Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Спорт - біздің серігіміз
  • 25.04.2016
  • 885 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18827

Тәрбие сағатының мақсаты: Дене мүшелерінің дұрыс-өсіп жетілуіне дене тәрбиесі арқылы ықпал ету. Салауатты өмір салтын насихаттау. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Денсаулықтың негізі – қимыл, спортпен шұғылданып, дұрыс ұтымды тамақтанып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеп, ойын арқылы да салауатты өмір салтын сақтауға болатындығын ұғындыру.
Білімділігі:Салауатты өмір салтын сақтау, оқушыларға өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Өз ойын еркін айта білуге меңгерту.
Коррекциялық-дамыту іс-әрекеті:Балалардың коммуникативті(қарым-қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу) дағдыларын дамыту. Денені тік ұстап, қимыл-әрекеттерді дұрыс орындау.
Дамытушылығы: Балалардың танымдылық қабілетін, зейнін дамыту.
Тәрбиелігі:Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу. Еңбек сүйгіштікке, біріңғай тәртібке тәрбиелеу.
Сабақты жүргізу әдісі: жарыс түрінде
Сабаққа қажетті құрал: арқан, кегме, доп, шеңбер(обруч);
Көрнекілігі: Суреттер, плакат.
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың дайындығын қадағалау;
-назарын сабаққа аудару;
Оқушылар спортзалға кіріп, шеңберге тұрады:
-Сынып тік тұр!
I. «Сәлем берем ұстаздарға!»
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз тату-тәтті ұжым болып жиналған себебіміз, дұрыс бағытта дамып, сөйлеу қызметін жетілдіру.
Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір -бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық.
Біз шеңберді құрайық,
Алақанды ашайық.
Күн шуағын алып,
Қонақтарға шашайық!
- Енді, балалар, бір-бірімізге ыстық лебіздерімізді білдірейік!
Құрметті ұстаздар «Спорт - біздің серігіміз» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз. Ал, енді 2 топты таныстыра кетейін.
1-топ «Шымыр» тобы.Ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың!»

2-топ «Денсаулық» тобы.Ұраны: «Денсаулық- зор байлық!»

II. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Келесі кезек спортқа арналған тақпақтар айтудан басталады.

Нұрсұлтан: Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
«Денсаулық – 5, сабақ — 5»,
Деп рапорт береміз
Ақерке: Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап.
Диана: Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Жұлдыз: Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
Жандарбек: Спорт біздің досымыз,
Күш қайраты сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған.
Давид: Денсаулық - ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Дима: Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Азамат: Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ
Бекзат: Біз өмірді таңдаймыз
Біз өмірді қолдаймыз
Әрқашан бар ынтамен
Салауатты қолдаймыз
Нұрсұлтан: Басты байлық - денсаулық
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Бейбіт: Денсаулықты сақтайық,
Шынығайық, баптайық.
Ералы: Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш
Шынығамыз біз

Илинура: Жүреміз бәріміз, күлеміз.
Спорттың пайдасын білеміз.
Онымен достасып жүреміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біздің ағзамыз мықты болу үшін, мына ережелерді есте сақтау қажет:
1. Жеке бастың гигиенасын сақтау.
2. Күн тәртібін дұрыс орындау.
3. Денені шынықтыру ережелерін орындау.
4. Дұрыс тамақтану.
Тәрбиеші: Ал енді, салауатты өмір салтына байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Сұрақтар:

1. Балалар, денсаулығымыз мықты болу үшін немен шұғылдануымыз керек? (спортпен)

2. Жеке бас гигиенасы дегеніміз не? (дене мүшелерімізді таза ұстау)

3. Күн тәртібі дегенімізді қалай түсінесіңдер? (Тәулік бойы оқу мен демалысты кезектестіру)

4. Дұрыс тамақтану дегеніміз не? (уақытылы, ұтымды тамақтану)

- Балалар, көрдіңіздер ме, денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдануымыз керек екен, ережелерді дұрыс, күнделікті, уақытылы орындауымыз керек екен. Бұл ережені орындауға әрқайсымыздың да мүмкіндігіміз бар.

III. «Білгеніңе сенбе, біліміңе сен» Ой ашу:

(Оқушылар қолдарын көтеріп жауап беру керек)

1. Тіс тазартатын құралдар(щетка,паста)

2. Ол судан қорқады, одан кір қорқады(сабын)

3. Дене шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбие)

4. Жалқаудың досы(еріншектік,ұйқы)

5. Адам өміріне ең қажет(ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

6. Тазалық кепілі(денсаулық)

7. «Ойлау қабілетін дамыту» ойыны
Шарты: Плакатта жазылып тұрған есептердің үлкен, кіші немесе тең екенін белгілеу.
IV. Көңілді эстафета
-Келесі кезек көңілді эстафеталық ойнымызды бастаймыз Қазылар алқасымен таныстыра кетейін:
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары – Стыбаева Ж.
Әдіскер – ФайзуллаеваГ.
Ойын 4 бөліктен тұрады:
1. «Арқан тарту» ойыны.
Шарты: Балалар екіге бөлініп күш сынасу.
2. «Кегме» ойыны
Шарты: Кегмелердің арасынан жүріп өтіп, 3 рет отырып-тұрып, жүгіріп келу.
3. «Кім жылдам?» ойыны
Шарты:Доптың үстіне мініп, жылдам жүру.
4. «Кім заттарды көбірек жинайды?»
Шарты: Шашылып тұрған заттарды шеңберге жинау.
V. Қорытынды
Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдық. Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Кім қандай спорт түрін жақсы көреді?
Әділқазы әділ баға беріңіздер,
Бүгінгі сабағымызды көрдіңіздер,
Егерде сабағымыз ұнап жатса
Тағы да бір қонаққа келіңіздер!
Бәріміз назар аударайық денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
«Денсаулық - терең байлық» - деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда, - демекші, «Спорт - біздің серігіміз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, келгендеріңіздерге рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Спорт - біздің серігіміз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Наурызбаева Қаншайым Онголбайқызы

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының ооблыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: akipova_zhanar78
Көрсетілім: 885 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar