Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 44
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23250


Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұрпағымыз.
Мақсаты:
түзету- білімділік Орыс тілінде білім алатын оқушыларды қазақ тілін білуге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
түзету- дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмысқа дағдыландыру. Анық дұрыс сөйлеуге үйрету. Есту қабілетін дамыту.
түзету- тәрбиелік: өз еліне, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
түрі: Cұрақ - жауап ойыны
әдісі: ойын, сұрақ - жауап
көрнекіліктері: суреттер, слайдтар, Қазақстан картасы
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар!
- Балалар, келген қонақтармен қалай амандасамыз:
Қонақ күту салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік -жалпымыз.
Қойылым:
Уәзірі:
-Жол беріңдер! Жол беріңдер! Хан келеді!
Хан:
- Амансыңдар ма, халайық! Амансыңдар ма, балалар!
- Балаларым! Мен қартайдым! Менің орныма отырып, ел басқаратын Мұрагер керек. Кім ең ақылды, білімді, қазақ тілін жақсы білсе, сол хан болады.
- Хан ием, ақылды, білімді ханзадалар мен ханшайымдар бар. Бүгін олар сайысқа түскелі алдыңызға келіп отыр. Олар өте ақылды, білімді, қазақ тілін жақсы біледі.
- Олай болса көрейік.
Сұрақтар:
Балалар, біздің Отанымыз қай ел?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан қандай мемлекет?
«Тәуелсіз» сөзінің орыс тіліндегі аудармасын кім айтады?
«Тәуелсіз ел» қандай болады?
Оқушылардың тұспалды жауаптары:
еркін ел, Астанасы бар ел, Рәміздері бар ел, мемлекеттік тілі бар ел, Салт- дәстүрі бар ел.
Балалар! Биыл біздің мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел болғанына
25 жыл. Сіздер мемлекеттік тіл- қазақ тілін оқып үйреніп жүрсіңдер.Бүгінгі сайысымыз Отанымызға арналады.
Сайысымыздың алдында кезекші дыбыстарды еске түсірейік:
- Кезекші дыбыстар қандай?
- Кезекші дыбыстарға қандай сөздер білесіңдер?
Балалар! Кезекші дыбыстарды жақсы айтыңдар!
Сөздікпен жұмыс.
Жақсылап тыңдаңдар!Анық дұрыс айтыңдар!
«Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» сұрақ- жауап ойынын бастаймыз.
Сайыста әділ қазылар алқасы болуы керек.
Әділ қазылар алқасы алдарыңызда отыр. Таныс болыңыздар.
ІІ. Сайыс 5 аялдамадан тұрады.
I аялдама «Сәлем - сөздің атасы»
II аялдама « Кім тез?»
III аялдама «Білімді басшы»
ІV аялдама«Мәнерлеп оқу» сайысы
V аялдамаМенің елім – Қазақстан. Әңгіме
Ендеше бірінші аялдамаға көшейік.
I аялдама - «Сәлем - сөздің атасы»
Әр топ мүшелері өздерін, тобын таныстырады. Аты- жөні, неше жаста, нешінші сыныпта оқиды т.б.
II аялдама - « Кім тез?» Топтың әр мүшесібесі сөзді қазақ тілінен орыс тіліне тез аударады.
III аялдама - «Білімді басшы»
Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. 10 сұрақтан қойылады.
IV аялдама Мәнерлеп оқу сайысы
Көк ту
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.

Көк аспанда жас қыран,
Көк аспанда қызыл күн.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астынан.
Күнді арқалап қыраны,
Туым көкте тұрады,
Ту астында халқымыз
Сән салтанат құрады.
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі!
Мәңгілік желбіресін көк Туымыз
Кетпесін туған жердің берекесі.
Сенің Отаның Б. Ысқақов
Отан сенің ата –анаң,
Отан –досың, бауырың.
Отан –өлкең, астанаң,
Отан –аудан, ауылың.

Отан -тарих, Отан жыр,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан –өлең, Отан жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Д. Сүлейменов Қайсар рухты баламын
Алатау, Алтай арасы -
Қазақтың кең даласы.
Мен боламын сол елдің
Қайсар рухты баласы.
Өсіп, өніп, ержетіп,
Ақылымды өрлетіп.
Елімнің атын шығарам
Мықты елдермен тең етіп.

С. Қалиұлы Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығы - аспан әлемі.
Құт, береке- шаңырақ
Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай- талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.

А. Жүнісәлиева Қазақстан
Қазақстан елім менің,
Қазақстан жерім менің.
Саған арнап айтылады,
Әнім менің.
Алатаудың аясында,
Гүл жинаған саясында,
Гүлге ұқсап өсіп келем,
Үлкендікке көшіп келем.
Қазақ жері Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен –Қазақстан.

Д. Елайқызы Қазақстан-менің мекенім
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан- мекенім!
Беп-белгілі емес пе,
Сенің ғажап екенің!
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып.
Желбірейді көк туың-
Төбемізде мәңгілік!

Ә. ТабылдиевОтаным
Керемет биік тауларың,
Кестедей бақта бауларың,
Айнадай мөлдір көлдерің,
Анамдай ізгі елдерің.
V аялдама Менің елім –Қазақстан
ІІІ. Қорытынды.
- Балалар, Еліміз «Қазақстан» туралы айқанда біздер қандай сөздерді көп айтамыз? Жауаптарымызды тақтаға жазайық.


- Биылқандай басты мереке бар?
- Тәуелсіздік күні қай күн?
- Балалар, Тәуелсіздік құтты болсын! Сайысымыз өте қызықты болды. Бәрің де өте жақсы жауап бердіңдер. Мен сендер үшін қуанып тұрмын, қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер. «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» сұрақ- жауап ойынымыз осымен аяқталды. Әділ қазылар алқасы сендердің берген жауаптарыңды бағалап, жеңімпазды анықтайды.(Жеңген топты әділқазы (хан) мүшесі марапаттайды.)
Балалар, біздің сұрақ- жауап ойынымыз аяқталды.Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіз елдің ұрпағымыз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Майра Қосимова Қадырқызы

Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar