш әріптің қадірін
Түсінуің оңай ма?
Құрметте оны бауырым,
Ренжітіп алма, абайла!
Ана деген бірақ сөз,
Қымбат екен талайға.
Қалауын тапса, қар жанар,
Көңілін тап қалайды.
Жанеля: Не ішсем де, не жесем,
Бетімнен қақпайды.
Мен жатпасам жатпайтын
Менің анам қандай – ды.
5. «Отбасы өнегесі - үлгілі өнеге» тақырыбында сахналау айдары.
- Ана мен баланың махабаты.
- Ата – ана қуанышы
- Сіз бен сен
Отбасындағы үлкен мен кішінің бір – біріне деген ізет- құрметін, қарым – қатынасын айқындайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында сахналау айдарынан пайымдаған ой – пікірлерін жалғастырып, отбасы – тәрбие баспалдағы екені түсініп, ой тұжырымдарын постерге түсіреді.
6. «Топтастыру» айдары


Әке махаббаты

Сүйіспеншілік Ана махаббаты

Бірлік Ынтымақ

Сыйластық Бауырмалдық

Жылулық Мейірім



7. Дәптермен жұмыс.
8. «Жүректен жүрекке» айдарымен сабақтан алған әсерлерін оқушылар ән айту арқылы жеткізеді.
9. Қорытынды.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, балалардың өсіп, өмір сүретін орны, - деп Макаренко текке айтпаған. Бүгін өздерің түсінгендей отбасы- кіші мемлекет. Отбасы өнегесі – Отан өнегесі. Дегенмен, біз отбасынан қандай тәлім – тәрбие алсақ, өскенде соның жемісін көреді екенбіз. Тәрбие.орг сайтынан Отбасы татулығы басты құндылық Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарсенбаева Гулнур Аманбайқызы

ОҚО Арыс қаласы С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar