ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 3648
  • Тәрбие сағаты
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18315


ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Алтыбаева Гүлдана Ақылбекқызы
Жаңаөзен политехникалық колледжі

Жаһандану кезеңі жастардың үш тұғырлы тілді игеруін талап етеді.
Н.Ә.Назарбаев
Біздің ана тіліміз – Мемлекеттік тіл атанған: қазақ тілі. Қазақ тілі бай және оралымды тіл деп – Ғ.Мүсірепов айта келе: «Әлемде ана атымен аталатын жалғыз тіл» деп баға берген болатын. Шынында да өзге көршілес елдер тілі өз ұлтының атымен аталады мысалға алсақ: орыс тілі, түркмен тілі сиякты. Ал біздің тіліміз – Ана тілі деп ардақталады!
Сол ана тіліміздің бүгінгі таңдағы қолданысы қалай деп кейде ой жүгіртемін. Мектеп партасынан шыққанымыз кеше ғана! Сонда өзім түсінбеген бір жайттарды ортаға салғым келеді.
5 – сыныптан бастап қазақ тілі аптасына 3 – сағаттан өтіле бастайды,
9 – сыныпқа барғанда 1 сағат ғана өтіледі. 10-11 сыныптарда да солай? Неге ана тіліміздің аясы тарылады.
Енді «Үш тұғырлы тілдің» қалған екі бөлімі орыс тілі мен ағылшын тіліне деген «құрмет», үкімет тарапынан бөлінген.
Біріншіден ағылшын, орыс тілдері бір сыныптағы балалар екі топқа бөлініп оқытылады, екі мұғалім бөлек кабинетке алып кетіп сыныптың жартысына сабақ береді. 11 – 12 оқушы болғасын сабақ айтуға, сұрақ қоюға, ұсынуға өте пайдалы.
Қазақ тілі ешуақытта бөліп оқытылмайды 30 оқушы бір сыныпта әйтеуір кезек жетіп сабақ айтуды армандаумен уақыт өтеді.
Екіншіден Ағылшын тілін кейбір сыныптарда апталық сағат саны 5 сағатқа дейін оқытылады.
Мұны көріп Ана тіліне апталық сағатын 1 сағат беріп қойғаны қалай, әлде одақ кезеңіндегі бағдарлама сол күйінде қолданып жүрме екен?
Неге ана тіліміздің мерейін көтермеске деп қынжыламыз!
Тағы айта кететін нәрсе, аптасына 5 сағаттан қаржы бөлінген ағылшын тілі ҰБТ сынағында «бұғып» қалады. Тек «таңдау» пәні етіп қойылған. Неге «негізгі пән» етіп қойылмаған?
Өкімет қазынасынан сонша қомақты ақша бөлінгесін оның сұрауы болмай ма? Біздің қазақта ертеден келе жатқан бір әдет бар!
Бар жақсысын «қонағына» сақтайтын аналарымыздың игі қасиетін осы білім саласында да көріп таңданамын!
Біздің білім саласында Ағылшынды төрге шығарып «ойып тұрып» аптасына 5 – сағаттан сабақ беріп, оқушыны екі топқа бөліп «жағдай» жасалғаны қандай керемет!
Орыс тілі пәні де дәл сол құрметке бөленген, 2 – мұғалімге жалақы төлеп бөліп оқытылады!
Қазақ тілі болса одақ кезінде де, егеменді ел болсақ та сол баяғы қалпымен келеді. Сағат саны демей – ақ, ең болмаса бөліп оқытылса, оқушылардың білім деңгейінің жоғарылауына әсері мол болар еді! 10 – 11 баламен өтілген сабақтан 30 баламен өтілген сабақтың арасы жер мен көктей! Бәрінен де бетер ҰБТ сынағында қазақ тілі бірінші орында тұр. Оған да қуанамыз! Дегенмен, қазақ тілі грамматикасы 8 – сыныпта аяқталады, сонда неше жыл бұрын өтіп кеткен 5 – 6 – 7сынып материялдарынан шәкірттер ҰБТ тапсырады. Оны пысықтап қайталауға уақыт жетпейді 11 – сынып: «Шешендік сөздерге» арналған.
Қазіргі қазақ тілі пәнінің хал жағдай осылай екендігін жасыра алмаймыз!
«Үш тұғырлы тіл» жайлы баяндамамды бастамас бұрын Ана тілінің қамын ойлап алғаным ана тіліме деген құрметімнен болар!
«Үш тұғырлы тіл» - әрине жаһандану кезеңіне өте қажет – шара.
Заман талабы, жарық кезеңі, экономикалық қатынастар бізге орыс тілін, ағылшын тілін «жетік» білуді талап етеді. Болашақта «кәсіпкер боламын, шет елдермен сауда қатынасын жасаймын деген жандар – міндетті түрде «ағылшын» тілін меңгеруі қажет.
«Үш тұғырлы» - дегенде қазіргі таңда музейде тұрған «мосы» атты қазан не шаймен қайнатуға арналған құрал есіме түседі. Үш тұғырдың үш аяғы жерді тіреп тұрады, ыдысты көтеріп тұрады. Бірақ басты шарты:
«Үш тұғырдың тұғырлары (аяқтары) биіктегі тепе – тең болуы қажет. Егер біреуі ұзын не қысқа болса, тұғыр біржағына құлайды. Демек тепе – теңдік сақталуы өте қажет.
Үш тұғырлы тіл...

