«Тәуелсіздік тұтқасы-бізге аманат»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 485
  • Тәрбие сағаты
  • 23/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20189


Бекітемін:
Мектеп директоры:
____________ Амитжанова И.Б
« » қыркүйек 2016 жыл

салтанатты жиынының сценарийі

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұтқасы-бізге аманат»

Ақтөбе қаласы 2016 жыл

"Алғашқы қоңырау"
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну
білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі
азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Өткізілетін орны,уақыты: 01.09.2016ж.сағат:10.00. Мектеп алаңы
Көрнекілігі: шар,жалаулар.

«Қазақстаным»әні орындалады.
Фанфары
1ж: Күзгі күн шуақ шашады,
Жаз бітіп, жетті қыркүйек.
Басталды білім сапары,
Мектепте думан дүркіреп.
2ж: Лүпілдей соқты жүректер,
Шалқыды көкке Әнұран.
Шат күлкі, аппақ тілектер.
Естіліп мектеп маңынан.
1ж: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
2ж: Армысыздар мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
1ж: Желбіресе көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем таныды,
Егеменді ел боп бүгін.
2ж: Әкелсін туын,көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді,жасартып мәңгі ай,күнін.
Әкелсін туды,шырқалсын өршіл гимні,
Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.
Мектеп түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!(гимн)
1ж: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзінде бақыт,білім,берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін.
Құтты болсын Білім күнің-мерекең.

2ж:Алғашқы қоңырау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.
1ж:
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты.


2ж:
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына
Тікелей өсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
деп баршаңызды Қазақстан Республикасының Ата заңына 21 жыл толуымен құттықтаймыз!
1ж:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр.
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр.
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық.
Балдырғандарды базарлы,
Қарсы алып, қол ұрайық
2ж:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың.
Қаламсавп алып қолыңа
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа
Жан серігің – әліппең. - бүгінгі мерекенің басты қонақтары енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер
1ж: Мәңгілік Еліміздің болашақ ұрпақтарын зор қошеметпен қарсы алайық.
2ж:Балдырғандар келіңдер,
Білім үйін көріңдер.
Әріптерді таныңдар,
Бәрін жаттап алыңдар.
Алдарыңызда 1А класы.Класта 25 оқушы.
Класс жетекшісі:Аспантаева Лида Батырбековна –жоғары санатты,
32 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар біліктіде білімді ұстаз.Білімді ұрпақ тәрбиелеуде заманауи әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне батыл енгізіп,сапалы нәтижеге қол жеткізген жоғары білікті маман ретінде танылуда. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту жолдарында ерен еңбегі бағаланып, қалалық,облыстық, респудликалық, халықаралық білім сайыстарында марапаттарға ие болған білімпаз ұстаз.
1ж:
Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,
Жоғалмасын ата-салтың,ғұрыптарың.
Кір келтірме ата-ана,ұстазыңа.
Білім берер,алтын ұя мектебіңе.
Алдарыңызда 1Ә класы. Класта: 22 оқушы
Класс жетекшісі:Садуақасова Базаргул Ертасовна – екінші санатты мұғалім. Еңбек өтілі 15жыл. Шығармашыл маман. Алға қойған мақсаты – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде оқушылардың оқу әрекеті қалыптасу деңгейін зерттей отырып, оқушыларды шығармашылыққа жетелеу.ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші деңгей бағдарламасын меңгеріп шәкірттерін білім нәрімен сусындатуда,республикалық, халықаралық сайыстарында еңбегі бағаланып, марапатталды.

2ж:
Жарқырап аппақ жүзі де.
Күлімдеп мөлдір көздерің.
Сандығын ашып білімнің,
Ұстатар кілтін ұстазың.
Алдарыңызда 1Б класы.Класта: 27 оқушы
Класс жетекшісі:Ниязова Айгул Жоламановна
Бірінші санатты мұғалім. Еңбек өтілі 17 жыл.Жас ұрпаққа білім беріп, алғаш қалам ұстатуда өз уақытын аямаған, бала бақытын аялаған қадірлі ұстаз.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,болашақ өмірге қадам бастыруда елеулі еңбектері жоғары бағаланып,облыстық ,республикалық байқауларда жарық көрді.

