Құстарға қамқор болайық!

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 1432
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18672


Тақырыбы: «Құстарға қамқор болайық!» 1 слайд
Мақсаты:
1) Білімділік: құстар және олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту, құстарға қамқор болу туралы әңгімелеу;
2) Тәрбиелік: оқушыларды құстарға қамқор болуға баулу;
3) Дамытушылық: балалардың ойөрісін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
4) Коррекциялық: көру, есту, есте сақтау моторикасын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, іздену, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: құстар суреті, құстардың дыбысы, интерактивті тақта, ағаш, балапан, ұяның суреттері, кітап көрмесі, құстар туралы бейнекөрініс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері «Амандасу» 2 слайд
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кездескен,
Көп қонақты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
ІІ. Негізгі бөлім.
«Ой қозғау»
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Ендеше, балалар, осы өзгерістерді бақылау үшін «Орман патшалығына» саяхатқа барайық (3 слайд) (балалар көздерін жұмып көз алдарына елестетеді, құстардың дыбысын тыңдату). Келе жатқан жолымыздың бәрі жасыл түске боялған, ауасы таза, кун ашық. Үнсіз ғана отырып орман тіршілігіне құлақ түріп тыңдаңыздаршы.
- Балалар, ненің дыбыстарын естіп отырмыз?
- Құстардың (балалар көздерін жайлап ашады).
- Ия, бұл құстардың дауысы. Олай болса бүгін біздер құстар туралы әңгімелейміз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Құстарға қамқор болайық!».
- Қандай құстарды білесіңдер? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
«Құстардың мекені» ойыны. 4 слайд
Жасырын тұрған құстардың атын атап, дала құстарына жататындарын ағашқа, ал үй құстарына жататындарын үйдің жанына жапсырамыз (қарлығаш, сауысқан, көгершін, тоқылдақ, көкек, аққу, тотықұс, бүркіт, әтеш, тауық, күркетауық, қаз, үйрек, т.б.).

Үй тапсырмасы. 5 слайд
«Қызықты деректер» (оқушыларға алдын-ала берілген тапсырмалар сұралады)
Құстар туралы қызықты деректер.
Құстарға байланысты халық болжамдар.

- Өте жақсы, балалар. Ендеше тағыда қосымша бейне көріністі тамашалайық.
(Бейнекөрініс көрсетіледі) 6 слайд
- Бейнекөріністен тағы не білдіңдер? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
Көз жаттығуы (слайд) 7-8 слайд
9-10 слайд
- Құстарға қалай қамқор боламыз?
(оқушылардың жауабы)
«Қамқор балалар» ойыны. 11 слайд
- Балалар, қарлығаштың ұясындағы балапандары жерге түсіп қалған екен. Біздер қарлығашқа қандай көмек көрсете аламыз? (оқушылар жауабы)
- Ия. Балапандарын көтеріп, ұясына саламыз.
- Ендеше, жердегі балапандарды ұясына салу үшін олардың артындағы сұрақтарға жауап берейік.
1. Қандай құс балапандарын басқа құстардың ұясына салады? (көкек)
2. Киелі құс (аққу).
3. Қандай құстың құйрығы айыр?(қарлығаш)
4. Түнде ұшатын құс (жарқанат).
5. Орман дәрігері (тоқылдақ).
6. Сөйлейтін құс (тотықұс).
7. Бейбітшілік құсы (көгершін).
8. Аң аулайтын құс (бүркіт).
9. Таңмен адамдарды оятатын құс (әтеш).
10. Өз атын өзі шақыратын құс (көкек).
«Құстар әні» ойыны. 12-18 слайд
Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдап, қай құстың дыбысы екенін табады.
Сергіту сәті. 19 слайд
Құстар әуенімен орындалады.
1. Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен ұшу.
2. Құстар сияқты көлден су ішу.
3. Бір орында тұрып айнала ұшу.
4. Орындарына барып қону.

«Ия», «жоқ» ойыны. 20 слайд
• Құстарды атуға бола ма? (жоқ)
• Құстарға жем шашамыз ба? (ия)
• Құстардың ұясын бұзуға бола ма? (жоқ)
• Балапандарын алуға бола ма? (жоқ)
• Құстарға ұя жасаймыз ба? (ия)
• Табиғатты қорғау керек пе? (ия)
- Өте жақсы, балалар! Табиғатты қорғау-біздің міндетіміз!
ІІІ. Қорытынды. 21 слайд
Құс ұясын бұзбайық,
Жұмыртқасын жармайық,
Қамқор болып әрқашан,
Біз үлгілі болайық!
Қонақтарға әдеппен,
Есен-аман жүрсін деп,
Қолымызды былғайық! Тәрбие.орг сайтынан Құстарға қамқор болайық! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Үмбетова Қымбат Болатқызы

БҚО Орал қаласы, Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar