"Ұстазым-алтын діңгегім"

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 218
  • Тәрбие сағаты
  • 22/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21230


Тақырыбы:«Ұстазым – алтын діңгегім».

Кештің мақсаты:
1) Бүкіл адамзат баласы бас иер тұлға – ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету.
2) Шәкірттердің әр ұстазға деген сүйіспеншілігін, алғысын өз өнерлері арқылы білдіру.
3) Жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, инабаттылыққа, терең саналыққа тәрбиелеу.
Кештің жабдықтары:
1) Безендіріп жазған кештің тақырыбы (плакат)
2) Ұлы ғұламалардың ұлағатты сөздері жазылған плакаттар.
3) Әсем безендірілген газеттер.
4) Шарлар, жалаулар, гүлдер т.б.
Плакаттар:
1. «Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға...»
Абай.
2. «Маған жақсы мұғалім бәрінен да қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі».
Ы. Алтынсарин.
3. «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді».
А. Байтұрсынов.
4. «Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты».
К. Д. Ушинский.
1-оқушы:
Халқымыздың арасындағы ең қымбатты жанның бірі – ұстаз. Өйткені ол жастардың көкірек көзін ашып, дүние-танымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.

2-оқушы:
Сондықтан да болар небір дарынды ойшылдар да, ғарышкерлер де, жүрек
жұтқан батырлар да, қарапайым адамдары да тіпті жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген педагогтардың өздері де ұстазды пір тұтып, ерекше қадірлейді. Оған жылы лебіздерін білдіріп, қуаныштарын бірге бөліскесі келеді.
Хормен:
Мереке құтты болып, мерейлеріңіз арта берсін, ұлағатты ұстаздар.
3-оқушы: Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың? Өте жақсы тұра қал
Мұғалімді келеке еткен бар қулар
Мықты болсаң мойындарын бұра бар!
4-оқушы: Академик, министр бол тіпті сен
Кім болсаң да мектеп көрдің кеп-кеше.
Кім болсаң да қарайлап жүр ұстазға
Алаяқтар алдын орап кетпесін!
5-оқушы: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары,
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
6-оқушы: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе.
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз.
7-оқушы: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
8-оқушы: Махаббаты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу.
Ал, кәсібі: от беру мен от алу.
9-оқушы: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары.
10-оқушы: Бұл халықтың мектеп, жолы тұрағы,
Мектеп десе, жан-дүние құрамы.
Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен,
Өзін-өзі ұмытудан тұрады!
11-оқушы: Сырбаз да сол сыр бермейтін онша көп,
Сәл сәтсіздік тиеді оған қамшы боп!
Қан тасып, мысалы, осы бүгін де,
Жүйкесінен «жіп үзілді» қанша рет!
12-оқушы: Қай баласың, кім боласың шырағым?
Кешірерсің ерсі естілсе сұрағым.
Кім болсаң да кідіре тұр кішкене,
Кідіре тұр, өтіп кетсін мұғалім!
13-оқушы: Алдап, арбап күлкісімен, сөзбен-ақ.
Алдап, арбап ашып-жұмған көзбен-ақ.
Залым «нахал» жылмаңдаған жылпостар,
Бермесіңді кетеді алып өздері-ақ.
14-оқушы: Ал, мұғалім барса алдыңа дұрысы
Жүрегіңмен сездір-дағы ұлы ісін.
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып, тындырып бер жұмысын.
15-оқушы: Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба?
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім.

16-оқушы:
Кетіп едім кеше ғана қоштасып,
Міне, оралдым, о, сүйікті мектебім!
Көргенімше сені қайта боп асық,
Сезбей қалдым жаздың қалай өткенін.
Сағындырды сәнді биік есігің
Достарыммен күнде күле ашатын.
«Мектеп» деген маған ыстық есімің,
Сол бір есім сағынышты басатын.
Келдім тағы, қуат алам өзіңнен,
Айғақ болсын алтын медаль мен үшін.
Бірге өсемін сендегі шат өмірмен,
Сенен терем жас шағымның жемісін.
17-оқушы: Тілдестіріп шәкіртін даналықпен
Ұсынды ұлағатты ғылым сырын.
Жаны жақын ізгілік, жаңалықпен
Арналар өздеріңе ән мен жырым.
18-оқушы: Арамызда ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған.
Ұстаздарым бізбен жүрсе,
Батырларша батылданам.
1-оқушы: Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектерде, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз.
2-оқушы: Алғаш әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын бөлуге, сан-қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық басып, жан-дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгерлікке баулыған мұғалімнің бейнесі, көңіл төрінен орын алады ғой!
Ұстаз да – диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қатайтып ұшырады.

