"Сәлем саған алтын күз"

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1008
  • Тәрбие сағаты
  • 21/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19089


Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: 3-4 сынып аралығы
1 жүргізуші: Кеш жарық, армысыздар, құрметті ұстаздар.
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1 жүргізуші:
Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әртүрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.
1 жүргізуші:
Күз- адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Сәлем саған, Алтын күз!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Сайысымызды бастамас бұрын 2 сынып оқушыларының күзге арналған өлең шумақтарына кезек берейік!
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
7-оқушы: Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Бүріне бірлікпенен ортақтассын.

8-оқушы: Күтіп жүрек біз оны әуел баста – ақ,
Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.
Астық, мақта, Миуасын – бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.

9-оқушы: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.

10-оқушы: Жаңа піскен алмабаққа
Көзің тоймас қарасаң да,
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың, талға

Береке, бақ, дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз, дей келе қатысушы өнерпаздарымызға әділ баға беретін, жүйріктерді анықтайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. _________________________________
2. _________________________________
3. _________________________________
4. _________________________________
2 жүргізуші:
Қатысушы Алтын күздің сайыскерлеріне баға берер әділқазылар алқасымен таныс болдыңыздар.
1 жүргізуші: Жалпы біздің мектептерде жылда алтын күз мерекесі бастауыш сынып оқушыларына «Күз ханзадасы», «Күз ханшасы», «Алтын күз 2014» деп өткізіліп, әр сынып сайысқа бақтарын сынап, өнерлерін көрсететін. Ал бүгінгі кештің ерекшелігі 3-4 сыныптан өнерпаз қатысушылар аралас топ құрып сайысқа түсетін болады.
Ия, Ендеше сайысымыздың сәнін келтіретін, бар өнерлерімен біздерді, сіздерді таң қалдырады деген сеніммен қатысушы топтарды көп күттірмей шақырайық.
1 жүргізуші:
Олай болса бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық!
1. «Сары жапырақтар» тобы
2. «Ақ бидай» тобы
3. «Жемістер» тобы

Ендігі кезек біздің қатысушы топтар өздеріне берілген тапсырма бойынша өнерлерін көрсетпек, олай болса сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1. «Таныстыру» /топтың аты, ұраны/
2. «Өнерлінің қанаты талмас» /әр топ өз өнерлерін көрсетеді/
3. «Қас – қағым сәт» (Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. «Күз сұлулығы…» / 6 минут ішінде күз табиғаттын берілген бұйымдардан суреттеп салу/
5. «Сән думан» /сән үлгісі 8 минут уақыт ішінде күзгі сән үлгісін дайындау/
6. «Ас адамның арқауы» /Асмәзірі/
7. «Күзге сағыныш» (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа айту)
1 жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Олай болса бірінші бастайтын өнерпаз топ ұйымы
4. «Сары жапырақтар» тобы
5. «Ақ бидай» тобы
6. «Жемістер» тобы
1 жүргізуші:
Міне алдарыңызда өнерлерін көрсеткен әр топ қатысушылары өздерін таныстырды. «Таныстыру» шарты бойынша қатысушы топтарға бағаларыңызды берсеңіздер!
Әлі алда 5 шарт бойынша шеберліктерін көрсететін болады. Ендігі «Өнерлінің қанаты талмас» шарты бойынша барлық қатысушы өнерпаздарымыздың бойындағы дарындық қабілеттерін, ұжымдық ұйымдастырушылық қабілеттерін байқайтын боламыз.
1. «Сары жапырақтар» тобы
2. «Ақ бидай» тобы
3. «Жемістер» тобы
«Өнерлерің талмасын, ұйым мүшелері биіктерден самғасын» дегім келеді. Өнерлеріңіз өрлей
берсін, білімдеріңіз тереңдей берсін.Топ мүшелеріне алғысымзды айтып, әділқазы алқаларына кезек берсек.
2 жүргізуші: Келесі сайысымыз «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру)
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.
2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ
3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз.
4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.
5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс.
6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей --------------------
7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.
8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
9-сұрақ: Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
10-сұрақ: 1.Бұл не дегенкөпкиім, 2. Бақшаныңалыпжемісі,
Жетпісқабаткөпкиім. Қайнамайпіспескелісі.
Жаңбыроданөтеді, Қоңыркүздесақтайды,
Түймелеугежетпейді. Сары майдай ел іші.
(қырыққабат) (асқабақ)
11-сұрақ: 3. Дала тегіссарғайды, 4. Ішіжұмсақ, сырты қатты,
Шаруақысқақамдалды. Етіқызыл, сүтітәтті.
Күнқысқарабастады, (қарбыз)
Тауғатұңғышқаржауды.
(күз)
12-сұрақ: 5. Жербетіндешашыбар, 6.Жаз да жылдамөтіпті,
Жерастында басы бар. Күнсуытыпкетіпті.
(сәбіз) Киейіндепсондықтан,
Алыпқойдыметікті.
(күз)
13-сұрақ: Өрік, алма
Шие, алма
Жидек, жүзімпіседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Қоймаларғатүседі.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұлқайкездеболады? (күз)

Келесі сайысымызда әр топ түрлі түсті қағаздардан, жапырақтардан, гуаштан күз мезгілін суреттеп шығарады. Ендеше, «Күз сұлулығы…» шартын бастауға рұқсат етіңіздер. Қатысушы топтар дайын болғанша 2 сынып оқушысы СаршинНұрзеректің орындауында бір әнге кезек берейік!
Әділқазы алқаларға сөз берейік!
1 жүргізуші:
«Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап,
Сән думанға барлығы аттанады-деп қатысушыларымыздың өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі сән үлгісіне» кезек берейік. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.
2 жүргізуші:
Жалпы күз мезгілінде жеміс-жидектер пісетін кез екенін өздеріңіз толығымен білесіздер. Сол жемістерден барлық сайыскер топтарға ас мәзірін дайындап әкелу тапсырылған болатын! Ендеше, келесі «Ас адамның арқауы» сайысына кезек берейік!

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық болмас еді.
Келесі шешуші бөліміміз «Күзге сағыныш» деп аталады. Мұнда қатысушыларымыз күз тақырыбына белгілі ақындардың өлеңдерінен көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне баға бересіздер.
Барлық қатысушы топтарға алғысымызды білдіреміз! Әділқазылар алқасы қорытынды шығарғанша
көрермендермен ойын ойнасақ! Ойын шартымен таныстырып өтсем, Жеміс-жидектермен көкөністерді жасыратын боламын, сіздер соны табуларыңыз керек! Ендеше ойынымызды бастайық!
«Өлеңнің жалғасын тап!»

1. Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты ...(жүзім)
2. Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты ...(алма)
3. Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты ...(өрік)
4. Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)
5. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты ...(шие)
6. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)
7. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай ...(қарбыз)

Енді, әділқазы алқаларына сөз кезегін берсек!

Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Салем саған Алтын күз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңістікүндердекездескенше! Тәрбие.орг сайтынан "Сәлем саған алтын күз" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жапарова Луиза Достанқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar