Төрт түлігім - ырысым

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 487
  • Тәрбие сағаты
  • 05/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23034


Тақырыбы: «Төрт түлігім - ырысым»
Мақсаты:Балаларға ата кәсіп туралы олардыңөмір салты жөнінде ұғым бере отырып, халқымыздың табиғатқа ,жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына көңіл бөлу.Төрт түлік туралы өлең-жыр, жаңлытпаш арқылы, мақал-мәтел, тыйым сөздер арқылы, ойындар арқылы танымын ойын дамыту.Еңбеккорлыққа , әдет-ғұрыпқа іскерлікке, төрт малды қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Дамытушылық
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру
Көрнекілігі: Төрт түлік малдар,төлдер суреті, «Төрт түлік туралы жырлар» бүктемесі . Төрт түліктен алынатын өнімдер: ет. ,жүн, сүт, тыйым сөздер, мақал-мәтел жазылған плакаттар. Топтауға байланысты плакаттар, интерактивті тақта

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежелден малға жақын халықпыз.Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген.Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз. « Төрт түлігім-ырысым» деп аталады.
Сабақ барысында амандасу.
Білер қазақ баласы.
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Қайырлы таң көк аспан!
Қайырлы таң ата-ана!
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!

Кіріспе: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем
-Көктем мезгілінде неше ай бар? Көктем мезгілінде 3 ай бар?
-Қандай айлар, ата? Наурыз, сәуір, мамыр.

Даланың көркі-мал,
Өзеннің көркі-тал.
Бүгінгі тәрбие сағатында айтылады төрт түлік мал.

- Жарайсыңдар балалар, көңіл – күйіміз жақсы болса,көңілді отырып сабағымызды бастайық.(Балалар шеңбер құрып жайғасып отырады)
- Балалар,көздерімізді жұмып,көз алдарына жасыл шөп үстінде жүрміз, аспан ашық, күн жарқырап тұр - деп орманды елестетіңдер. (Үнтаспадан құстар дауысы, жан-жануарлардың дауысы естіліп тұрады)
- Балалар, естисіңдер ме, бұл нелердің дауысы?
- Сендер білесіңдер ме, жануарлар неше түрге бөлінеді?(Балалардың жауабы)
- Иә,балалар, дұрыс айтасыңдар, жануарлар екі топқа бөлінеді. Олар қандай жануарлар?(Балалардың жауабы)
- Дұрыс.Дала және үй жануарлары.
- Ал енді,суретке назар салайық. Суреттен қандай жануарды көріп тұрсыңдар?(Балалардың жауабы)
- Өте жақсы балалар.

Дала жануарлары: елік, бұғы, т.б.
Үй жануарлары: сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе т.б.
-Балалар кім төрт түлік малды атайды?
-Төрт түлік мал Сиыр,түйе, ешкі, қой.
–Балалар енді кім төлдерін атайды?
-Бұзау,бота,құлын,лақ,қозы
Сиыр,бұзау
Түйе,бота қой,қозы
Жылқы,құлын Ешкі,лақ

- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгін тәрбие сағатымызда үй жануарларына тоқталамыз.
- Балалар, «Малы бардың- жаны бар», « Елдің көркі- мал» деген халық нақыл сөздерінен- ақ қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады.Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Қазақ халқының ұлттық ойындарында да төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.
Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.
Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.

Төрт түлік төлдері қалай аталады?
Жылқы төлі- құлын деп аталады.
Түйе төлі-бота деп аталады.
Сиыр төлі-бұзау деп аталады.
Қойдың төлі -қозы, ешкі төлі- лақ деп аталады.

Төрт түлік қалай дыбыстайды?
Жылқы кісінейді.
Түйе боздайды.
Сиыр мөңірейді.
Қой маңырайды, ешкі бақырады.

Төрт түліктің төлдерін, мал пірлерін атау .
Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата.
Түйенің төлі – бота, пірі – Ойсылқара.
Сиырдың төлі – бұзау, пірі – Қамбар ата.
Қойдың төлі – қозы, пірі – Шопан ата.
Ешкінің төлі – лақ, пірі – Сексек ата.

Сергіту сәті.
Ақ-ақ-ақ-секеңдейді лақ
ой-ой-ой-қорада тұр қой
ие-ие-ие-боздайды түйе
қы-қы-қы -кісінейді жылқы
кі-кі-кі-секіреді ешкі

Ойын: «Төлін тауып дыбысын дыбыста »
Мақсаты: Үй жануарлар атын атап төлдерін тауып дыбысын салу

Төрт түліктіңадамға пайдасын суреттер арқылы әңгімелеу.
Төрт түлік малдан не алынады?
(ет, сүт, жүн ) Етті тамаққа пайдаланамыз.
Сүттен не аламыз?
Құрт, айран, көже, май, ірімшік, қаймақ.
Жүннен не аламыз?
Киіз, алаша, шұлық, қолғап

Тағам түрлері: Әр түліктің сүті әр түрлі әр қалай аталады. Түйе сүті-шұбат, жылқы сүті-қымыз. Бұл екеуінің де адам организміне пайдасы зор.Емдік қасиеті бар.

Жылқы –малдың патшасы.
Жылқы-қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді. Жылқы малы халықты етпен,қымызбен қамтамасыз етті. Жылқыны салт мінуге, ауыл шаруашылықтарында күш көлігі ретінде пайдаланды. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті,шипалы қымызы үшін де өсіріледі.Қымыз- жылқы сүтінен алынатын, қышқыл сүт өнімі, халқымыздың кәделі сусыны.Қазақ халқы жүздеген жылдар көлемінде қымызды айрықша ыдыстары торсық пен сабада дайындаған.

Түйе- төрт түліктің төресі.
Түйенің дене тұрқы ірі, оның салмағы 700-800 кг мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.
Түйенің терісінен аяқ киім тігеді,таспа, қайыс жасаған,ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқылды.Көрпеге салады.Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат-өкпе,асқазан,ішек ауруларына ем. Шудасы-буын, құяң, бүйрек ауруларына ем.

Сиырдың сүті- тілінде.
Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.

Ірі қара сиыр қолтұқымдары: Қазақтың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, Қырдың қызыл сиыры, Алатау сиыры, Қарала, Әулиеата т.б түрлері өсіріледі.
Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды.Сиырдың еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.Сиырдың сүті несеп ауруларына ем. Ойды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады.

Қой шаруашылығы.
Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының басты саласы.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Ол ыстыққа да, суыққа да шыдамды.Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды. Кілем тоқылды.Қойдың қолтұқымдары: Еділбай, Бағаналы, Қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Арқар меринос қойы еліміздің Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі.

Төрт түлік туралы тақпақтар айту.
Құлыншағым
Құлыншағым-құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанатқағады.
Боз бие
Әжем жиі сауады, Құлыны да тояды.
Боз биені баяғы. Сабамыз да толады.
Сүті неткен көп еді, Қанады әбден қымызға
Суалмай- ақ келеді. Біздіңүйдіңқонағы.


Ақ бұзау
Ақ бұзауым ұнайды, Келеді өсіп күн санап,
«Мө- мө» деп сүт сұрайды. Қоямын ба тұмшалап.
Ақ бұзау жақсы фермада, Тұмсығын созып қарайды,
Апарамын көрмеге. Тілімен мұрнын жалайды.
Сиыр
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
Қозы
Кіп- кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Бөрте лақ
Шөре- шөре лағым Марқа туған бөрте лақ,
Тентек болма, шырағым. Әңгімеме сал құлақ.
Секектеме деміңді ал, Ойнай көрме тым ұзап,
Селтеңдемей құлағың. Боп жүрмесін бөрі тап.
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұртиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың?
Лақ
Секең,секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп –ақ
Секеңдемей жүрсейшіӘдемі боп тойып ап

Бота
Тәй-тәй тұрған ботақан
Аяқты қалт-қалт басасың
Өрістегі енеңді
Сағынып әнге қосасың

Төрт түлік туралы ертегілер өте көп. Бес ешкі, Ешкі мен қасқыр, Жеті лақ, Зеректік, т.б

Төрт түліктуралы мақал-мәтелдерайту.
1.Сиырдың сүті – тілінде.
2. Ат-адамныңқанаты.
3.Қойдың сүті қорғасын,
Қойдыұруболмасын.
4. Аттыңбәрісұңқаремес,
Құстыңбәрісұңқаремес.
5. Жалғызшапқанатжүйрік.

6. Түйекөпболсажүксыймас.
7. Малдыбақсаң, сиырбақ,
Сүткетпейдішарадан.
8. Сиырдытеппейді,
Сүтті төкпейді.

Жұмбақтардың шешімін табу.
Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып кеткен.( құлын)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Егіз құлағы бар,
Иегінде сақалы бар. ( ешкі)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. ( түйе )
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қозы )
Екі айнасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. ( сиыр )


Төрт түлік туралы тыйым сөздер.
1. Малды басынан ұрма.
2. Ақты төкпе.
3. Түнде мал санама.
4. Малдың жусауын, өрісін бұзба.
5. Жылқыны қазыққа байлама.
6. Мал қора ішіне дәретке отырма.
7. Сауар алдында малға зекіме.
8. Ауылға атпен шауып келме.
9. Қойдың мүйізін,жүнін отқа жақпа.

Жыл мезгілдеріне қарай төрт түлік малды қайда бағады?
Малды ауыл жаз жайлауға, күз күзекке,қыс қыстауға көшеді.Үйренген мал өз жайлауын, суатын іздейді.Мал өз иесін,қорасын төлін таниды.Ірі мал басқа жаққа сатылғанда немесе жіберілгенде өзі туып-өскен жерін іздеп табады. Әр мезгілде малдың жүнін, қылын, түбітін алудың да атауы бар.Мысалы, түйені жүндейді, жылқыны күзейді, қойды, ешкіні қырқады,түбітін тарайды.

Хор «Қошақаным»әні
Қорытынды: Міне балалар, сендер бүгін тәрбие сағатында төрт түлік мал туралы көптеген түсініктемелер алдыңдар.
Төрт түліктің бізге пайдасы зор: Айран, құрт, қатық, май, ірімшік, сүзбе, бал қаймақ осы сиыр сүтінен жасалып, бізге дастарханымызға дәм болып келеді.
Емдік қасиетке ие: жылқы сүті-қымыз, түйе сүті-шұбатденсаулыққа өте шипалы. Төрт түлікті қадірлеп қастерлеп бағып қағуымыз керек.
- Ал қазір,алдарыңызда конвертте геометриялық пішіндер берілген,сол пішіндерден «Жылқы –малдың патшасы» бейнесін құрастырамыз.Ең алдымен, қағаздың бетіне кеудесін,құйрығын, аяғын, басын жапсырамыз.
- Өте жақсы.Жылқы бейнесін өте жақсы құрастырдыңдар.Келесі кезекте 2 топтың қайсысы жеңімпаз атанды,соны анықтау.Менің ойымша 2 топта бірдей жауап беріп,тең келді. Барлықтарыңның үйлеріңе аққа толсын, қораларың малға толсын! Тәрбие.орг сайтынан Төрт түлігім - ырысым Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садуова Данагуль Муратовна

Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылы №9 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar