Құстар – біздің досымыз /тәрбие сағаты/

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 1445
  • Тәрбие сағаты
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18840


Қостанай облысы

Таран ауданы

«Евгенов негізгі мектебі» КММ

Шағын орталық тәрбиешісі

Тайшина Бахыткуль Ашимовна

 

         Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз /тәрбие сағаты/

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:Балалар, біз сендермен табиғат  деген бізді қоршаған орта-тау, тас, су,ауа, жер, өсімдіктер, жануарлар екенін білеміз. Біз бүгін табиғаттың бір бөлігі – табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған құстар тақырыбына тоқталайық деп отырмыз.

Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Оның 143 түрі осы біздің Алматы облысында ұя салады. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі –жемнің азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқалар қуысқа тығылып қалады. Құстар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. 

      Көктемде олардың қайта оралу себебі- ол жақ өте ыстық болғандықтан, жұмыртқалары шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды. Аз күнде біздің «қанатты достарымыз» туған жерге қайта оралады.

Сол достарымызға арналған тәрбие сағатын бастайық.

Балаларға  сұрақтар беріледі

1.Құстардың қандай пайдасы  бар?

        Жауабы:Олар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстар ән айтып,                 көңілімізді     көтереді, олар – бақтың сәні.

2.Ағаштың қандай пайдасы бар?

Жауабы:Ағаштан қағаз жасайды, үй салады, үй жиһаздарын, т.б заттар жасайды. Ағаш жапырағы ауаны тазартады.

3.Ағаш, бақ іші қандай болар еді, құстар болмаса? Құстар болмаса бақ сәні бола ма?

Жауабы:көңілсіз,бақ ішінің сәні болмас еді.

Балалар, қазір құстардың әнін орман ішіндегі құстар айтысын таңдайық.

                               (күйтабақ –құстар дауысы)

   Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді.

Тәрбиеші: Құстар, құстар келеді!

                 Жерді шуға бөледі!

                «Көктем келді!»-деп бізге

                Жақсы хабар береді.

Көктем: Сәлем достар, аман ба?

              Мынау бейбіт заманда

              Шат-шадымен көктемің,

              Шаттық болсын қашанда.

                             Ән құрадым үніммен,

                                  Сән құрадым гүліммен.

                                  Қуантамын бәріңді,

                                 Құт-мереке күнімен.

Бала:Сәлем, елдің көктемі,

          әлем енді көктеді.

           Құрметпенен бас идік,

            Құстарына көктегі.

 

Көктем: Рахмет, балалар, сендерде ой-сана бар.

              Бау-бақшаның дұшпанын.

              Бастырмайды құстарым.

              Кербез құстар әнімен

              Келді міне, сәнімен.

Бала: 

Халық «көкек келді-көктем келді» - дейді. Қадірі мен қасиеті онша                                                      емес, осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай  атына теңеу болады екен.

Көктем

           Бұл кезде қар кетіп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе         жамылып, көзге ыстық,  көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады. Осы кезде көкек келді. Не деген ғажап «кө-кек, кө-кек» деп ән салады. Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.

Көкек (бата).

Жаршысымын көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең – мені күт.

өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да, мен өте пайдалы құс боламын. Мен күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 53 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші т.б зиянды құрттарды жеймін.

«Көкек» әні орындалады.

 

Бала: Пайдалы құстардың бірі-қараторғай. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Қараторғай- орман қорғаушылары.

Мен торғаймын, торғаймын,

Муықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

Үйлеріңнің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллион зиянды құрттарды жейді.

Бала:  Қарлығашпын мен,

Адамның тұрағымен

Мекен етір тұрамын

Тазалаймын үй-ішін

Шыбын деген кеселден.

Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді деп ғалымдар зерттеген.

Халық әні «Қарлығаш» орындалады.

Көрініс. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.

Тәрбиеші: Тағы бір әдемі, нәзік үнді құс- бұлбұлды тыңдайық.

Бұлбұл:   Мен еркін, бақытты бұлбұлмын

Бұлағын тасытқан ән-жырдың

Тамаша тамылжып шарқаймын,

Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

Тоқылдақ: Құртты іздеп күніне

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс – дәрігер

Қашан да ол әбігер.

Аққу:   Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған

Сұлулықты паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі,      

Құс патшасы мен болам.

 

Тәрбиеші:су айдындарының көркі-ару аққулар. Аққу-құс төресі, бақыт бастамасы, жақсылық пен татулықтың символы. Оған мылтық кезеп, оқ атпаған.

Балалар құстар арқылы болжанатын ауа-райы болжамдарын айтты.

1. Шағала келсе-сең бұзылады.

2. Қарлығаш өрлеп ұшса-күн жылы болады, жер бауырлап ұшса-жаңбыр жауады.

3. Жаңбыр жауар кезде қарғалар у да шу болып, топталып ұшыр-қонады.

4. Жыл құсы қаптап кетсе, көктем ерте шығады.

Келесі кезекте құстар туралы жұмбақтар жасырылып, шешілді.

Көкте жүріп тамағын асырайды                

                                           (карлығаш)

 

Балапанды басатын басқа құс,

Бар сондай қасқа құс

                                  (көкек)

 

Киімі ала, ісі бір шала,

Мекені-орман, дала

                                         (сауысқан)

 

Мойны ұзын, аяғы қысқа,

Бұл өзі аң ба, құс па?

                                       (қаз)

 

Жасыл орман желекті

Оның күтіп баққаны

Тоқылдатса теректі-

Құртын қуып жатқаны.

                                    (тоқылдақ)

 

Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген?

                                        (үкі)

Құстарды қорғау, олардың пайдасы, құстарға қамқорлық  жайлы толық түсінік беріп «Көктем келді» әнімен тәрбие сағатын аяқтау

Тәрбие.орг сайтынан Құстар – біздің досымыз /тәрбие сағаты/ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тайшина Бахыткуль Ашимовна

Пікірлер: 0

avatar