«Тәуелсіздік –ел бақыты» тәрбие сағаты

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 271
  • Тәрбие сағаты
  • 17/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20564


«Тәуелсіздік –ел бақыты» тәрбие сағаты
Мақсаты : Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айырылғанымызды ,Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру. Отанды сүюге,құрметтеуге,Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсетуге,адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу . Өз ойларын жүйелі түрде еркін жеткізуге,сөйлеу мәдениетін үйрету.
Көрнекілігі: Тәуелсіздік ,туған жер туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер көрмесі.
«Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.
1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер «Тәуелсіздік-ел бақыты» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1 –жүргізуші: 1991 жылғы 1 желтоқсанда Бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.
Оқушы:Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр атам.
Оқушы:Биіктей бер Нұр ата,
Қыран қанат талмасын,
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
Оқушы:Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
2 –жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.
Оқушы: Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді міне, азаттығым, теңдігім
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді шерлі болған шерлі үнім.
Оқушы:Тәуелсіздік – ұраным,
Құсқа ұқсатам – қыраным,
Біз бақытты баламыз,
Тұғырлы етсек тұрағың.
Оқушы:Жүректен бейбіт жыр төгіп,
Бір болсын халқы бар елдің.
Жарқырай берсін нұр төгіп,
Сөнбесін күні әлемнің.
Оқушы:Егеменді ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні.
«Егемендік» деген сөзбен естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
1 –жүргізуші: Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындаған Тәуелсіз мемлекетпіз. Мемлекетіміздің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері бар. Бұл еліміздің Тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады.
Оқушы: Жарасқан байрақтың мәні бар.
Көк аспан күн-қыран сәні бар,
Көк байрақ, ашық күн кеңесілі,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Оқушы: Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Оқушы:Бәрі болған қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, елдік, өнер де.
Жапандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге.
Оқушы:Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның ен таңбасы болмайды.
Түлігіне дейін салса ен таңба.
2 –жүргізуші: Еліміздің нышандарын бекіткен күні Нұрсұлтан атамыз тебірене былай деді: «Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар елтаңбамыз құтты болсын» - деді. Бұған бүкіл еліміз қуанды.
Оқушы:Батырлыққа уызынан жарыған,
Ел төркінін байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі ақын халықта,
Кім айта алар болмаған деп әнұран.
Оқушы: Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім.
1 –жүргізуші: Көк байрақтың астында,көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев нені болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін - деді
Егемен болмай ел болмас,
Етек жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмасы,
Енді қазақ кем болмас
2 –жүргізуші: Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, ал соңғы 75 жылда кеңес мемлекетінің құрамында болып дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты.
1 –жүргізуші: Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама.
Оқушы:Айтса нанар сенгіш халық едік қой.
Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,
О ғаламат, халық жауы дедік қой.
Оқушы:Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Оқушы: Соғыс жалмап, аға-іні бауырда,
Зар жылатып, тыныш жатқан ауылды,
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Оқушы:Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның он жетісі, Топ, Алаң,
Тоғышардың түсіне де кірмеген.
Басталды бір сұмдық, у-шу зобылаң.
Оқушы:Аяз қысып көкті қыста қаһарын,
Сиретпеді жастар бірақ қатарын
Қайдан білсін милиция-қорғаны,
Ұрып-соғып суық сумен – атарын.
Оқушы:Жалған емес, бұл шындық дастан әнім,
Бодандықтың ол бұзды тас қамалын,
Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың
Қыршынынан кім қиды жас қанатын.
Оқушы:Қайдан білсін аңғал, албырт жастарым,
Сойыл күрек, жаратынын бастарын,
Шашатан сүйреп, әскер қорлап қыздарды.
Қойдай қамап, айдалаға тастарын.
Оқушы:Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдегі,
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Адамдардың ұмытылмас ерлігі.
2 –жүргізуші: Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы Кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Оқушы:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік жаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира.
Құрбан болған жаланың
1 –жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рұсқұлбеков 22- жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы бостандығы, егемендігі үшін күресті.
2 –жүргізуші: Сол желтоқсан оқиғасы ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
Оқушы:Қатігездік жұдырығы түйіліп.
Қамшы үйірді жасқан жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға,
Ата-баба аруағына сыйынып.
Көрініс. Автор Қайрат түрмеде темір тордың ішінде ойланып, «Ана тілі» өлеңін оқып отырады. Оқушы:Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым, мың тілімен
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.
Автор:Қайрат жатқан жерге есікті ашып, күзетшілер келіп, оны тергеушілер алдына апарады. Қайраттан ақтық сөзін айтуды бұйырады.
Тергеуші:Әй, сен шыныңды айтпасаң атыласың. Савицкийді өлтірген сен бе, ақтық сөзіңді айта бер.
Қайрат: Жоқ, мен емес. Тергеуші: сен өлтіргенсің мойында
Қайрат: Күнәдан таза басым бар,
21 де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген атам жаным бар.
Еркек тоқты-құрбандық
Атам десең атыңдар. Тергеуші:Әкетіңдер, Атыңдар.
Оқушы:Алғашқыда кешірім берілмейді. Одан соң ату жазасын 20 жыл бас бостағынан айыруға өзгертеді.Өкінішке орай, Қайрат бұл шешімді естіместен көз жұмды. Уақыт қалайда шындықты жер бетінен жасырғысы келмегенімен адалдың үні ақыры жарып шықты.
1 –жүргізуші: Тәуелсіздік алған 22 жыл ішінде қандай өзгерістер болды.Осы жылы халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
Оқушы:Ғарышкерлер мекені.
Қазақ жері Байқоңыр
Қай жер саған жетеді
Ғажап жерім Байқоңыр.
2 –жүргізуші: 1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды. Ата заң деп - өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып іске асырулы айтады. Біз мектепке тегін білім алу құқұғын пайдаланамыз.
1 –жүргізуші: Қазақстан Республикасының жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.
2 –жүргізуші: Ал Президентіміздің жарлығы 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
Оқушы:Жаса, жаса Астанам
Өркен. Жая бастаған
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған. «Қазақ елі осындай» Назерке,Нұрбибі
1 –жүргізуші: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі. 1997 жылы 11 шілде де Парламент «Тіл туралы» заң қабылдады.
Оқушы.Туған тілім - бабам тілі өз тілім,
Туған тілім - анам тілі өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі өз тілім.
Оқушы:1997 жылы – Қазақстан 2030 стратегиясын паш етті.
Оқушы.2002 – Денсаулық жылы.
Оқушы: 2003-2005 ауыл жылы
Оқушы:2004 жылы Қазақстан Ресей жылы
Оқушы:2005 жыл – Дүние жүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
Оқушы.2005 жыл 15 ақпан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.
Оқушы:2007 жыл-қазақ тілі қолдау жылы
Оқушы:2008 жыл- Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды.
Оқушы:2010 жылы Астанда Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Н.Назарбаев саммитке қатысушы 73 ресми делегецияны қарсы алды. Астана декларациясы қабылданды.
Оқушы:Елді мекендер абаттандырылып, жолдар жөнделуде
Оқушы:Әлеуметтік нысандар жаңарды.
Оқушы:100 мектеп,100 аурухана бағдарламасы жүзеге асуда.
Оқушы:Елді мекендер таза ауыз сумен қамтылуда.
Оқушы:Балапан бағдарламасы бойынша балабақшалар салынуда.
Оқушы: Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,
Өр мінезді, ақкөңіл, мейірбан қонақжай
Даналық дарыған, ақын ел, батыр ел.
Бабалар мекені асқар тау, шалқар
Ақ бесік, ақ отау мәңгілік көл
Жасай бер жаңарып, жаңғырып «Алға,Қазақ жігіттері» Хор
Оқушы:Достық пен ынтымақ мекені
Гүлденер халқымның ертеңі
Жасай бер, жері бай
Егемен еліме-ай
Жасай бер, жері бай
Тәуелсіз елім-ай
Оқушы:Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты, ертеңі
О, Халайық құтты болсын қуаныш
1 –жүргізуші: Той тойға ұлассын!
2 –жүргізуші: Тәуелсіздігіміз баянды болғай
1 –жүргізуші: Ұзағынан сүйіндірсін
2 –жүргізуші: Аршындай бер, адымдай бер Тәуелсіз Қазақстаным
1 –жүргізуші: Елбасымыз былай деген. Бізге азат пен, арпалыспен келген. Тәуелсізідік тәуекелге түскен.
2 –жүргізуші: сондықтан да біз ұлы ұғымдардың қадірінде, қасиетінде білеміз, бағалаймыз.
1 –жүргізуші: Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болғай, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз.
Мұғалім -Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің ынтымақ пен татулық бейбіт өмір мен тыныштық баянды болғай. Әр отбасында құт береке, қуанышты да бақытты өмір, дендеріңізге саулық тілейміз. Елдігіміздің айнасы – тәуелсіздігіміз жасай берсін!
Хор «Атамекен» Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіздік –ел бақыты» тәрбие сағаты Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаңабай Жаухар

Қызылорда қаласы №235 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar