Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тәрбие-отбасынан басталады
  • 25.02.2016
  • 599 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16706

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (1.12Mb)

Отбасы - тәрбие бастауы
Отбасы - тәрбиенің қайнар көзі, тәрбиенің негізі - отбасы, ұлттың бүгіні де, болашағы да - отбасынан бастау алады десек те қателеспейміз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің 5 "А" сыныбында "Отбасы - тәрбие бастауы" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Мұндай шаралар аналардың және баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Отбасында ата-ана, оқуда ұстаздар тәлім-тәрбие беруде жас жеткіншектердің өмірге, қоғамға деген ұлағатты ойларға жетік бейімделуінің ықпалы зор, сондықтан да ол іс-шараға сынып оқушыларының ата-аналарын қатыстыру алға қойылды. Ұстаз - оқушы - ата - ана байланысын дамытып отырған да ғана білім, білік, дағды үлкен нәтижеге жете алатынына күмен болмайды. Ашық тәрбие сағаты барысында сынып оқушыларының отбасыға байланысты түрлі тақырыптағы, мысалға "Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі", "Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта", "Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала", атты қысқа жобалар секілді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі", "Ата - асқар тау", "Ана-бауырдағы бұлақ", "Бала жағасындағы құрақ" - деп ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеуге тең келетін халықтың даналық сөздерінен тұратын жыр шумақтарын оқушылар жатқа айтты. Баланың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның ой-санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы - өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Баланың да бойындағы асыл қасиеттері жарқырай көрініп, қалыптасатын ортасы - ол өз отбасы. Сынып оқушыларынан құралған бишілер теңіздегі аққудай тербеліп өз өнерлерін көрсетуде де қалыс қалмады. Бишілердің зор ықыласпен орындаудағы өнерлерін ата-аналарда зор ықылас-ниетпен қол соғып қошеметтерін білдіруді ұмыт қалдырмады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген даналық сөзі арқау болғандай, оқушылардың өз ойларынан туындаған қойылымда жақсы көрініс тапты. Ондағы негізгі мақсат - отбасындағы әкенің ролі, ананың ролі, баланың ролін көрсету арқылы отбасы тәрбиесін бір салаға тоғыстыра отырып адамгершілігі мол жас жеткіншекті тәрбиелеудегі негізгі көзі - отбасы, оған ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың ықпалы орасан зор. Көрініс барысын түсіндіре отырып кезекті аздаған күннен кейін келе жатқан Халықаралық Әйелдер - 8 Наурыз мерекесімен де құттықтап кетуді де жөн көре отырып және оқушылардың өз қолдарынан әшекейленген түрлі-түсті қатты қағаздардан жасалған мерекелік құттықтау қағаздарын аналарының беттерін сүйіп, қуана табыс етті. Сондағы ата-ананың жүзінде балаларына деген сүйіспеншілік, баланың ата-анаға деген мейірімділігі айқын байқалып тұрды.

Отбасы тәрбиесі үнемі қозғалыста, ешқашан тоқтауды білмейді. Ол дегеніңіз - баланың ойынының үстінде, дастархан басында, оқу-еңбек барысында, барлық кезеңде жүреді. Менің ойымша, баланың болашағы толғандыратын отбасылар көп қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болады. Тәрбие.орг сайтынан Тәрбие-отбасынан басталады Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймаханова Нұргүл Мұхамбетқалиқызы

Қызылорда қаласы №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицей География пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: baimakhanova1980
Көрсетілім: 599 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar