Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Тәуелсіз елдің ұрпағымыз"
  • 27.01.2017
  • 126 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21344

• 0


Оқу іс-қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-қызметі Балалардың іс-қызметі

Мотивациалық – қозғаушылық

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Ұйымдастырушы лық - ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік Әнұран орындалады.

-Балалар бүгін ерекше күн, бүгін ұлы мереке, сонау желтоқсан оқиғасымен келген Тәуелсіздік күні мерекесі.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жариаланған күн, ата-бабаларымыздың армандары орындалып әлем таныған күн.
Бетшемен жұмыс:

-Балалар қараңдаршы мына суретте осыдан 30 жыл бұрын 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы болған жастар көтерілісі,олар қазақстанның тәуелсіз ел болуын қалады,Қазақстанды қазақ ұлты басқаруды аңсады. Міне сол ызғарлы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастарымыз Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхаметжанова, Е. Сыпатаев сынды қазақ жастары құрбан болды.Олар өте жас еді, Ләззат небәрі 16 жаста болатын, оларға қазақ қахарманы атағы берілді.Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпауға тиіспіз.
Осындай жастарымыздың арманы орындалып, Қазақстан Республикасы тәуелсиз ел атанды, тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда ел тізгінін алды. Міне балалар, сендер осындай Елбасымыз бар бақытты,тыныш, болашағы зор ,тату-тәтті елдің ертеңісіңдер.

Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
-Ал балалар кім отан,тәуелсіздік,желтоқсан туралы тақпақтар біледі.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар,тәуелсіз ел болғаннан кейін,1992 жылы 4 маусымда Ел Рәміздері қабылданды, Міне мынау желбіреген көк туымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз бар.
- Ел Рәміздерінің авторларын білесіңдерме?

-Ел Рәміздері туралы кім тақпақ айтады?

-Жарайсыңдар балалар,енді мына суреттерге қараңдаршы, Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан соң 1997 жылы 8 қарашада оның астанасы –Астана қаласы бой көтерді,өте жас,сұлу қалада Бәйтерек,Ханшатыр, Елорда секілді көптеген ғимараттар салынды.
-Балалар Астана туралы не білесіңдер?

-Тамаша,жарайсыңдар балалар, өте білімді екенсіңдер,ал енді сұрақ-жауап ойынын ойнап жіберейікші, мұқиат тыңдап жауап береміз.
-Біздің ұлтымыз қандай?
-Біз қай тілде сөйлейміз?
-Елбасымыз кім?
-Елорда қай қалада?
-Ел Рәміздерін атаңдаршы?
-Тудың ортасында қандай құс бейнеленген?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қыстың қай айы?
-Бүгін қандай мереке?
-Бүгінгі оқу іс-қызметінде қандай патриоттық ән айттық?
-Кім ерлік, отан,тіл туралы мақал біледі?

-Керемет,тамаша балалар, жарайсыңдар,ойында өте жақсы жан-жақты білімді екендіктеріңді көрсеттіңдер.Әрқашан еліміз аман,тыныш болсын,сендер гүлдей әдемі болып жайнап,бір-біріңмен достықта, бірлікте болыңдар.Мерекеміз құтты болсын.

Би: « Қара жорға»

Балалар тәрбиешімен бірге,оң қолдарын жүрек тұсына қойып ,әнұранды шырқайды

-Балалар мұқиат ,зейінмен тыңдайды

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындайды

Жансерік,Ләззат,Нәргүл, Нұрәлі, Мейіржан тақпақтарын айтад

-әрине білеміз,әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
-тудың авторы: Шакен Ниязбеков
-Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков.
Шота Уалиханов

-тақпақ білеміз
Нариман, Саламат тақпақтарын айтады
-қазақ
-қазақ тілінде сойлейміз
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Астана қаласында
-Әнұран,Ту, Елтаңба
-қыран құс
-қыс мезгілі
-желтоқсан айы
-тәуелсіздік күні мерекесі
-әнұранымызды айттық
Мирас: Отанды сүю-отбасынан басталады
Нұрәлі :Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Ләззат:Тіл-атадан қалған асыл мұра

-балалар қуанып,ортада ұлттық би «қара жорға» билейді

Kүтілетін нәтиже:

Біледі : Қазақстан отаны екенін,ұлтын, тілінің қазақ екенін біледі
Түсінеді: Тәуелсіздіктің ерлікпен,жеңіспен келгенін.
Қолданады: Ән айтып,тақпақ,би билеуді. Тәрбие.орг сайтынан "Тәуелсіз елдің ұрпағымыз" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кеулимжаева Гульмайра Кайыровна

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң селосы " Бәйтерек" балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 126 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar