Тәрбиенің түп-тамыры

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 280
  • Тәрбие сағаты
  • 23/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21257


Тәрбиенің түп-тамыры
«Ел болам десең, бесігіңді түзе » деп халқымыздың біртуар азаматы Мұхтар Әуезов атамыз бекер айтпаса керек. Еліміздің ертеңін ойласақ, тәрбиенің түп-тамырын қазбалағанымыз жөн болар.
Қазақ халқы баланы жастан, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Ал осы өсиеттің қазіргі таңдағы дәрежесі қандай? Жастардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді» дейді қазақ. Қазіргі таңдағы өз ортамызда жүрген қазақ балалары қандай?
Қазақ отбасынан шыққан бала бастауыш мектепте барлық пәнді ана тілінде ғана оқуы керек. Ана сүтімен дарыған ана тілінде оқуы қажет қаракөз қазақ баласы.
Кейбір отбастары қазақшасы шамалы жаңа тілі шығып кележатқан сәбимен орысша сөйлесіп, аяғында жас бала екі тілді де дұрыс меңгере алмай қалатындар да баршылық. Көбінің күнделікті еститін сөзі орысша болса, ұлттық қаны бар, ұлттық намысы бар қазақ ұрпағын қалай өсіреміз? Ертеңгі ұрпағың туа салып орысша тәрбиеленуіне кім кепіл? Ана тілі ананың сүтімен дару керек қой.Өткен ғасырдағы ұрпақ тәрбиесіне көз жүгіртер болсақ, халқымыз тамаша салт- дәстүрлерді ұстанған. Сонау құрсақ тойынан бастап,отау тігіп,шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен атасқан.Ал қазір қандай? Қазір баланың сана-сезімін улайтын телеарнадағы түрлі ұрыс-керіс, атыс-шабыс, алдау-арбау, жазықсыз жанды оп- оңай тонай салу секілді бейнекөріністер. Бұлардың қай-қайсысы болсын бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды.Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы ертегі, жыр-дастандарды оқитын бала жоқтың қасы.
Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің «...Адамға ең бірінші білім емес, рухани қазақша тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген дана пікірі халқымыздың тамырын тереңнен тартқан асыл мұрасы- туған тіліміз бен әдебиетімздің рухани нәрін жас ұрпақтың бойына сіңірер менің адастырмас Темірқазығымдай.Тәрбиенің түп-тамыры да, қайнар көзі де –ұлттық құндылықта.
Еліміздің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені мәлім. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс- әрекеттерінің түп- тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланыста болмақ. Ел өмірінің қай кезеңіне көз жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі ой қозғар өзекті мәселерді аталы қауым еш уақытта аттап өтпеген.
Жалпы адам жақсы жаманды отбасынан біліп, оның қыр- сырын бойына сіңіреді. Өйткені балалардың алғашқы өсіп- өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым- қатынасы, байланыстары, іс- қимылдар мен мінез құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Демек, берілетін жақсы тәрбие мен отбасындағы жағдайдың жасөспірімдер өмірінде алатын орны ерекше.
«Бала - ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй - базар....», «Бала- отбасының қуанышы».Солай демекші, өсер ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды саналы азамат етіп қалыптастыру өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз абзал. Ең бастысы, бала тәрбиесіне баса көңіл бөлуіміз керек.Ибалы ұл, инабатты қыз тәрбиелеу- адам баласының басты парызы.

С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Асылбекова Айнагүл Қабкешқызы
Қарағанды облысы,
Нұра ауданы,
Ахмет ауылы.

Сертификат алу үшін Тәрбие.орг сайтынан Тәрбиенің түп-тамыры Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айнагуль Асылбекова

Пікірлер: 0

avatar