Қош келдің, Жаңа жыл!!

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 456
  • Тәрбие сағаты
  • 20/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22665


№75 «Балалық шақ» балабақшасының әдіскері
Ахметова Райхан Сарманқызы


«Қош келдің, Жаңа жыл»
СЦЕНАРИЙІ.
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Музыка залы жаңа жылдық шыршамен безендірілген, балалар келіп отырады, жарық сондіріледі.
(Ортаға Микки Маус шығады).
Микки Маус: Салем, балалар! Бұл мен Микки Маус! Менің дайындаған жаңа жылдық кешімізге қош келдіңіздер! Ой ұмытып кетіппін ғой, балалар! Біздің кешіміз басталу үшін не айту керек?
Балалар: Сиқырлы сөз
Микки Маус: Қане, олай болса барлығымыз бірге сиқырлы сөзді айтайық. Мика - мока - микки маус!
Балалармен бірге: Мика - мока - микки маус!
(Музыка ойналады. Осы кезде ортаға Маймыл шығады).
Маймыл: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Микки Маус қалайша біз жаңа жылды шақырмай Жаңа жыл кешін бастаймыз? Ортаға жаңа жылды шақырайық.
Микки Маус: Шақырсақ шақырайық!
Маймыл:
Жаңа-жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шатыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Музыкамен ортаға жаңа жыл Тауық шығады).
Тауық:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын! Қане балалар, барлығымыз бірге ән салайық!
Ән: «Жаңа жыл» балалардың орындауында
Би: «Испан» биі
Микки Маус: Балалар, бәріміз бірге қосылып, мерекенің басты қонақтарын шақырайық.
Маймыл: Иә, Микки Маус, сен дұрыс айтасың, шақырамыз ба балалар? Олар кімдер?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар
Барлығы бірге: Аяз ата, Ақшақар
(Осы кезде ортаға Шрек кіріп келіп, балаларды қорқытады).
Шрек: Балалар, мен Аяз ата мен Ақшақарды зынданға салып кеттім. Сердерге олар енді келе алмайды.
Микки Маус: Шрек бұл сенің не істегенің? Балалар бүгін Аяз ата мен Ақшақарды көруге келді ғой.
Тауық: Шрек, сен ойлан бұл мерекені қызықты өткізуіміз керек. Оданда ашуды тарқатып қане билейікші. Солайма, балалар?
Балалар: Иәәәәә.
Би: «Қонжықтар» биі
Ән: «Жасыл шырша» балалардың орындауында
Шрек: Жарайсыңдар, балалар! Тамаша, сергіп калдым.
Микки Маус: Олай болса, қонағымызды шақырайық.
Барлығы бірге: Аяз ата, Ақшақар!
(Музыкамен ортаға Аяз ата мен Ақшақар шығады)
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді-ау алыстан
Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,
Сұлу айдай қиылып.
Жаңа жылмен құттықтап,
Сәлем берем иіліп.
Есенсіз бе, балалар,
Бүгін міне ортаға,
Келіп қалды жана жыл,
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп, кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы достар көбейсін.
Микки Маус: Аяз ата сіз шаршап келген балаларсыз? Біздің балалар сізге арнап жыр-шумақ, ән айтып, би билеп бермекші.
Тақпақтар айтылады.
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл»
Би: «Ча-ча» биі
Ақшақар: Балалар біз сендерге сонау алыстан қонақ шақырдық, ал сендер ол қонақты көргілерің келеме?
Балалар: Әрине
(Музыкамен ортаға Эльза шығады)
Эльза: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын! Мені қонаққа шақырғандарыңа өте қуаныштымын.
Ал, қанекей, балалар,
Ән мен жырға бастайық.
Той думанды жалғайық,
Шыршамызды айналып,
Би билейік, ән салып.
Баршамыз да қозғалып.

Би: Флеш-моб
Тақпақтар айтылады
Эльза: Ақшақар балалармен қызықты ойын ойнасақ қайтеді?
Ақшақар: Мен қарсы емеспін. Балалар ойын ойнаймыз ба?
Балалар: Иәәәәә
Ойын: «Кім жылдам»
Микки Маус: Балалар, сендерге бүгінгі кеш үнап жатырма?
Балалар: Иәәәә
Тауық: Балалар, ескі жылды шығарып салатын уақыт келген сияқты. Олай болса, Маймылмен қоштасайық.
Маймыл: Қош сау болыңдар, балалаааааар!
Микки Маус: Қане, балалар, мерекелік кешімізді одан әрі жалғастырайық.
Ән: «Jingle bells» әні балалардың орындауында
Ақшақар: Жаңа жыл құтты болсын, бақытты балғындар!
Аяз ата: Келесіде кездескенше, қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Қош келдің, Жаңа жыл!! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметова Райхан Сарманқызы

№75 "Балалық шақ" балабақшасы Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Пікірлер: 0

avatar