3-оқушы:
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы Абайдың.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға – деп айтуында терең мағына жатыр.
4-оқушы:
Егер адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектердің жүрегіне сіңіру үшін қаншама рет тер төкті десеңші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә.
5-оқушы:
Жеткіншектердің жүрегіне ізгілік сепкен, тәрбиелеген, мұғалімнің еңбегін айт. Шынында ұлы да, ұлағатты еңбек емес пе? Әр жылдың қыркүйек айында ұстаздар өзінің сүйікті шәкірттерімен жүздеседі.
Мектептің маңдайшасындағы «Қош келдіңіздер» деген сөзден ұстаздардың дарқан жан дүниесі аңғарылады.
Қоңырау үні сыңғырлай естілді. Кішкентай бүлдіршін күліп қойып, жез қоңырауды соғып тұр. Ол біз үшін жай ғана қоңырау емес, қол бұлғап, алға қарай шақырған өмір қоңырауы.
6-оқушы: Оқыңдар ұл-қызым деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете ұстаздар!
Ән. «Ұстазым – менің ұстазым».
Ұстаздар жайлы ұлағатты сөздер.
1-оқушы: Менің балғын қиялымды тербеткен
Құшағымды алыстарға серметкен
Айта аламын жұрт алдында қысылмай,
О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.

Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Аралатқан ғылымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
2-оқушы: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын».
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.
3-оқушы: Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,
Білімдік – бар биікке шығар сат.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты.
4-оқушы: Білімнің кәусар бұлағын
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің, мұғалім
Ұстаз да, ғалым данада.
5-оқушы: Қыр-сырын зерттеп заманның
Ұлылығын алған бабамның
Өнеге өріс беретін –
Бараметрі сенсің адамның.
6-оқушы: Өмірдің ұғып тереңін
Өркен жайған қауымым
Қабыл ал жүрек сәлемін,
Құлақта сенің әр үнің.
7-оқушы: Бірге өсіп, ел жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
8-оқушы: Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,
Шырқай оған айттық біздер тілекті.
Ұстаз аты биік әрі мәңгілік
Тербетеді сезім менен жүректі.
9-оқушы: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен
Бізге деген жылылықты табамыз.
10-оқушы: Шашыңның ақ күмістей талдарынан,
Талай сыр кешкен өмір аңғарылат.
Сендерді қасиетті, ізгі санап
Көз алмай нұр шуақты күн деп ұғам.
11-оқушы:Еске алып баршаңызды ұзсатдарым,
Білеміз талай өткен қыс, жаз барын.
Ең алғаш өздеріңнен білім алып
Қияға қыран болып ұшты арманым.
12-оқушы: Аяулымыздың білгірі
Өздерің ғой ұстаздар.
Талай жанға үлгілі
Парасатты ұстаздар.
13-оқушы:Ұрсып-ап артымыздан
Еркелеткен ұстаздар.
Айныма осы қалпыңыздан
Жібек мінез ұстаздар.
14-оқушы: Тірі пенде жоқ шығар,
Өкпелеткен ұстазды.
Жүрген жері жайдары
Жайма шуақ ұстаздар.
15-оқушы Мұғалім, ғазиз мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағың!
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән орындалады.

16-оқушы: Абзал жандар, асыл жандар байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Шәкірттерің жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды мерекеңмен баршаңды.
17-оқушы: Анамыздай мейірімді құшақ ашып
Қарсы алар, бізді күліп амандасып.
Ұстаздарым сіз салған сара жолмен,
Барамыз болашаққа қадам басып.
18-оқушы: Биік сенің ұстаздық қасиетін,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған.
Жадымызда сақталар өсиетің – дей келе. Аяулы да
ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз «Ұстазым – алтын діңгегім» атты мерекелік кешіміз осымен аяқталды.
Хормен. Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол
Мұғалімдер қауымы. Тәрбие.орг сайтынан "Ұстазым-алтын діңгегім" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Юсупбекова Ансат Сулаймонова

ОҚО. Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar