Шыншылдық – адамдықтың белгісі.

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 730
  • Тәрбие сағаты
  • 24/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22883


Тәрбие сағаттың тақырыбы: Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Мақсаты:Б/м: Шындық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Шындық - пен өтірікші ажырата біліу жайлы түсінік беру. Д/м:Есте сақтау қабілетін,ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту. Т/м:мейірімділікке, адамгершілік қасиетке, шыншыл , адал болуға тәрбиелеу .
Әдісі: сұрақ - жауап , түсіндіру, саналау. Көрнекілігі: оқулық , көрініс. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Әр күнімізді жақсы сөздерден бастайық.Қайырлы күн құрметті оқушылар! Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып, «Болайықшы осындай» өлеңін айтады. Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл Құшағы гүл толады. Еңбекшіл осындай Болайықшы осындай. Тақырыпты ашу: Бүгін балалар біз сендермен «Шыншылдық - адамдықтың белгісі» атты тақырып жайлы ой бөлісеміз.
Балаларды әңгімеге тарту.
Балалар,адамның бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер? Жақсы бала- әдепті, сыпайы,қамқор қайырымды,жауапкершілікті болады.Сондай жақсы қасиет -тердің бірі-шыншылдық,өтірік айтпау.
Шыншыл болу- адам баласы үшін аса қымбат,қадірлі қасиеттердің бірі.Шыншыл болу- өтірік айтпауды,жалған сөйлемеуді білдіреді.Мұндай қасиет адамның бойына бала кезден қалыптасады.
Әңгіме: «Шындық пен өтірік»
Арман мен Қанат дос болыпты. Бір күні Арман дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жо- ғалтып алады. Ал Қанат ақшаны көріп тұрса да айтпайды.Арман басы салбырап үйіне кетеді. Қанат ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп,Қанат ақшаны досына әкеліп береді.Арман қатты қуанып, досын құшақтай алады. - Қанаттың орнында сен болсаң не істер едің? - Шындық неге жетелеп отыр? - Арманды қуантқан Қанат өзі де қуана ма? - Қанат ақшаны қайтармаса не болар еді?
-Сендерге адамның қандай қасиеттері ұнамайды?
-Әдепсіздік,қайырымсыздық,жауапсыздық,қызғаншақтық,ашушаңдық-адамға жат қасиеттер.Сондай жат қасиеттердің бірі –өтірік айту.
«Түлкі мен ешкі» ертегісін оқып беру.
Бір күні түлкі жүгіріп келе жатып абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су іздеп жүріп,әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
-Ей түлкі батыр,не қылып тұрсың?-депті.
-Ой,не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әрі сусап,әрі ыстықтап өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті.
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма?
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын,әрі су ішейін» деп ойлап,секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп,онан мүйізіне шығып,ырғып апаннан шығып жөніне кетіпті.Өтірікке алданба басың бәлеге душар болар деген осыдан қалыпты. - Түлкіге қандай мінездемелер берер едіңдер? - Ал ешкіге ше? - Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма? - Түлкінің әрекеті дұрыс па? - Балалар сендер кейбір сәттерде өтірік айтқан кездерің болды ма? - Өтірік адамға қандай зиян әкеледі? Өтірік айтып үйренсең,әдетке айналады да өтірікші атанасың. - Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Тақтадағы мақалдарды оқыту.(мағынасын түсіндіру).
Мақал-мәтелдер.
1. «Өтірік- өрге баспайды.»
2. «Өтіріктің арты бір тұтам.»
3. «Шыншылдық-жақсылыққа жетелейді.»
4. «Өтірікшінің жаны күйер.»

- Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар? - Балалар, адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма деп қиналады. Шындық ашалып қала ма деп сезіктенеді: Расында, өтірік ұзаққа бармайды,шындық қашан- да жеңіп шығады, ол өтірік айтқан адам ұятқа қалады.Өтірік айтып ұятқа қалғанша щындықты айтып қателігімізді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет жасау – адамдықтың белгісі болып табылады. Міне, сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды» деп өсиет қалдырған. Сондықтан біз шыншыл болып, өтірік айтпауымыз керек. Шыншыл болу кез -келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болған- да ғана әділдікке қол жеткізеді. Елге сыйлы болады.Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді.Ол өзінің сыйын жоғалтады Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату. Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру. -Шындық неге жеткізеді? -Өтірік неге жеткізеді? Қортындылау: -Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен? ( Өтіріктің пайдасы жоқ ) Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі , адамды сенімнен шығарады,өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің.Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды.
Жүректен жүрекке: Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын » деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу) -Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты доста -рымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен – жүрекке жеткізейік. -Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ.Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық - Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір – бірімізге алақанымызды жақындатайық,шындық жалынын сезінейік. Шындық жалынын сезінейік. Әр нәрсенің байламын, Шындықпенен шешейік. Дақ түсірмей жүрекке, Тәтті ғұмыр кешейік. Тәрбие.орг сайтынан Шыншылдық – адамдықтың белгісі. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекеева Гулжан Ислямгалиевна

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar