"Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым".

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 557
  • Тәрбие сағаты
  • 31/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19840


Семей қаласы
№26 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі
Болгабаева Жанаргул Маратовна

Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым".
Сабақтың мақсаты: оқушылардың туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, бейнеклип
1- слайдта
«Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады». Н. Назарбаев
2-слайдта:
«Қазақстан –біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек»
Н. Назарбаев
3-слайдтан бастап: Астана, тәуелсіз кең байтақ қазақ елінің көркем жерлері, Елбасы туралы суреттер.
-Балалар, біз үшін ең маңызды не?
Қазақ елі –қасиетті мекен. Осы мекенде біз қазір тәуелсіз елдің таңымен оянып, емін –еркін өмір сүрудеміз. Иә, тәуелсіз елдің таңы. Жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу –ұлы арман.
Оқушыларды топқа бөлу sad топ аттары: мереке, бостандық, қазақ елі).
Қызығушылықты ояту:
• Тәуелсіздік туралы мен айтамын: (жеке, жұпта, топта жазу 5минут).
• Топ басшыларының қорғауы
Мұғалім сөзі:
-Иә , балалар Кең байтақ Отанымыздың тәуелсіздігі- сөзбен жеткізе алмас қасиетті ұғым, ұлттық санамыздың, адами жаратылысымыздың, өміріміздің қайнар бұлағы.
Тәуелсіздік –халықтың үні, ұлттық тілі мен ділі. Мәңгілік елдің бастауы. Осы бір ауыз сөзге адамзат үшін ең қымбат түсініктер топтастырылған.
-Азаматтық,
-Теңдік,
- Бостандық,
- Береке,
-бірлік, бақыт, тәубешілдік пен ризашылық сынды әдемі де аяулы сезімдер осы сөз арқылы адам жүрегіне ұялайды. Көңілді көркейтіп, жаныңды жадыратады.Талабың асқақтап, мақсатың нақтылана түседі. Бойыңды Отанға деген орасан сүйіспеншілік сезімі билейді.
• Мағынаны ашу: (интерактивті тақтада мәтін шығады)
1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» Заң қабылдаған тарихи күн. «Уақыт-зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл- жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапқа толы, сонымен бір мезгілде, ғаламат сәті. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мемлекеттің басшысының «Қазақстанның тәуелсіздігі тағдырдың қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттігін құруға деген заңды құқығы , бұл даусыз және саяси фактіге ешкім келтірмеуі тиіс» деген сөзінен маңызын терең түсінуге тиіспіз. Тәрбие.орг сайтынан "Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым". Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Болгобаева Жанаргул Маратовна

СОШ №26 Математика және физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar