Сыйынар ем ана деген тәңірге!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 736
  • Тәрбие сағаты
  • 03/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18409


Тақырыбы: Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Мақсаты: мектеп ұстаздарын, аруларды мерекелерімен құттықтау; дүние -
дегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен
тарайтынын ұғындыру; мейірімділікке, аналарды құрметтеп, бағалай
білуге үйрету.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, аналар туралы ұлылар ойлары, шарлар

БАРЫСЫ:

(сахна сыртынан)
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн болып жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!

Хор: «АНАҒА СӘЛЕМ»

1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, арулар! Міне жыл аралатып көктемнің ал-
ғашқы күндерімен келетін 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Жер бе-
тіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы
шағынан ізгіліктің дәмін еккен аналар мерекесі бұл. Осы мерекеге орай
10 – сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтілетін «Сыйыныр ем
ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар! 8 – наурыз мерекесі құтты
болсын! Сіздерге сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз!
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас – қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме анашым.

1 – жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешімізді бастамас бұрын, мерекелік
құттықтау сөзді мектеп директоры …… береміз.
(құттықтау сөз)

1 – жүргізуші: Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын.
Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын,
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын.
Анам менің, асылым, лағыл әнім.

ӘН: «АБЗАЛ АНА»

2 – жүргізуші: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
- Мен бір зор күнә істедім, енді мен үшін тәуба ету мүмкін бе? –
деп сұрайды
Сонда пайғамбар:
- Анаң бар ма? – дейді.
- Бар, - әлгі адам жауап береді.
- Онда анаңа қызмет көрсет, - деген екен пайғамбар.

1 – жүргізуші: Әлемге анашым деп жар саламын,
Тек ана деп, анашым деп ән саламын.
Қателікті кешірдің, қуандың да
Шаршамадың, анажан, шаршамадың.

ӘДЕБИ МОНТАЖ: 1 - 6 оқушы

1 – жүргізуші: Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерлерін анаға бағыштайды.

КӨРІНІС: «АҚСАҚ ТЕМІР МЕН АНА»

1 – жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды.....Өмірдің іргетасы солар
дың қолында қаланады» деген екен Пирогов.

2 – жүргізуші: Орыс жазушысы былай деген: «Адамдар - әрқашан өз аналары -
ның перзенттері. Ана болмаса, ақын да, батыр да болмайды».

1 – жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

2 – жүргізуші: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

1 – жүргізуші: Өнеріміз өрде тұрса байқарсыз,
Таңданыстан басыңызды шайқарсыз.
Мың бұралып шыр айнала билесек,
Өмір бойы мақтанышпен айтарсыз, - дей келе біздің талантты
бишілерімізге кезек берсек.

БИ: «ҚАЗАҚ БИІ»

1 – жүргізуші: «Жәннат аналардың аяғының астында» деп ислам діні әйелдерді
ерекше құрметтейді. Егер бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке,
молшылық, бейбітшілік болады, ата – анасына қуаныш әкеледі дейді.

2 – жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебіре
не толғап, бесік жыры арқылы, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары
арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған ақ
жүректі аналарымыз аман болсын!

МОНОЛОГ «СОЛ ЖАҒЫМ СЫЗДАЙДЫ АНА»

2 – жүргізуші: Мейлі бол ұлы тұлға,
Мейлі жет тайсалмастан ұлы шыңға.
Ұмытпа! Ол - ұстаздың жақсылығы,
Болмайды оны мәңгі ұмытуға.
Ұстаз деген - асылдың ақ сынығы,
Ұлылықтың таусылмас ақ шырыны.
Қалықтап жетсең егер биіктерге,
Ұмытпа, ол да ұстаздың жақсылығы.

1 – жүргізуші: Мектеп - екінші үйіміз, ал ұстаз - екінші анамыз. Біздің ең
жоғарғы жетістіктеріміздің бірден бір себепшісі аяулы ұстаздарымыз.
Келесі әніміз ұстаз қауымына арналады.

ӘН: «ҰСТАЗ»

2 – жүргізуші: Өмірдің егесі сен, ғазиз Ана
Келтірген дүниеге небір дана.
Анасыз ақын да жоқ, батыр да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен
жымыңдасқан жылылық, шексіз мейірім дүниеге жаңа келген тірші -
лік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап, өмір
сыйлаушы асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі ол – АНА.

1 – жүргізуші: Нақ осы сипаттамаларды біздің ұстаздарымызға арнасақ та жал-
ған болмас. Әр үйдің еркесін өз баласындай көріп, тәлім – тәрбиесі
мен күш қуатын аямай, бізді тәрбиелі, білімді етіп адам қатарына
қосқан ұстаздарымызды адам сәулетшісі десек қателеспейміз.

ӨЛЕҢ ОҚУ: М.МАҚАТАЕВ «ШЕШЕ СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ»

1 – жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғынам.

2 – жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың,
Ана деген – рәмізі сұлулықтың.
Ана деген – бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

ӘН: «АНА»

1 – жүргізуші: Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз.
Тәрбиелі ұл – қыздарды өсірген
Ұлы ұстаз – ана мына отырған өзіңіз,


ӨЛЕҢ ОҚУ: М.МАҚАТАЕВ «ӘЙЕЛДЕР - АЙ»

2 – жүргізуші: Қыздарды көрсем біртүрлі
Өзімнен өзім мұңданам.
Тыям да бейнем күлкімді
Өзімнен өзім сыр бағам.
Тоймайды – ау көзім жүз көрсем
Жайқалған менің гүлдерім
Таң тұрып жерге, күз келсе
Не болар екен күндерің, - деп М.Мақатаев ағамыз жырлағандай,
келесі ән – шашуымыз ару қыздарға арналады.

ӘН: «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ»

1 – жүргізуші: Сәуле кіріп енгенмен саналарда,
Бірте – бірте басқанмен заман алға,
Адам болып жер басып жүргенменен
Алдыменен қарызбыз аналарға.
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дархан, дана да.
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға.

2 – жүргізуші: Өмірді ащы, тұщы аралаған,
Сондықтан анам ойы дара маған.
Жайқалып жауқазындай өсіп келем,
Өсірген жеткізіп, панам Анам.
Бал Анам, асыл Анам, таңым Анам,
Мен сенен қуат алам, жалын да алам.
Күн болып көңілімді күйге бөлеп,
Арнадың өміріңнің бәрін маған.

1 – жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікке пана боп,
әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

ӨЛЕҢ ОҚУ: М.Мақатаев «Арулар асыл жандар»

2 – жүргізуші: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,
қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана баланы 9 ай көтеріп, дүниеге әкеліп қоймайды, өзінің көзінің
қарашығындай қорғап,аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады.
Ана - жүрек, жүректі құдірет те,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана - шыңың, шыңына сағынып жет,
Ана - күнің, күніңе табынып өт.

1 – жүргізуші: Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін,
жылуын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын, абыройлы болу -
ын тілейді. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» демекші,
кейде балалақпен анамызды ренжітіп алып жатамыз.
Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір ана түсінбесек
Еркелеп сәби жастық балалықпен.

ХОР: «АНА ТУРАЛЫ ӘН»

Жүргізушілер: Ақ сүтімен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз! Тәрбие.орг сайтынан Сыйынар ем ана деген тәңірге! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Капакова Алтынкуль Кипатшаевна

Қызылорды қаласы №257 орта мектеп

Пікірлер: 0

avatar