Сабақтың тақырыбы: «Әке-тірек,ана-жүрек,бала-тілек»

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 805
  • Тәрбие сағаты
  • 09/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18561


Сабақтың тақырыбы: «Әке-тірек,ана-жүрек,бала-тілек»
Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру; оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгіме.
Сабақтың көрнекілігі: касса, ойынға қажетті құралдар, слайд.
Сабақтың барысы:
Өтінемін ойыны”
Мақсаты: Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата - аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, т, б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- секіріңдер
- оң аяқтарын көтеріңдер
- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- өтінемін, бір - біріңді құшақтаңдар.
оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
Абай Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзінде «Адам- атадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» делінген. Ата- бабаларымыз тәрбие тал бесіктен деген. Олай болса бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл кеңес айтушысы болған жағдайда ғана баланы танып біле алады.Олай болса келесі кезекті сәтті сауда ойынына беремін.
Тілші:Өмір – өзен , қуанышпен тосын сыйға толы жол. Сол қуаныштың біріне қол жеткізу әбден мүмкін. Әрине білімділік пен білгірлікті дәлелдесеңіз.
Армысыздар!
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мыналар
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар..
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін!-демекші бүгінгі Сәтті сауда бағдарламасының тақырыбы отбасы яғни «Әке – тірек, ана-жүрек, бала-тілек»
Олай болса ойынымызды бастаймыз!
Сатып алушылар кіреді Тәрбие.орг сайтынан Сабақтың тақырыбы: «Әке-тірек,ана-жүрек,бала-тілек» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сабырова Эльвира Құрманғазықызы

Б.Қ.О. Казталов ауданы Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі 5-сынып жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar