РУХАНИ ТӘРБИЕ – АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 231
  • Тәрбие сағаты
  • 11/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22787


«Өзін – өзі тану» факультатив сабағы бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жоспары

Сабақ тақырыбы:_____Рухани тәрбие – адамгершілік негізі____

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Білім алушылардың қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым – қатынас айқындамасын, адамгершілік мінез-құлықтың, әлеуметтік маңызын ашу, сондай-ақ шығармашылық шыңын көтеру.

2. Дамытушылық мақсаты: Өзін – өзі тануды оқыту білім алушының өзіндік бейімділігін ашу және оның мінез-құлқын, қабілетін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс – әрекет субьекті ретінде дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты : Өзін – өзі тану – даналықтың шыңы, ол – махаббат, ол – бақыттың құпиясы, ол адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, түрлі – түсті маркерлер, тарату материалдары, мультимедиапроектор, А-4 қағазы, стикерлер, интерактивті тақта және экран.

Сабақтың барысы
Әнұран
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қош келдіңіздер бүгінгі «Өзін – өзі тану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік ісшаралардың ашылуына байланысты «Рухани тәрбие – адамгершілік негізі» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Он күндікті ашып беру үшін ортаға колледж директоры Танат Максимұлын шақырамыз.

Жүргізуші:
Мен өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір – кітап түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім - әрбір бетін ашқаным.

Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,
Ойлауменен өтед ылғи оңашам,
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
-демекші адам бойындағы кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрену осы аталғандардың барлығы бір жақсылық болып есептеледі. Осы жақсылық атаулының барлығын бойымызға сіңіретін ана-анамыз және колледжіміздің оқытушылары мен «Өзін – өзі тану» пәні. Біріміз осы айтылғанмен келісеміз, енді біріміз келіспеспіз. Мен атаған рухани –адамгершілік қасиеттердің барлығын бір арнаға салып баяндама оқушы Г.О. Утешоваға сөз береміз.
«Өзін – өзі тану» пәнінің шығу тарихы жайында баяндама.

Жүргізуші:
Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан,
Табылсаң болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан

Өзгеге жасаған жақсылығың, өзіңе жасаған жақсылығың. Жақсылық жасаудан және жақсылыққа рахмет айтудан әрқашан шаршамайық.
Ортаға 1ЭВТа-16Б тобының студенті Алтынды «Ризамын» әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:
«Өзін – өзі тану» пәні – сан қырлы,
Айтар ойы, мақсаты оның маңызды.
Жеке тұлға қалыптасса жан – жақты,
Болашағы болар елдің таң нұрлы,
Өзін – өзі, өзгеніде танитын,
Мейірімділік, адалдыққа баулитын
Сездіретін жүректердің жылуын... – дей отырып
Колледж студенттерінің пікірлерін тыңдайық...
2ОГХ-15Б тобының студенті Абдрахманова Динара
1ЭВТа-16Б тобының студенті Көбейсін
1ДПб-16Б тобының студенті Наргиза

Жүргізуші:
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,
Сондықтан да, өз - өзіңе абай бол,
Өмір сені сонда ғана шыңдайды. - деп ақындар жырлағандай. Өмір - арнасы кең өзен, «Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз, онда жүзем демеңіз»
Әрқашанда өміріміз ізгіліктен, жақсылықтан, қуаныштан арылмасын деп ортаға 2МП0901-15Б тобының студенті Асхатты «Қуаныш» күиімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Өзін – өзі тану пәні өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Адамгершілік қасиетке жол бастаушы,
Ақыл-ой, жылы жүрек – адам көркі.
«Елімізге бойына ата – бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты адамзаттар қажет» - деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын. Ендеше осы пікірмен келісе отырып бүгінгі ашылуымыздың қорытынды сөзін. Гулмира Очилқызына береміз.

Тіреуің белден тұрсынып,
Құлдырға көшіп қонды бақ.
Ұрпағым дерсің ұмсынып,
Сенікі емес ол бірақ.
Қанында қалмай бір белгі,
Жасампаз ұлттың жан нұры.
Тәлімін алса кімдердің,
Сақталған сынық асылдан.
Жем болып жатқа кетерме,
Ғазауат сыңды ғасырдан.
Азамат аман өтерме,
Ұланын ұлтқа етсе жау.
Ерлерсіз қайтіп ел оңбақ,
Қазақстаным көктер – ау.
Қазақтың күні не болмақ.
Міне рухани тәрбиенің дұрыс берілуі рухы биік ұрпақ тәрбиелеудің негізгі кепілі. «Ұлықты ұл – қылықты қыз» өсіріп отырған әрбір ата-ана рухани тәрбиенің маңызы зор екенін білуі керек . Тамыры тәрбиемен тағлымнан нәр алған қоғмның болашағыда биік болады, - дейді мамандар. Бізде осы пікірдің ішіндеміз. Еліміз аман – жұртымыз тыныш болғай. Қош сау болыңыздар.! Тәрбие.орг сайтынан РУХАНИ ТӘРБИЕ – АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кожабергенова Гульжанат Сулейменовн

Жаңаөзен қаласы, «О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ» колледжі Мұнай, газ кенорындарын кешенді механизациялау технологиясының инженері,экономист-бух

Пікірлер: 0

avatar