Тәуелсіздік тұтқасы -бізге аманат

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 169
  • Тәрбие сағаты
  • 02/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21484


Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат»
Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедия, желтоқсанға шыққан жастардың фотолары салынған буклеттер,
шарлар
Жүру барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік тұтқасы –бізге аманат » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз! Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхаммед Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
Көрініс: Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспоранттар бар. Оларға Мөлдір мен Нұрсұлтан да келіп қосылды.
Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды.
Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар!
Жастар: Қазақстан! Қазақстан! деп айқайлады. Мұғалім: бір кезде балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар- деді. Көп ұзамай-ақ бұйрық берген әскери адамның дауысы қатты-қатты шықты: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! – деп айқайға басты. (Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар – көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды.) Мұғалім : Осы жастардың арасынан қара түнегіндей найзағай боп жарқылдап, жыр нөсермен күн шұғыласындай жалпақ әлемге танылған бүкіл адамзатқа жүрек шашқан «Ұлы Қайрат, ақын Қайрат, батыр алты алаштың арасы болған Қайрат кім еді?...» Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болатын. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотащик селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыды. Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. Қабырға газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен әуестенетін.
(Ортаға басын дәкемен ораған Қайрат шығады.) Қайрат (Азамат) : Күнәдан таза арым бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты – құрбандық, Атам десең атыңдар!
Мұғалім :Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді. Оған бағытталған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси «теріс көзқарастағыларға» арналған оқ еді. Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірлі жігіттің «ұлтшыл» атанып, осы кепті киюі ғажап емес-тін.
Ия, қайсар рухты қазақ жігіті орысша, қазақша судай жігерлі, отты жігіт еді. Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.
«Жадымдасың, Желтоқсан!» өлеңі.
1.Желтоқсанның мұзға жанған алауы,
Қайсар рухты ұл – қыздардың қалауы.
Сағым болып ерліктерге шақырды,
Көк ұшында тәуелсіз ел жалауы.

2.Күн шыққанда түнерген бұлт астынан,
Қанат қақты қиялға жас қыран.
Шықты алаңға бейбіт шеру жасауға
«Туған жерім, Қазақстан!» боп ұран.

3.Мұз жастантып, ұрды, соқты, сабады,
«Ұлтшылдар» деп түрмелерге қамады.
Ерліктерін батырлардың Қайраттар,
Ербол, Ләззат, Сәбиралар жалғады.

4.Тәуелсіздік – жастар қаны мұздағы,
Өрімдей жас ұлдары мен қыздары.
Өтсін мейлі жылдар жылжып, ғасырлар,
Жазылмайды жүректегі сыздары.

5.Тәуелсіздік – жалғыз кием ту етер,
Төгілмеді жастар қаны тым бекер.
Ерте солған, үзілген гүл - бәйшешек,
Ерліктерін кейінгі ұрпақ жыр етер.

6.Шындық іздеп шырғалаңда саспаған,
Рухы биік жастарымыз басқадан.
Азаттыќтың ең алғашқы сатысы,
Баспалдағы Желтоқсаннан басталған.

7. Желтоқсанды талай ақын жырлаған,
Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған.
Тұғырыма жаңа қонған Ескерткіш Таусылмайтын сыр маған.

8. Суық еді Желтоқсанның ызғары,
Жібімейтін кез келгенге мұз – қары.
Дүниені дүр сілкінтті сол күні,
Қазағымның ұлдары мен қыздары.

Мұғалім: Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз. Қазақ қыздарымен мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. (суреттірінің алдына гүл шоғын қою)
«Жақсылықтың жаршысысың» өлеңі:
1.
9. Осы жолда сарп етілді тер, жас, қан,
Азат күнді тағат таппай ел тосқан.
Көп аңсаған еркіндікке қол жетті,
Қайғылы да, киелі күн – Желтоқсан!
2.
10.Шығарады ақынымыз сел - дастан
Үмітті ақтар тұлпарымыз ел қосқан.
Бұдан артық не бақыт бар еліме,
Бар бақыттың бастауы осы – Желтоқсан.
3.
11.Мезгіл туды бағалайтын бағыңды,
Өркендейтін даңғыл жолың табылды.
Көркейе бер, кемелденіп, Отаным!
Ешкім енді сындыра алмас сағыңды!

Бірге: Қазақстан! Жаса!Жайна!Астанам! Қорытынды. Мұғалім: Міне, оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 25 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 25 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес еді. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бірақ тәуелсіздікті аңсаған жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Желтоқсан оқиғасы:
- бұл ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады. Осы жерде айтып кеткім келеді, осы Желтоқсан оқиғасына Алға қаласынан қатынасқан азаматтар да бар. Жерлестеріміздің аты-жөні: Арынгазиев Болат және Тулеуов Болат. Бұл азаматтардың да атына күйе жағылып, артынан ақталып шықты. Бойкүйездік жат маған, Елім еркін,шат заман! Мен: Әлемге - Тәуелсіз, Қазақпын,-деп мақтанам! – деп әйгілі ақын Ө.Ақыпбекұлы жырлағандай, бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Ел Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы баршамызға құтты болсын! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған керемет мына сөз жолдарымен аяқтағым келіп отыр: "Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!" . Еліміздің болашағы өздеріңсіңдер балалар, бұл сөздер өздеріңе арналғанын ұмытпағайсыңдар! Осымен 4 сынып оқушыларының дайындаған шағын тәрбие сағаты аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

№35 бастауыш мектебі



Тәрбие сағаттың тақырыбы:


Орындаған:
4 - сынып оқушылары және сынып жетекшісі Бактыбаева Айзат Умирзаковна

2016-2017 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіздік тұтқасы -бізге аманат Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Айзат Өмірзаққызы

№35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar