Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Салауатты өмір - жарқын болашақ (тәрбие сағаты)
  • 30.03.2016
  • 650 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18258

Салауатты өмір - жарқын болашақ (тәрбие сағаты)
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру)
Тренинг: "Сәлем – сөздің анасы"
Ал, балалар жаңа сабақты бастамас бұрын орындарымыздан тұрып бір - бірімізбен амандасып алайық. Яғни дүниежүзіндегі сан алуан ұлт өкілдері бір-бірімен қалай амандасады екен?
Мысалы, қазақ елі ( қол алып амандасады; Орыс халқы; Ағылшын халқы; Жапон халқы (қолын алдымен беліне , одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады); Ауған халқы (қолын маңдайына тигізіп иіліп сәлем береді), Латын америкасы (бір-бірімен құшақтасып сәлемдеседі),Үнді халқы(екі қолын кеуде тұсына апарып, иіледі)
-Енді, балалар үш топқа бөлінеміз.
1. Топ оқушыларын мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
1- топ «Дені саудың – жаны сау.»
2- топ «Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі»
3- топ "Денсаулық- зор байлық"
Тақырыпты ашу: видео көрсетіледі.
II. Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір - жарқын болашақ.

III. Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жаман әдеттерден сақтандыру.
ә) тәрбиілігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
б) дамытушылығы: Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
IV. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, видероликтер,т.б
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1 - бағыт - «темекі шегуді тоқтату»
2 - бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3 - бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Осы үш бағытты ұстанған жағдайда салауатты өмір қалыптасады.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.Денсаулық - біздің емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған.
Зиянды әдеттер: темекі тарту (шылымқор), ішімдік ішу (маскүнемдік), улы заттарды иіскеу(токсикомания), есірткі тарту(наркомания). Бұл әдеттердің барлығы да адам өміріне өте зиян келтіреді. Бұл заттар организмді біртіндеп улайды. Темекіні алғаш ұстағанда, темекіні тартқанда адам жөтеледі, түтін шығады, қақалады. Ағзамызды қинаймыз. Темекіні жас кезінен тартқан бала ұмытшақ, беті сарғыш тартады, тісі сарғаяды, ұрысқақ, ашуланшақ болады. Дауысы өзгереді, ойлау қабілеті төмендейді, темекі қатерлі ісік, асқазан жарасы, қан тамырларының тарылуы сияқты ауруларға әкеп соқтырады. Темекі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш ауруларынан болатын жаман ауруға өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады. Жағымсыз әдеттердің бірі маскүнемдік. Емделуі қиын ұзаққа созылатын ауру. Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр, бүйрек ауруы және жүйке жолы ауруларына шалдықтырады.
Есірткі заттарды, токсикомания яғни, уландырғыш заттарды пайдаланудан бас жиі ауырады, ми зақымданады, құсқысы келеді, бойы өспейді, әр түрлі ауруларға шалдығады.
Ал, балалар осы естіген ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?
1. Бұл аурулардан қалай сақтануға болады?
2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
3. Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Топпен жұмыс:
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді үш топ боп сайысып, ортаға саламыз.

І топ Постер құру. Салауатты өмірді суреттеу
ІІ топ Ортаға пайдалы және зиянды заттарды қойып, оқушылардың пікірін тыңдау.
ІІІ топ «Кеш қалмаңыз» бағдарламасы

V. Сергіту сәті (интерактивті тақтадан карлығаш биін кішкентай балалар билеп,оқушылар қимылын қайталайды.)

VІ. Қорытынды
"Еркін хат" (Балалар қолдарына қалам алып үзбей,қаламдары тоқтағанша бір-біріне жақсы тілектер жазады.)
Мұғалім: Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер. «Тіршіліктің негізі – салауатты, жарқын болашақ» деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат

Салауатты өмір - жарқын болашақ (тәрбие сағаты)
5"ә" сынып

Тәрбиеші: Нуралина С.С



2015-2016 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Салауатты өмір - жарқын болашақ (тәрбие сағаты) Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуралина С.С

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 650 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar