«Тәуелсіз елдің көшбасшысы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 525
  • Тәрбие сағаты
  • 08/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20426


Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:
«Тәуелсіз елдің көшбасшысы»



Өткізген: әдіскер Гайсина Г.А.

Казталовка-2016 жыл.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы».
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, балаларға елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, слайд, сөзжұмбақ, видео-ролик.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, шақырулы қонақтар! Бүгінгі 1-желтоқсан тұңғыш президент күніне орай өткізгелі отырған «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!(Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.)
Алдыменен тәрбие сағатымызды бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін кабинет меңгерушісі Д.Ж. Салыховаға береміз.
Жүргізуші:
Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақжолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы қаласы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолы Қарағанды металлургия комибатында басталған. Теміртау қаласында 2012 жылы 17 қазанда елбасымызға арнап мұражай ашылған. Алғаш білім алған мектебі – Үшқоңыр. Елбасымыздың зайыбының есімі – Сара Алпысқызы. Елбасымыздың Динара, Дариға, Әлия есімді үш қызы бар. (Елбасымыз туралы видео-ролик).
- Сонымен балалар, біздің тұңғыш президентіміз кім?
- Балалар біздер тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз?
- Біздің елбасымыз қай қалада тұрады?
- Елбасымыз қайда дүниеге келген?
- Демалыс кезінде елбасымыз не істейді екен?
- Елбасымыздың қыздарының есімі кім?
Жүргізуші: Ендігі кезекте балалардың өнерлеріне кезек берейік.
Ән: «Аққу-арман» Тлеккабылова Тұрсынгүл
1-оқушы Меңдібай Саят
Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
2-оқушы Адиетов Ақжол
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
3-оқушы Мурзагалиев Алихан
Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран, Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
4-оқушы Шамгунова Айша
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
5-оқушы Мақсот Мадияр
Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең,
Қазағымның даласы!
Жүргізуші: «Әрқашан күн сөнбесін!» ойыны.
Тақтаға күннің суреті ілінеді. Әр күннің шашағында тапсырмалар берілген. Соларды орындау барысында күннің көзі пайда болады.
Ән: « Менің Елбасым » орындайтын: Хасанов Жеңіс
Жүргізуші: Ал, балалар енді «Елбасы» сөзіне сөзжұмбақ шешейік.
Сұрақтары:
1.Н.Ә.Назарбаев кім? (елбасы)
2. Қыстың алғашқы айы қандай?(желтоқсан)
3. Елбасымыздың әкесінің есімі кім? (Әбіш)
4.Елбасымыздың зайыбының аты кім? (Сара)
5. Елбасымыз қай қалада тұрады? (Астана)
6.Елбасымыз қандай музыкалық аспапта ойнайды? (домбыра)
Жүргізуші: Сонымен қатар, алда келе жатқан 3-желтоқсан мүгедектер күнін де айтай кетейін. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілдік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін.
1992 жылдың соңында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы мүгедектердің онжылдығында (1983-1992 жылдар) Бас Ассамблея 3-желтоқсанда Халықаралық мүгедектер күні деп жарияланды. Бұл Онжылдық мүгедектердің жағдайын жақсарту және оларды теңдей мүкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында мәлімет алу және шаралар қолдану кезеңі болды. Кейінірек Ассамблея қатысушы мемлекеттерді осы күннің құрметіне арнап іс-шаралар өткізуге шақырады. 3-желтоқсан Халықаралық мүгедектер күнін өткізу мүгедектердің проблемаларына, олардың қадірін, құқығын, амандық-саулығын қорғауға назар аудартуға, қоғамның назарын мүгедектердің саяси, әлуметтік, эканомикалық және мәдени өмірге араласудағы артықшылықтарына назар аудартуға, бағытталған.
Сол мақсатта психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде балаларға марапаттау қағаздары мен кәде-сыйлықтарымызды үйлестіруге рұқсат етіңіздер.
Тренинг: «Жүректен жүрекке»
- Балалар бір – біріне тілек айтады.
Хор: «Қазақстан бақыты» Ж.Хасанов пен балалар
Міне, қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді әр қашанда ұмытпайық ағайын! Қош сау болыңыздар.

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті

1-желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты тәрбие сағатымызға белсене қатысқаны үшін

марапатталады

Кабинет меңгерушісі: Д.Салыхова

Казталов – 2016 жыл Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: әдіскер Гайсина Г.А.

Пікірлер: 0

avatar