Тәуелсіз елім –мақтанышым менің

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 287
  • Тәрбие сағаты
  • 04/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21507


Тақырыбы: Тәуелсіз елім –мақтанышым менің
Мақсаты: Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу , Қазақстан мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу. Ата-баба аманатына адал болуға , ерлігінен үлгі алуға , бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп , ұлтжандылық , отаншылдық сезімдерін ояту.
Дамытушылығы: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, үнтаспа .
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, аяулы оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» атты 3 «Б» сыныбы өткізгелі тұрған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Қазақстан – егемен ел, Тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған ел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
Шартарапты шаттығындай озат күн,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
(Қазақстан Республикасының Гимні орындалады)
Мұғалім: Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде Тәуелсіздік қазақ елін қалыптастырып, Қазақстанды дүние жүзінің алып мемлекеттері сыйлайтындай дәрежеге жеткізген Елбасыдай көреген саясаткердің ерен еңбегін әрқашан айтып жүреміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше мереке, себебі, осындай қуанышты күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен болды.
-Ендеше Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіз елім –мақтанышым менің Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шалкарова Мадина Исаевна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 11 жалпы білім беру орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar