Салауатты өмір салты

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 623
  • Тәрбие сағаты
  • 16/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22817


Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты.
Түзету білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбат екенін, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Түзету дамытушылық: оқушыларға дыбыстарды, сөздерді анық айтқызу, сөздік қорларын молайту.
Түзету тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Сәлеметсіңдерме?!
- Сәлеметсіз бе?!
ІІ. Экранмен жұмыс
-Нұрәділ
-Әділет мені жақсы естіп тұрсаң менен бүгінгі тақырыптың атын сұра
-Апай бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
-Салауатты өмір салты
-Онда бәріміз бірге Салауатты өмір салты
ІІІ. Сөздікпен жұмыс
Салауатты өмір салты- күн тәртібіңді дұрыс қолдану, шынығу, таза ауада жүру, ойнау,еңбектену , зиянды әдеттерден аулақ болу.
Жеке бас гигиенасы- дене тазалығы, таза жүру.
Шорт трек- бұл спорттың бір түрі. Мұнда конькишілер ұзақтыққа емес қысқа қашықтықта жүгіру, әрі жылдамдыққа жарысу.
Биатлон-қысқы спорттың түрі белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен оқ ата отырып, шаңғымен жарысу.
2. Тақырыпты түсіндіру
– Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдырыңызда. Ол үшін біздер салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.
Слайдтар арқылы қысқа түсіндіру
-Олай болса балалар біздер қазір күншуақты құрастырайық.


1.Тазалық
Самал
–Олай болса балалар «Тазалықтың көмекшілері» жөнінде жұмбақтарды шешейік.
1.Дымқылдап күнде сен, қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласын, тап-таза боласың.
Бұл не ? ( сабын )
2.Аймалап алады 3. Иілсең иіліп
Сипайды қолын да Түйілсен түйіліп
Сипайды жанын да Қарайды кісіге
Бұл не ? ( орамал ) Ұқыпты ісіне
Бұл не ? ( айна )
4.Аузы жоқ, көзі жоқ 5.Белінен қыссан
Тілі жоқ, сөзі жоқ Аузыннан ақ уыз шығады
Бірақта тісі бар Бұл не ? ( тіс пастасы)
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не ? ( тарақ )

2. Дұрыс тамақтану
– Азамат
–Балалар бәріміз тақтаға қарайық

Достары ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ Қастары
Жемістер Кола
Сүт өнімдері Чипсы
Нан тағамдары Роллтон
Витаминдер Сағыз, шағу


3. Спортпен шұғылдану Нұрәділ
Берілген суреттер арқылы спорттың түрін табу. Спорттың қай түрі

Коньки- Мәнерлеп сырғанау Шорт-трек
Конькимен жүгіру
Шайбалы хоккей
Шаңғы- Шаңғымен жарысу
Шаңғымен секіру-Фристайл
Тау шаңғысы
Биатлон
-Балалар енді шаршасақ сергіту сәтін жасап жіберейік.
4. Оқу,білім
Олай болса балалар сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Денсаулық – зор байлық.
Шынықсаң – шымыр боласың.
Тәні саудың – жаны сау.
Күлме досыңа – келер басыңа.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын -жол ізде.
5. Жақсылық кені
Жақсылық –жақсы істерден, жақсы әдеттерден, жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз де денсаулықтың құпиясы. Жаныңның жақсы болғаны, саулығыңның жақсы болғаны. Бұл бөлімде бір- бірімізге жақсы сөздер, тілек айталық. ( Тақтаға ілінген сөз үлгілеріне қарап айтуға болады.)
Қорытындылау: Балалар бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
-Әрине Салауатты өмір салты.
-Балалар біздің басты байлығымыз не? Үлкен үй ме?, әлде әдемі көлік пе? жоқ, біздің басты байлығымыз «Денсаулық» Тәрбие.орг сайтынан Салауатты өмір салты Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кауметова Айнур Ерланқызы

Орал қаласы, Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar