Ұстаз – ұлы тұлға!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 50
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23246


Тақырыбы: Ұстаз – ұлы тұлға!
Сахна мерекеге сай безендірілген. дыбыс күшейткіш аппаратурадан ұстаздар туралы әндер беріліп тұрады. Сахна ашылғанда жүргізушілер шығады.
Сержан: Армысыздар құрметті ұстаздар!
Жамбыл:Добрый день уважаемые учителя!
Сезім:Good moorning the teacher!
Сержан:
Армысыздар ,жиналған қауым ұстаз,
Құтты болсын мерке баршамызға.
Жамбыл:
Дорогие наши педогоги.С праздником вас! Пусть всегда светит солнце и счастье улыбается вам!
Сезім:
Бәрімізге тәлім тәрбие беріп, сауатымызды ашқан ардақты ұстаздар,мерекелеріңіз құтты болсын!
Сержан.Сезім.Жамбыл. Бірге хормен.
«Ертөстік» тобының мерекелік концертін бастаймыз.

Ән: «Ұстаз ана» хор.
«Айгөлек» тобы

Құттықтау сөз кезегін «Жұпар» балабақшасының меңгерушісі Баженова Гүлжамила Ермекбевнаға береміз.

Сержан: «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Ұстаздарға арналған өлең шумақтар.
«Ертөстік» тобы.

Альмира: Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Нұрай:Ұстаз деген анасы ол адамның.
Айша :Бүкіл адам мойындайды еңбегін,
Кәусар:Сен де одан адам болып жаралдың.
Елдар:Ұстаз болу жүректің батырығы,
Махамбет:Ұстаз болу сезімнің ақындығы.
Асыл:Ұстаз болу мінездің күн шуағы,
Жарқын:Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Сержан:
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып , адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға.

Хор: .«Ұстазым»
«Ертөстік» тобының ұлдары

Жамбыл:
Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар.
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Би: «Қуыршақ»
«Ертөстік» тобының қыздары
Сезім:
Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз – оқушыларды білсем, үйренсем, көрсем деген ұмтылысқа тәрбиелейді. Ұстаз деген есім - аз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған, шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жанды ойға оралтады.
Қарлығаш тобының тақпақтары

Сержан:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе? Олай болса ұстаздар қауымын құттықтау үшін мектеп директорына соз кезегін береміз.
Би: «Буги буги»
«Айгөлек» тобы
Хор : «Әр қашан күн сөнбесін »
«Ертөстік» тобы
Жамбыл:
Дрогие наши педагоги
В этот праздник День учителей
Позабудьте все свой тревоги
И на мир смотрите веселей
Сезім:
Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті біздер үшін елге еккендер.
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
Зердесін болашақтың зерлеткендер!
Бәрі бірге : Сау болыңыздар құрметті ұстаздар!
До свидания дорогие учителя!
Good bye the teacher!
Сержан:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын ағайын!

Амангелді ауданы
2017-2018 оқу жылы
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық.Бұл саланы таңдаған әр адамға қырық атанға татырлық жүк қоса беріледі.Сол жауапкершілік жүгін қайыспай көтере білу – міндет.
Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі ,қазіргі ахуалы- ұстаздар еңбегінің нәтижесі.Себебі, Президент мен министр ,депутат пен әкім ,өнер адамы мен спорт майталманы ,кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім – барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар.Балабақшада, мектеп пен университет қабырғасында ұстаздар сусындатқан білімнің арқасында әрқайсысы жетістікке жетіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда.Тарыдай болып келген бүлдіршіндердің қолына қалам ұстатып, әріп жазу мен есеп –қисаптың қыр сырын үйретіп , он бір жыл бойы оқытып, таудай азаматтарды алтын ұядан ұшыратын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз.Бұл ретте шәкірттерге білім беруші адам қоғамға бірінші кезекте азаматты, содан кейін ғана белгілі бір кәсіп иесін сыйлайды.
Осынау Ұстаздар күніне орай «Жұпар» балабақшасында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекелік іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер ұстаздарға арналған өлең шумақтарын айтып,би билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Балапан», «Бүлдіршін», «Қарлығаш», «Айгөлек». «Ертөстік» топтары Ұстаздар күніне арналған газеттер шығарып , ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
Арада қанша күн ,ай , жылдар өтседе ,ұстаздың бейнесін ұмытпай ,ілтипат пен ізеттілік танытатын шәкірттердің болуы – зор мәртебе,еңбегінің бағалануы.Ендеше, балғындардың зейінін ашатын ,балалардың санасына барлық игі ұғымды сіндіретін ,оқу додаларында озат болуы үшін барын салатын,шәкірттерінің өз елін ,жерін сүйетін елеулі азамат атануы үшін аянбайтын ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймын.
«Жұпар» балабақшасы
«Ертөстік» тобының тәрбиешісі
Немзорова Светлана Андреевна Тәрбие.орг сайтынан Ұстаз – ұлы тұлға! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Немзорова Светлана Андреевна

Пікірлер: 0

avatar