1ж: Ардақты абзал ұстазың,
Мейірімге толы құшағы.
Көрсеткен сара жолымен,
Биікке самғап ұшасың.
Алдарыңызда 1В класы. Класта:25 оқушы
Класс жетешісі:Толеушова Ақгул Амангелдиевна.Еңбек өтілі 6 жыл. Алға қойған мақсаты – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде оқушылардың оқу әрекеті қалыптасу деңгейін зерттей отырып, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып,ауызбіршілікке,білім нәрімен сусындатып, шығармашылыққа жетелеу. «ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша »курстан өтіп,ұстаздық жолды қасиетті санап бүлдіршіндерді сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге баулитын тәжірибелі ұстаз.

2ж:
Тек жүректен арналған сөзіміз де,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз-деп сөз кезегін мектеп директоры
Амитжанова Индира Базаралықызына береміз.

1-Жүргізуші: Құрметті оқушылар Мектеп табалдырығына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қадам басқалы отырған бүлдіршіндердің құрметіне ортаға білімпаз ата келіп қалды.
Біліімпаз ата: Сәлеметсіздер ме? Ата-аналар ,оқушылар!
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын, ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын, ағайын!
1-оқушы: Сәлеметсіз бе,Білімпаз ата?
2-оқушы:Қош келдіңіз?
1-оқушы: Білімпаз ата, Біз ғылымды терең зерттеп, білімді берік игеріп, қиял жетпес ғажайыптардың сырын ашамыз.
2-оқушы: Білім мен еңбек – бәрін де жеңбек. Таңғажайып тамаша істер алтын ұямыз – мектептен басталады.
Білімпаз ата: Бүгінгі ұрпақ – елдің ертеңі. Сендер еліміздің төл перзенттерісіңдер, жас мемлекетіміздің жаңа түлегісіңдер...Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл. 25 жылдың ішінде әлемге әйгілі дүние жүзі таныған өркениетті ел болдық, өмірдегі ең өзекті, сарқылмайтын мол алтына қазына – білім-өнер,
«Мәңгілік Ел» - бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.
«Мәңгілік Ел» - барша қазақстандықтард біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.
«Мәңгілік Ел» - бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея.
«Мәңгілік Ел» - бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі,рух күші, Отанға деген адалдық,еліне шынайы берілгендык, азаматтық борыш
«Мәңгілік ел» құру жолында тыңбай еңбек етіп, білімді берік игеру үшін тиянақты оқып, білімнің мақсатын түсіну қажет. Ата-ана,ұстаз бірлігі – болашақ ұрпақ тірлігі.
1-оқушы: Біз бірінші сыныптан бастап тәуелсіз ел, егеменді ел, еркіндік ел, бостандық дегенді сезініп өсіп келеміз. Біз –осы тәуелсіз елдің, еркін елдің ұрпақтарымызбыз!
2-оқушы: Ұстаздарымыз, өмір көрген әке-шешелеріміз үнемі ұқтырып, үйретіп келеді. Тәуелсіздік – елдігім, еркіндігім, тарихым, тілім, дінім деп, осы елде туғанымды мақтан тұтамын.

1-оқушы: Бақытты біздің балалық шақ,
Бұдан да ғажап болашақ!
2-оқушы: Асулардан өтеміз,
Арманымызға жетеміз!
Бірге: Атқар, дос, елдің мол ісін,
Тыныштық болсын ол үшін!
Білімпаз ата, енді мектеп табалдырығын аттап жатқан бүлдіршіндерге кезек берейік!
2ж:
Жандары қаламайтын аласаны
Шәкірттер алда талай бел асады
Әлемге туған халкын танытатын
Осылар-еліміздің болашағы!-деп ортаға мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 класс бүлдіршіндерін шақырамыз!
(оқушылар тақпақтар оқиды)

1оқушы 1а
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырың.
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
2оқушы:1а
Отан-тарих,Отан-тіл,
Жасаған елің,ер халқың.
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан-осы,достарым,
Көңілге мұны түйе біл
«Отан» деп өс,жас қауым,
3оқушы:1ә
Алтын дәнді даласы бар, .
Төс,алқабы малға толған.
Неткен сұлұ,неткен көркем
Осы менің туған өлкем

4оқушы:1ә
Құқығымды қорғаған,
Ата заңды қолға алған.
Оның әрбір бабымен,
Әділеттік орнаған.
Құқығыңды білгейсің,
Тәртіпті боп жүргейсің
Заңды білсең қашанда
Жаман өмір сүрмейсің..

5оқушы: 1в
Елдігімді сақтаған,
Бар үмітті ақтаған.
Ата заңым әділ деп,
Барша жұртқа мақтанам.
6оқушы: 1в
Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кііш.
Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

7 оқушы:1б
Желбіресе көк туым
Көтерілер шоқтығым
Қазақты әлем таныды
Егеменді ел боп бүгін
Таңдай қаққан шартарап
Көк туымда барша бақ
Қыран самғап барады,
Күнді иыққа арқалап.
8оқушы: 1б
Көк туымнан нұр алдым,
Сол қыранға сыңармын.
Ерікті елдің еншісі-
Еркіндігі қыранның
Еліміздің жалауы
Желбірейді аспанда
Бар әлемге танылып,
Биік тұрар қашанда.

9 оқушы: 1 в
Көк аспандай, көкпеңбек
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен – тек
Елдін ашық қабағы,
Ақ ниетті алтын кун,
Асқақ арман – қыраны
Жалауы бұл халқымнын
Мәртебесі, ту, ары.
(Білімпаз дана бата береді
1-Жүргізуші: «Мәңгілік Ел» -идеясы базасына біріктірілген құндылықтарды,тілдердің үштұғырлылығын,қазақ ұлтының негізі ретінде орта тапты дамытуға негізделген болашақ біртұтас ұлт қана азаматтық орнықты және табысты мемлекеттік ең сенімді іргетасы.
2-Жүргізуші:Бірлік-барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш.Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады.Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт-кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі.

Бірге:
Біздің мемлекетіміздің түп негізі – бұл бейбітшілік және келісім, бірлік және тұрақтылық.

1ж: Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді,
Құрметпен қонақтарға сөз береиік
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

Сөз кезегі бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонағы _______________________________________________________________________
беріледі
2ж:
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып

Алғашқы қоңырау соғылсын! (1,2ж бірге)

1-жүргізуші: Қоңырау соғу рәсімі Мектеп тулектері Жеңіс Айбат ,Айса Ақнұр ,Кенжегарина Анар және мектеп табалдырығын алғаш қадам басқалы отырған балдырғандар Ақбай Раушан ,Шаханов Кунболат,Дарибаев Дидарға беріледі.
(қоңырау соғылады)
1ж:Мектебіміздің жас әншілерінің орындауында Қазақстан әндері Қарсы алыңыздар!
2ж:
Мектеп! Қазақстан Республикасынын мемлекеттік туын алып өтуге түзел! Тiк Тұр! Ту әкетілсін!!

1-Жүргізуші:Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің
2- Жүргізуші:
Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.
1ж:Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.
Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын.
2ж:Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
1ж: Қымбатты ұстаздар,оқушылар,кішкентай бүлдіршіндер!
Жаңа 2016-2017 оқу жылы құтты болсын!
2ж: Жаңа оқу жылында мектебіміздің абыройын асқақтатып,шығармашылық табыстарға жетіп,білімнің биік шыңынан көріне берулеріңізге тілектеспіз. Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіздік тұтқасы-бізге аманат» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Таяуова Салтанат Жұбатқанқызы

Пікірлер: 0

avatar