Осындай қарапайым дүние дәлдікті, тепе – теңдікті қажет ететін болса – біздің қазақ тіліне де мектеп бағдарламасында сағат саны көбейіп, ең бастысы шәкірттер сынып топқа «бөлініп» оқылатын кез келген сияқты.
«Үш тұғырлы тілді» қалай еткенде теңдей білдіре аламыз? – деген сұраққа менің ұсынысым:
Қазақ тілі – әрбір Қазақстандық шәкірттің ана тілі.
Орыс тілі – қазақстанда тұратын әр қазақ баласының екінші ана тілі
Ағылшын тілі – білуім қажет, шарт деп алдына мақсат қоятындардың тілі. Сол үшін осы үш тілді бөле жармай қарау керек.
Жоғары оқу орындарында: үш тілді жетік меңгерген, үш тілдің де маманы үш тілде еркін сөйлейтін және өзгені сөйлете білу қабілетіне ие.
«Үш тұғырлы тіл маманы» - факультеті ашылса. Оны бітіріп шыққан маман: - аудармашы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс жасайтын дипломмен өмірге жолдама алса өте тиімді болар еді.
Әрі мемлекет қаржысы үнемделер еді әрі бір маман үш тілде салыстыра сөйлеп отырып сабақ өтер еді.
Екінші айтар мәселе ортаға тастауды жөн көргенімді жасырмаймын, оқулық мәселесі...
Мектепте өтіп жатқан «Ағылшын тілі оқулығы» - жаһандану кезеңіне сай, жаңа инновациялық технология талаптарына жауап беретіндей жасақталған екендігін көріп таң – тамаша болдым.
Біздің қазақ мектептерінде жаңа оқулықтар келді деп - бес жылдықтың арғы кезеңіндегі оқулықтардың «көзін жойып» жатқанының куәсіміз. Бірақ сол жаңадан жасақталған оқулық пен ескі оқулықты салыстырып қарағанда ешқандай өзгеріс жоқ, тек қана кітаптың сыртқы «қорабы» өзгертілгенін көріп жаның ашиды. Қанша мемлекет қаржысы желге ұшуда...
Оның орнына бұрынғы басылымдардың әбден тозғандарын ғана ауыстырса болар еді ғой! Ішіндегі материялдар бірдей болғасын!
Қанша күтіп ұсталған тап – таза кітаптар «көзін жою немесе өртелуге» кетіп жатқанын көріп «ысырапқа» неге жол беріледі екен деп жас жүрегім сыздайды.
Елбасымыз қолдаған «Үштұғырлы тіл» бағдарламасына сай білім беруде көмекші құрал ақпараттық құралдар болмақ сол үшін мана жоғарыда айтылған үш тілге жетік мамандар сабақ бергенде өте оңайға түсетін «Электронды оқулықтар» қажет! Оларда иллюстрациялы сабақтар арқылы үш тілді теңдей бір сабақ процесінде білгізуге тырысса. Мысалға:
Орыс тілінде Қазақ тілінде Ағылшын тілінде
Девочка
Книга
Наука
Мир
Қазақ
Язык
Отец
Мама
Сестра
Братишка Қыз
Кітап
Ғылым
Әлем
Қазақ
Тілі
Әке
Анам
Апа
Інім Girl
Book
Science
World
Kazakh
Language
Father
Mother
Sister
Brother

Бір сабақта үш тұғырлы тілді теңдей үйретілсе.
Бұлай үйретудің бір қиындығы 45 минут тілдің грамматикалық амал – тәсілдерін үйретуге уақыт жетпейді. Олай болса...
Менің ұсынысым:
Мектеп бағдарламасына «Үш тұғырлы тіл» пәні енгізілсе. Онда тек (разговорный речь) сөйлеу, сөйлесу, аударма – перевод жасау сабағы болып өтілсе. Тілдің грамматикасын өз пәнінде өтіліп, мына сабақта тек «Үш тілді сөйлей білу» - үйретілсе. Университетте солай білім алған мұғалім оқушыға үш тілде еркін сөйлеу тәсілдерін, кәсіби деңгейде сөйлесу жолдарын үйретсе – шәкірттерге көп көмек болар еді.
Бұл инновациялық әдіс – болашақта бизнес саласына айналысатындарға, ғылым жолына бағыттаған жастарға тиімді тәсіл болар еді. Аптасына бір рет өтілсе де өте нәтижелі білім алар еді.
Бүгінгі технологияларды кеңінен қолдана отыру жастарды әлемдік аренаға шығаруға бағыттаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев салған «Нұрлы жол» бағдарламасына іспен жауап бергеніміз болар еді. Дегенмен айтып өту керек бұл пәннен осылай үш тілді қатар өте алатын шығармашылыққа бейім, дарынды, білімді, жаңашыл ұстаз болуы керек. Интерактив тақтаны қолдану, ғаламтормен байланыс – бәрі бәрі «Үш тұғырлы тілді» игеруге үлкен көмек болар еді.
Менің ұсынысым:
Елбасымыз қолдауымен жаһандану кезеңіне лайық мұғалімдерді шетелге тәжірибе алмасуға, Кенбридждің деңгейлік оқыту курстарына әсіресе ағылшын пәндері мұғалімдері көбірек тартылса, ағылшын пәніне жетік мұғалімдер жіберілсе, сол мамандар елге оралғасын «Үш тұғырлы тіл» - пәнінен сабақ беріп, өскелең ұрпақтың үш тілде еркін сөйлеуіне мүмкіндік туар еді.
Елбасымыздың мақсаты қазақ елін бүкіл ғаламға таныстыру, танымал ел ету, жастары көп тіл білетін білімді, білікті, іскер, бизнесмен, өркениетті көркейген, дамыған 20 елдің қатарына жеткіземін – деп асқақ арманға «Нұрлы жол» салып жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа қолдау жасап, кел, жастар – біз білімді болайық!
- Үш тұғырлы тілді теңдей меңгерген білікті болайық.
- Білім жолына талмай қанат қағайық.
- Еліміздің болашағын өзіміздің болашағымыздай ойлай білейік.
- Білімді – білікті болайық.
- Елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізуге үлес қосайық.
- Білекке емес, білімге сенетін заманда есемізді ешкімге жібермейік! – деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өсиетін орындайық!
Қолданылған әдебиеттер

1. Закон Республики Алтай «Языках Глава I,»
2. Қазақ тілі.Энциклопедия Алматы: ҚР – сы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министирлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет ISBN5 – 7667-26163
3. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі .A,1971-170б. – 43б.
4. Байділдаұлы Ә. Жаңа әліппе туралы Қызылорда
5. Әбілқасымов Б. XIX ғ – дың екінші жартысындағы қазақ әдебі тілі. Алматы,

Өтініш парағы

Тегі, аты – жөні Алтыбаева Гүлдана Ақылбек
Оқу орны Жаңаөзен политехникалық колледжі
Мамандығы, курсы « Тігін өндіріс және киімдерді үлгілеу», 3 курс
Конференция бағытының тақырыбы « Үш тұғырлы тіл»
Баяндама тақырыбы Үш тұғырлы тіл – заман талабы
Байланыс телефоны 77785591645
Электронды пошта адресі aseydakova@mail.ru
Материалдар жинағының қажеттігі 2 Тәрбие.орг сайтынан ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЗАМАН ТАЛАБЫ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алтыбаева Гүлдана Ақылбекқызы

Пікірлер: 0

avatar